Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1392 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) таратылатын кәсіпорын кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Білім және министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген тарауда:
      реттік нөмірі 46-жол алып тасталсын;
      2) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 125-жол алып тасталсын.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 405 қаулысының 1-тармағының 5) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 221 -құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 128 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27, 36-құжат).
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов