Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1392 қаулысымен.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, қосымша білім, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 77-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"77-5. Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы";
2) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы"
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 125-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"125. "Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов