Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1362 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық мәслихаттары мақұлдаған Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.
      2. «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 127 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1362 қаулысымен    
бекiтiлген         

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары

1. Жалпы ережелер

      Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»«Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, ЖерЭкология кодекстерінің және қала құрылысын жобалау саласына қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленген.
      Бас жоспарды әзірлеуге Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының», Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 403 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының», Батыс Қазақстан облысының, Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен Орал қаласын дамытуға қатысты басқа да мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың материалдары негіз болды.
      Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданды:

бірінші кезек

2017 жылға дейін

есептік мерзім

болжамды (тұжырымдамалық) кезең

2030 жылға дейін

2040 жылға дейін

2. Бас жоспардың мақсаты

      Қаланың бас жоспарында Орал қаласының аумақтық дамуының, сәулет-жоспарлау құрылымын қалыптастырудың, аумақты функционалды-қалақұрылыстық аймақтарға бөлудің ұзақ мерзімді перспективалары, жалпықалалық объектілерді орналастыру және қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру жөніндегі қағидаттық шешімдер, көше-жол және көліктік қызмет көрсету желілерін дамыту, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, аумақты инженерлік даярлау мен қорғау бойынша ұсыныстар, экологиялық ахуалды жақсарту бойынша қала құрылыстық іс-шаралар айқындалған.
      Бас жоспар:
      1) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың бірінші кезектегі және перспективалы бағдарламаларын;
      2) қала аумағын мұқият жоспарлаудың және оған құрылыс салудың жобаларын;
      3) қоғамдық, іскери, мәдени және сауықтыру орталықтарын дамыту жоспарларын;
      4) тұрғын, өндірістік және коммуналдық-қойма аумақтарын қайта жаңғырту мен дамыту бағдарламаларын;
      5) тарихи құрылыстар мен тарихи және мәдени мұралар объектілерін сақтау, ұқыпты пайдалану және сабақтастықта дамыту жоспарларын;
      6) рекреациялық аймақтардың аумақтарын дамыту бағдарламаларын;
      7) қала ортасын кешенді абаттандыру мен эстетикалық ұйымдастыру жоспарларын әзірлеуге негіз болады.

3. Әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттары

      Бас жоспарда дамудың болжамды кезеңінде Орал қаласы облыстық маңызы бар ірі қала, Батыс Қазақстан облысының экономикалық және мәдени орталығы, өнеркәсіптік экспортқа бағдарланған, ғылыми-инновациялық, өңіраралық аса ірі орталық, Қазақстанның батыс өңірінің инженерлік-көліктік логистикалық торабы ретінде қарастырылады.
      Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары оның орнықты және кешенді дамуын қамтамасыз етуге, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін, әл-ауқатын көтерумен және өмір сүру жағдайын жақсартумен айқындалатын адами әлеуетін арттыруға бағытталған.
      Болжамды мерзім ішінде қаланың экономикасын дамыту үшін жобада өндірістік сектордың ғылыми-техникалық, инновациялық әлеуетін арттыру, өндірістік аймақтарды қалыптастырудың кластерлік жүйелерін және жоғары сапалы өнім өндіруге қол жеткізуге ықпал ететін және республикада, сондай-ақ шетелде бәсекелік артықшылықтарды қамтамасыз ететін өнеркәсіпті дамытудың басқа да озық әдістерін қолдану ұсынылады.
      Есепті мерзімге дейінгі кезеңде инновациялық даму өңдеуші өнеркәсіпте және өндіріс пен көрсетілетін қызметтердің басқа да салаларында қолайлы кәсіпкерлік ахуалды қалыптастырады, жеке секторды ынталандыруға және бәсекелестік басымдықтарды жетілдіруге бағытталған қоғамдық институттарды құрылымдық тұрғыдан қайта ұйымдастырады, бұл өз кезегінде, ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістерді құруға ықпал етеді.

1. Демография және халықты жұмыспен қамту

      Қазіргі кезде Орал қаласында 278,1 мың адам тұрады.
      Демографиялық тәсілмен анықталған халықтың келешектегі саны есептік мерзімге 325,0 – 350,0 мың адамды құрайды. Бас жоспардағы аумақтарды жоспарлы ұйымдастыру және экономиканы дамыту бойынша жобалық ұсыныстарды, қаланың өмір сүру ортасын жақсарту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру процесі қала халқын жұмыспен қамту деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін болады. Қазіргі кездегі еңбек ресурстарының қорлары өндіріс және қызмет көрсету салаларында іске қосылатын болады.

2. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс

      Есептік мерзімде тұрғын үй қорымен орташа қамтамасыз етілу бір адамға 25 шаршы метр тұрғын алаңы көлемінде қабылданды.
      Есепті мерзімдегі жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі 3877,5 мың шаршы метрді, оның ішінде бірінші кезекте – 897,7 мың шаршы метрді құрайды.
      Бас жоспарда тұрғын үйлерді төмендегідей құрылыстық аймақтарға бөлу қабылданды:
      1) үй маңындағы учаскелері бар үйлер – 889,0 мың шаршы метр – 23,0 %;
      2) аз қабатты (2-3 қабатты) үйлер – 158,2 мың шаршы метр – 4,0 %;
      3) орташа қабатты (4-5 қабатты) үйлер – 1381,1 мың шаршы метр – 35,6 %;
      4) көп қабатты (6 және одан көп) қабатты үйлер – 1449,2 мың шаршы метр – 37,4 %.
      Тұрғын үй құрылысы халықтың барлық топтарын, ипотекалық, муниципалдық, кредиттік, элиталық тұрғын үйлерді қоса алғанда, тұрғын үй қорымен қамтамасыз етуге бағдарланған. Жобалық кезеңдегі тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қажетті аумақ 2700,0 гектарды құрайды.
      Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерде (бұдан әрі – ТЭК) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 31 бұйрығымен қабылданған және 2009 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілген «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу» 3.01-01-2008* ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес орындалған қоғамдық мақсаттағы объектілерге қажеттілік есептері келтірілген. Соның ішінде, есепті мерзім ішінде сыйымдылығы 13436 орындық жаңа балабақшалар, 10649 оқушыға арналған жаңа жалпы білім беретін мектептер, 3101 адам қабылдайтын емханалар, 125 төсек-орынға арналған аурухана кешендері мен басқа да әлеуметтік мақсаттағы нысандарды салу жоспарланып отыр.
      Бас жоспар жобасында есепті мерзім ішінде 1200 орынға арналған кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерін салу көзделген.
      Есепті мерзімге дейін жобада мәдени мекемелердің жұмысын одан әрі жетілдіру және қызметтің жаңа түрлерін енгізу арқылы мәдени мекемелер желісін сақтау және дамыту қарастырылған.
      Бас жоспарда жобалық кезеңде жобалаудың келесі сатысында ескерткіштер орналасқан жер учаскелерінің шекарасы мен қала құрылысын реттеу аймағын белгілей отырып, қаладағы барлық тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштерін сақтау, қалпына келтіру қарастырылады.

3. Экономикалық қызмет

      Бас жоспарда Орал қаласын қала құрылыстық дамытудағы басым бағыт болып қаланың орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі элементі ретінде оның өндірістік қуаттарын одан әрі жаңғырту және әртараптандыру белгіленді.
      Қала экономикасының одан әрі тиімді дамуы, оның экономикалық бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін қолданыстағы ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары базасында, негізінен, өңдеуші өнеркәсіпте өндірістерді ұйымдастырудың кластерлік қағидаттарын одан әрі дамыту қажет.
      Орал қаласында ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді басым тәртіппен дамыту ұсынылады.
      Күнделікті сұранысқа ие өнімдерді өндіретін, сондай-ақ өңіраралық сауда мен экспортқа шығаруға арналған ұзақ мерзімді сақтау мерзімдері бар тасымалдауға жарайтын түпкілікті өнімдер өндіретін кәсіпорындар басымдықпен дамытылатын болады.
      Орал қаласын тамақ өнімдерімен орнықты қамтамасыз ету үшін қала маңы аймағы мен облыс аумағында ет және сүт өнімдерін, дәнді дақылдар мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін қолданыстағы өндірістерді дамыту және жаңаларын құру, сонымен бірге жылыжайлар мен агроөнеркәсіптік логистикалық кешендер салу ұсынылады.
      Қаланы дамытуға қатысты құрылыс кешенін қамтамасыз ету үшін «Құрылыс материалдары және конструкциялар», толық құрастырылатын үй құрылысы кластерін дамыту көзделіп отыр.

4. Қала құрылысын дамыту

1. Аумақты сәулеттік-жоспарлы ұйымдастыру

      Аумақты келешекте сәулеттік-жоспарлы ұйымдастыру салынып жатқан құрылысқа, жоспарланған шектеулер мен табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру қажеттігіне байланысты айқындалады.
      Қаланың жоспарлы құрылымы табиғи және көліктік қаңқалардан құрылады.
      Табиғи қаңқа – бұл Жайық, Шаған, Деркөл өзендері.
      Көліктік қаңқа – теміржол магистралі, Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Атырау және Ресей Федерациясының Самара, Орынбор қалаларына шығатын жалпықалалық маңызы бар автомагистральдар.
      Орал қаласы солтүстік-шығыс және батыс бағыттары бойынша аумақтық дамып келеді. Солтүстік-шығыс бағытында қала Зеленов ауданының Кирсанов ауылына апаратын автожол мен Жайық өзені аралығында дамитын болады. Солтүстік-шығыс бағытында негізгі жоспарлаудың өзегі Әбілхайыр хан жалпықалалық магистральды көшесін жалғастыру болып табылады, оның бойына орташа қабатты тұрғын үйлер мен таунхаустар, ал аумақтың басым бөлігінде үй маңындағы учаскелері бар аз қабатты тұрғын үйлер салу қарастырылған. Батыс бағытында қала Орал қалалық әкімшілігінің Деркөл және Зачаганск кенттері аудандарындағы жаңа аумақтарды игеретін болады. Қаланың бұл бөлігінде үй маңындағы учаскелері бар аз қабатты тұрғын үйлер салынады.
      Қаланы дамытудың маңызды аспектілерінің бірі тарихи объектілерді барынша сақтау, ескі, құны аз үйлерді бұзу, зиянды өндіріс шығарындылары бар өнеркәсіп кәсіпорындарын қала сыртына шығару арқылы қалыптасқан құрылысты ретке келтіру болып табылады.
      Қала аумағын жоспарлы ұйымдастыру барысында қолданыстағы өндірістік және коммуналдық-қоймалық алаңдарды ретке келтіру, оларды орналастыруға қойылатын экологиялық және технологиялық талаптарды есепке ала отырып, аталған аумақтарды тиімді пайдалану арқылы өнеркәсіпті перспективалы дамыту көзделеді.
      Жобада қала маңындағы және су нысандарының жайылма алқаптарындағы жасыл желектерді барынша сақтап қалу арқылы рекреациялық мақсаттағы объектілерді дамыту, қала құрылыстық және басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес әртүрлі мақсаттағы жасыл аумақтарды (бақтар, саябақтар, желекжолдар, арнайы және санитариялық-қорғау аймақтарын) дамыту көзделеді.
      Қала ортасындағы кеңістікті ұйымдастыру қоғамдық қызмет көрсету орталықтарын жасақтаумен бірге магистральаралық аумақтарды, шағын аудандарды құруды қарастырады.
      Жалпықалалық және аудандық магистральдар жүйесі қоныстану аймақтары мен өнеркәсіп аймақтары арасында, сондай-ақ қоныстану аумағындағы тұрғын үй шағын аудандары арасында қолайлы көлік қатынасын ұйымдастыру ескеріле отырып қабылданды.

2. Қала құрылысын аймақтарға бөлу

      Қала аумақтарын қала құрылыстық аймақтарға бөлу:
      1) тіршілік әрекетіне қолайлы және қауіпсіз орта құруға;
      2) аумақты және халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен қорғауға;
      3) халық пен өндірістің шамадан тыс шоғырлануын, қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмауға;
      4) ерекше қорғалатын аумақтарды, соның ішінде табиғи ландшафтарды, тарихи-мәдени мақсаттағы объектілер аумағын, қала шекарасындағы орманды жерлер мен су нысандарын қорғау мен пайдалануға бағытталған.
      Жоспарланған шектеулер мен аумақты заманауи пайдалануды ескере отырып, әрбір жоспарланған аумақтық бірліктің функционалдық мақсаты мен оны қарқынды пайдалану белгіленді.
      Қала аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөлінген:
      1) тұрғын үй аймағы;
      2) қоғамдық (қоғамдық-іскери) аймақ;
      3) рекреациялық аймақ;
      4) инженерлік және көліктік инфрақұрылым аймақтары;
      5) өнеркәсіптік (өндірістік) аймақ;
      6) режимдік аумақтар аймағы;
      7) санитариялық-қорғау аймақтары.
      Әрбір қалақұрылыстық аймақ үшін оларды пайдалану және пайдалануды шектеу бойынша регламенттер анықталды.

5. Көліктік инфрақұрылым

      Орал қаласының көлік жүйесінде әуе, темір жол, автомобиль және су көлігі түрлері қолданылады.
      Бас жоспарда әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдауға мүмкіндік беру үшін Орал қаласы әуежайының жолаушылар терминалын, ұшу-қону жолағын және навигация жүйесін қайта жаңғырту көзделген. Перспективада жүк терминалын кеңейту межеленіп отыр.
      Теміржол көлігімен тасымалдаудың айтарлықтай өсуі теміржол торабын жаңғыртуды және дамытуды қажет етеді.
      Есепті кезеңнің аяғына қарай қала көшелері мен жолдарының жалпы ұзындығы шамамен 936 километрді құрайды, соның ішінде магистральды көшелердің ұзындығы 336 километрді, велосипед жолы – 180 километрді құрайды.
      Көше-жол желісінің жүйесі қаланың жоспарлы құрылымының тұрақты элементі мен қаңқасы ретінде Орал қаласының келешектегі қалақұрылыстық дамуының негізі болып табылады.
      Жобалық кезеңде көше-жол желісін дамыту:
      1) қаланың қоныстану құрылысын айналып, қаланың шеткі бөлігі бойынша өтетін транзитті жүк автокөлігінің қозғалысына арналған сыртқы айналма жолды жасауды;
      2) орташа жартылай айналма жасауды – Шаған-Набережная көшесін солтүстік бағыт бойынша Шолохов көшесінің қиылысына дейін қиып өту;
      3) шағын жартылай айналма жасау – Әйтиев көшесі – Әбілхайыр хан даңғылының С.Датов көшесімен қиылысқан жеріне дейін;
      4) шығыс жоспарлау ауданында, Ружейников көшесінің жалғасы ретінде меридионалды бағыттағы жаңа магистралдық көшені өткізу;
      5) солтүстік бағытқа қарай сыртқы айналма автожолға дейін М.Мәметова көшесін өткізу.
      Бас жоспарда есептік мерзімге автокөліктің келешектегі өсуін ескере отырып, басты көшелердің көлденең пішіні белгіленген. Бас жоспарда сыртқы автожолдардың жалпықалалық магистраль көшелермен, негізгі жалпықалалық магистраль көшелердің өзара қиылысу орындарында әртүрлі деңгейлерде көлік тораптарын салу аумақтары резервке алынған.
      Орал қаласының келешектегі көше-жол желісінің орташа тығыздығы шаршы километрде 2,1 – 2,4 километр шегінде магистраль көшелердің тарамдалған айналмалы сызбасымен анықталады.
      Бас жоспарда жалпы алғанда 5 көпір, оның ішінде: бірінші кезекте Шаған өзені арқылы өтетін көпір салу, есепті кезеңде – Жайық өзені арқылы өтетін көпір салу, есепті мерзімнен тыс – Жайық өзені арқылы өтетін көпір және Шаған өзені арқылы екі көпір салу жоспарланып отыр.

6. Инженерлік инфрақұрылым

1. Сумен жабдықтау

      Қаланың тұрғын үй-коммуналдық саласы мен өнеркәсіптік кәсіпорындарын сумен жабдықтау екі су көзінен жүзеге асырылады:
      1) ашық жерүсті суын алу – Жайық өзені;
      2) жерасты суын алу – Орал жер асты сулары кен орны.
      Сумен жабдықтаудың жоспарлы сызбасында су алу құрылыстарын қайта жаңғырту және қалпына келтіру арқылы екі сумен жабдықтау көзін пайдалану сақталады.

2. Су бұру

      Су бұрудың қалыптасқан жүйесі сақталады. Көпқабатты құрылыс ағынды суларды кәріздік тазарту құрылыстарына бұру арқылы орталықтандырылған кәріздік жүйемен қамтамасыз етіледі. Кәріздік тазарту құрылыстарынан сарқынды суларды қаланың жасыл белдеуіндегі жасыл желектерді суаруға бұруға мүмкіндік беретін толық заманауи тазарту жабдықтарымен жарақтандыру арқылы жаңғырту көзделіп отыр.
      Үй маңындағы құрылысы бар аудандарда жергілікті тазарту құрылыстарын орнату арқылы орамдарда су бөлу жүйелерін салу көзделеді.

3. Қала аумағын санитариялық тазарту

      Жылына бір адамға шаққанда қатты тұрмыстық қалдықтардың (бұдан әрі – ҚТҚ) жиналуының болжамды көрсеткіші 2,0 текше метрді құрайды. Есепті кезеңнің аяғына қарай ҚТҚ жалпы көлемі 650,0 мың текше метрді немесе 143,0 мың тоннаны құрайды.
      Қоқыс сұрыптау зауытын салу арқылы ҚТҚ жинау полигонын кеңейту ұсынылады.

4. Жылумен жабдықтау

      Есепті мерзімде тиімділігі жоғары жаңа жабдықтар орнату, газтурбиналы қондырғылар салу жолымен Орал жылу электр орталығын (бұдан әрі – ОЖЭО) толық жаңғырту жоспарланған. Жылумен жабдықтау жүйесіне арналған ыстық су алу үшін қалдықтарды жоятын қазандықтарда шығатын ыстық газдың жылуын кәдеге жарату қарастырылады.
      Есепті мерзімге дейінгі кезеңде қолданыстағы тозығы жеткен магистральды жылу желілерін қайта қалпына келтіру және ауыстыру көзделуде. Бірінші кезекте, жабдықтарды ауыстыру арқылы қолданыстағы барлық жылу пункттерін жаңғырту межеленген.
      Солтүстік-Шығыс және Батыс жоспарлы аудандарында қоғамдық және тұрғын үй қорын жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жылу қуаты 72 және 106 Мвт құрайтын газды қосымша қайта жандыратын екі жаңа газэнергетикалык жылу станцияларын (бұдан әрі – ГЭЖС) салу жоспарланып отыр.
      Орал қаласының жалпы жылу жүктемесі 1732,4 МВт құрайды.

5. Газбен жабдықтау

      Орал қаласын қаланың солтүстігінен тартылатын «Орынбор (Ресей Федерациясы)–Новопсковск (Қазақстан Республикасы)» магистральды газқұбырынан алынатын табиғи газбен жабдықтау сақталады.
      Жоғары, орташа және төмен қысымды газ құбырлары арқылы қала бойынша газ тарату жүйесі сақталып қалады. Табиғи газды ірі тұтынушы Орал ЖЭО болып қала береді. Есепті мерзімде газ тұтыну ЖЭО қуатының 150 МВт-қа дейін өсуіне және қуаты 25 Мвт ГЭЖС бірінші кезегінің жұмыс істеуіне байланысты ұлғаяды және жылына 240,6 миллион текше метрді құрайды. Бұдан басқа, әрқайсысының қуаты 54,37 және 31 Мвт құрайтын жеке тұратын 3 ГЭЖС салу көзделуде. ГЭЖС-тердегі газдың жалпы шығысы жылына 238,0 миллион текше метрді құрайды.
      Есепті мерзімге қарай Орал қаласы бойынша газдың жылдық шығысы жылына 562,98 миллион текше метрді құрайды.

6. Электрмен жабдықтау

      Қала мен облыстың электрмен жабдықтау объектілерінің өндіру және қызмет көрсету бойынша негізгі көзі ОЖЭО болып табылады. ОЖЭО белгіленген қуаты 58,52 МВт құрайды. Электр энергиясы қосымша Ресей Федерациясы Саратов облысының Балаков атом электр станциясынан және Қазақстан Республикасының Атырау облысынан алынады.
      Қаланың өсіп отырған электр жүктемесін жабу үшін 2030 жылға дейін ОЖЭО-да қосымша газтурбиналы қондырғыны іске қосу және оның жиынтық қуатын 180 МВт-қа дейін жеткізу көзделеді.
      Есепті мерзім кезеңіне қаланың электрмен жабдықтау жүйесін дамыту мынадай негізгі бағыттарға негізделеді:
      1) ескірген және тозған электр желілері объектілерін одан әрі жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру;
      2) кернеуі 35 кВ кіші станцияны 110 кВ ауыстыру;
      3) әуе желілерін кәбілді электр желілеріне ауыстыру.

7. Инженерлік дайындық және аумақты инженерлік қорғау

1. Аумақты инженерлік дайындау

      Аумақты инженерлік дайындау барысында мынадай іс-шаралар атқарылады:
      1) аумақты тігінен жоспарлау;
      2) жер үсті ағыстарын ұйымдастыру;
      3) аумақты жерасты суларының басуынан қорғау;
      4) аумақты Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің тасқын суларының басуынан қорғау;
      5) өзендердің жағалауларын бекіту мен абаттандыру;
      6) жасыл желектерді суару.
      Жобада жерүсті суларын бұруды аралас тәсілмен жүзеге асыру көзделген: ашық (астаулар, арықтар, жыралар) және жабық (коллекторлар) нөсерге арналған кәріз. Қала аумағының жер бедеріне сәйкес нөсерге арналған кәріз салынатын құрылыстың аумағында кәріздендіру бірнеше алапқа бөлінеді. Әрбір алап аумағынан аққан жерүсті суының ағысы ашық арық жүйесі мен өздігінен ағатын жабық жауын коллекторлары арқылы жауын-шашын жиналатын су қоймасына жиналады, әрі қарай қысымды құбырлармен қоқысты, мұнай өнімдерін тосып алатын арнайы тазарту құрылыстарына және сорғыларға тұндыруға барады.

2. Аумақты Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің тасқын суларынан
инженерлік қорғау

      Аумақты инженерлік қорғау мынадай іс-шараларды қамтиды:
      1) аумақтарды Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің тасқын сулары басуынан қорғау;
      2) өзендердің жағалау белдеулерін бекіту және абаттандыру.
      Бас жоспарда ескі су қорғау бөгеттерін қалпына келтіру мен жаңаларын салу жоспарланған. Бұл бөгеттерді салу үшін жергілікті материалдар мен топырақ қолданылатын болады.
      Қала аумағын тасқын судан қорғайтын бөгеттердің бойымен жабық сусіңгіш құбырлы коллектор орнату көзделеді.
      Жобада жағалауларды күшейту, Жайық және Шаған өзендерінің жағалауларын абаттандыру жұмыстары қарастырылған.
      Қатты су тасқындарын апатсыз өткізу және Шаған су қоймасы аймағындағы тұрғын алқаптар мен әлеуметтік объектілерді су басуды болдырмау үшін Орал қаласының шегінде қосымша апатты су ағызғыш салу көзделеді.

3. Өрт қауіпсіздігі

      Қазіргі кезде қала аумағында 19 өрт автокөлігіне есептелген 5 өрт депосы орналасқан.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 177 бұйрығымен қабылданған және 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген «Өртке қарсы қызмет органдары объектілерін жобалау нормалары» 2.02-30-2005 ҚР ҚН-ге сәйкес келешекте халық саны 325 мың адамды құрайтын және 25750 гектар аумағы бар Орал қаласы үшін 92 өрт автокөлігі бар барлығы 14 өрт депосы қажет. Есепті мерзімнің соңына қарай қолданыстағы 5 өрт депосынан басқа 9 жаңа өрт депосын салу қажет. Ол үшін өрт деполарының құрылысына жер учаскелерін резервте ұстауды қарастыру қажет. Жобада төтенше жағдай құтқарушыларын даярлайтын оқу-жаттығу орталығын ашу көзделген.
      Құрылыс шекарасынан орман алқаптарына дейін кемінде 100 метр, ал маңындағы учаскелері бар жеке құрылыс аудандарынан орман алқаптарына дейін кемінде 50 метр өртке қарсы арақашықтықтарды сақтау қажет.
      Қаланың айналасында, магистральды темір жолдар мен автокөлік жолдарының бойында, электр беру желілерінде, қылқан жапырақты көшеттер мен орман алқаптарында қорғаныш минералданған жолақтар қарастырылған.

8. Шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала
бағалау (алдын ала ҚОӘБ)

      Қалада атмосфералық ауаны ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, автокөлік, ОЖЕО және қазандықтардың шығарындылары ластайды.
      Зиянды заттардың орташа жылдық шоғырлануы шекті рұқсат етілген концентрация (бұдан әрі – ШРК) шамасынан аспайды.
      Атмосфералық ауаның жағдайы атмосфераның ластану индексімен (бұдан әрі – АЛИ5) сипатталады. Атмосфераның ластану индексінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасы қалаларының арасында Орал қаласы 15-орынды иеленеді.
      Су объектілерін ластайтын негізгі көздер – «Орал Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен ОЖЭО-дан Жайық өзеніне ағатын шартты-таза судың екі шығарылымы. Жерүсті сулары сапасы жағынан «біркелкі-ластанған» болып бағаланады.
      Қаланың әртүрлі аудандарынан іріктеліп алынған топырақ сынамасында ауыр металл концентрациясы ШРК шегінде болды.
      Бас жоспарда қарастырылып отырған аумақтың техногендік әсерін төмендету мен қоршаған ортаның сапасын арттырудың мынадай жоспарлы шешімдері қабылданды:
      1) қолайлы инженерлік-геологиялық жағдайлары бар солтүстік-шығыс және ішінара батыс және оңтүстік-батыс бағыттарында қаланы аумақтық дамыту;
      2) зиянды өндірістік қалдықтар шығаратын кәсіпорындарды қаланың сыртына шығару арқылы қала аумағын нақты функционалды аймақтарға бөлу негізінде сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру;
      3) қолданыстағы өнеркәсіптік аумақтарды, осында жаңа кәсіпорындар орналастыру арқылы реттеу мен тығыздау;
      4) Теректі ауданының Ақсуат кентінде өнеркәсіптік аймақты кеңейту есебінен өнеркәсіптік аумақтарды ұлғайту;
      5) айналма транзитті автомагистраль салу;
      6) бау-бақша, саябақ, демалыс орындары мен туризм, сондай-ақ Жайық өзенінің жағалауына демалыс және сауықтыру мақсатындағы объектілерді салуды көздейтін рекреациялық жүйені қалыптастыру;
      7) ені 1000 метр су қорғау аймағын және Жайық өзенінде және оның сағаларында 35-100 метр су қорғау белдеулерін ұйымдастыру және абаттандыру, оларды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу;
      8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» санитариялық ережелеріне сәйкес өнеркәсіптік және қоныстандыру аумақтары арасында санитариялық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру;
      9) қала маңындағы жасыл аймақ, орман саябақ аймағы, саябақтар, гүл бақтар, желекжолдар, саяжолдар, жол үстіндегі жасыл жолақтар, санитариялық-қорғау және су қорғау аймақтарын сақтап, дамытудан тұратын көгалдандыру жүйесін құру.
      Қаланың экологиялық жағдайын тиімді жақсартуға мынадай техникалық және технологиялық іс-шаралар әсер ететін болады:
      1) жаңа технологиялар мен жабдықтар енгізу арқылы қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту;
      2) өнеркәсіп, энергетика және қала шаруашылығының объектілерін заманауи газдан тазарту, шаң сору және су тазалау жабдықтарымен жарақтандыру;
      3) сумен жабдықтаудың және су бұрудың орталықтандырылған жүйелерін қалпына келтіру мен кеңейту;
      4) жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесін қалпына келтіру, ОЖЭО-ны кеңейту және екі ГТЭС салу;
      5) ҚТҚ өнеркәсіптік қайта өңдеу, ҚТҚ жетілдірілген полигонында тұрмыстық қалдықтарды қаттау, өндірісте екінші рет пайдаланылатын ресурстарды кәдеге жарату мен пайдалану;
      Ұйымдастыру іс-шаралары мыналарды қамтиды:
      1) электрондық деректер қорын және оларды басқарудың технологияларын жасақтау арқылы атмосфераны, жерүсті және жерасты суларын, геологиялық ортаны, геофизикалық алаңды және тағы да басқа салаларды экологиялық-геохимиялық мониторингтеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру;
      2) кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапасын және өнім сапасын басқарудың ИСО 14000, ИСО 9000 халықаралық стандарттары жүйесін енгізу;
      3) табиғатты тиімді пайдалануға бағдарланған экономикалық ынталандыру жүйесін енгізу.
      Аумақты нақты фукционалдық аймақтарға бөлу негізінде сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру, жалпықалалық орталық жүйесін одан әрі қалыптастыру мен көгалдандыру, орман-саябақты және рекреациялық аймақтар құру, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғындардың Орал қаласында тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін болады.

9. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы бас жоспарының негізгі
техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Р/с

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Қазіргі жағдайы

Бірінші кезек

Есепті мерзім

1

2

3

4

5

6


Аумағы





1.

Қаладан тыс аумақтағы елді мекен жерлерiнiң көлемi, барлығы

га

20983,0

20983,0

25750,0


оның ішінде:





1)

тұрғын үй құрылысы

-

2887,7

3745,0

7145,4


оның ішінде:






үй жанындағы жер учаскесі бар үй-жайлық құрылыс

-

1553,8

2163,4

5217,4


аз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы (2-3 қабатты)

-

231,8

231,8

231,8


орташа қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы (4-5 қабатты)

-

714,7

872,9

1087,1


көп қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы (алты және одан да көп қабатты)

-

387,4

477,3

609,1

2)

қоғамдық құрылыс

-

236,8

260,6

505,9

3)

өнеркәсіптік құрылыс

-

708,0

729,0

810,0

4)

көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар (теміржол, автокөлік, өзен, теңіз, әуе және құбыржол желісі)

-

1611,2

1767,0

2875,0

5)

ормандар мен орман бағы

-

6781,0

6781,0

6781,0

6)

су айдындары мен акваторий

-

1494,0

1494,0

1546,0

7)

Ауыл шаруашылығында пайдалану

-

3085,2

2429,7

1933,0

8)

жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер

-

80,4

168,0

325,0

9)

резервтік

-

500,0

0

0

10)

арнайы мақсаттағы аймақ аумағы

-

80,0

80,0

80,0

11)

санитариялық желден қорғау аймақтары

-

170,0

180,0

400,0

12)

Құрылысқа қолайсыз, жарамсыз аумақтар

-

3348,7

3348,7

3348,7

2

Халқы





1)

қала халқының саны

мың адам

243,5

262,0

325,0

2)

халықтың жас ерекшелігі:

мың адам/%

243,5/100

262,0/100

325,0/100


15 жасқа дейінгі балалар

-

49,5/20,3

52,9/20,2

66,3/20,4


еңбекке жарамды жастағы халық (ерлер 16-62 жас, әйелдер 16-57 жас)

-

163,3/67,1

176,3/67,3

219,3/67,5


еңбекке жарамды жастан жоғары жастағы халық

-

30,7/12,6

32,8/12,5

39,4/12,1

3)

отбасылар мен жалғызбасты адамдар саны, барлығы

бірлік

75393

79390

100728


оның ішінде:






отбасылар саны

-

60941

65572

81553


жалғызбасты тұрғындар саны

-

14452

15550

19175

4)

еңбек ресурстары, барлығы

мың адам

122,5

131,7

163,1


олардың ішінде:






экономикалық жағынан белсенді халық, барлығы

мың адам

114,5

125,5

159,9


оның ішінде:






экономика саласында жұмыс істейтіндер

-

106,5

119,3

156,6


олардың ішінде: өз бетімен жұмыс істейтіндер


13,5

17,4

26,0


жұмыссыздар

-

8,0

6,2

3,2

3

Тұрғын үй құрылысы





1)

тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың м2

4374,1

5240,0

8125,0

2)

жалпы қордан:






көппәтерлі үйлерде

-

3230,2

3771,7

6218,6


үй жанында жер учаскелері бар бірпәтерлі үйлерде

-

1143,9

1468,3

1906,4

3)

70 %-дан астамы ескірген тұрғын үй қоры, барлығы

-

126,5



4)

сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы

-

4374,1

4342,1

4247,6

5)

қабаты бойынша тұрғын үй қорын бөлу:






оның ішінде:






азқабатты

-

1607,5

1945,8

2528,2


оның ішінде құрылыста:






үй жанында жер учаскесі бар бірпәтерлі аз қабатты

-

1143,9

1468,3

1906,4


2-3 қабатты

-

463,6

477,5

621,8


орташа қабатты (4-5-қабатты) көппәтерлі

-

1720,8

1803,9

3101,9


көпқабатты көп пәтерлі

-

1045,8

1490,3

2495,0

6)

тұрғын үй қорының кемуі, барлығы

-

-

32,0

126,5


оның ішінде:






техникалық жағдайы бойынша

-

-

32,0

126,5


тұрғын үй қорының мыналарға қатысты кемуі

%

-

4,3

7,1


қазіргі тұрғын үй қорына

-

-

0,7

2,9


жаңа құрылысқа

-

-

3,6

4,2

7)

жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы

жалпы көлемінің мың м2

-

897,7

2979,6

8)

қабаттылығына байланысты жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы






оның ішінде:






азқабатты қор

-

-

370,3

676,9


оның ішінде:






үй жанында жер учаскесі бар бірпәтерлі аз қабатты үйлер

-

-

356,4

532,6


2-3 қабатты қор

-

-

13,9

144,3


орташа қабатты (4-5 қабатты көппәтерлі

-

-

83,1

1298,0


көп қабатты көппәтерлі

-

-

444,5

1004,7

9)

жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен орналастырылатындар:






бос аумақтарға

-

-

-

3163,6


қазіргі құрылысты қайта жаңарту есебінен

-

-

-

713,8

10)

Жылына орта есеппен жаңа тұрғын үй қоры жалпы ауданының енгізілуі

мың м2

-

-

184,6

11)

халықтың пәтерлердің жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілуі

м2/адам

18

20

25

4

Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері





1)

мектепке дейінгі балалар мекемелері

орын

6730

7090

20166


қамтамасыз етілу деңгейі

%

59,0

43,6

100,0

орын/ 1000 адамға

27,6

27,1

62,0


жаңа құрылыс

орын


360

13076

2)

жалпы білім беретін мекемелер, барлығы/1000 адамға

-

36070

37870

46719


қамтамасыз етілу деңгейі

%

-

100

100

орын /1000 адамға

-

144,5

143,7


жаңа құрылыс

орын

-

1800

8849

3)

ауруханалар, барлығы/1000 адамға

төсек-орын

2800/11,5

2355/9,0

2275/7,0

4)

емханалар, барлығы / 1000 адамға

ауысымға келушілер

3399/14,0

3844/14,7

6500/20

5)

әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері (интернат үйлері)

орын, барлығы/ 1000 адамға

1352/5,5

7712/29,4

9388/28,9

6)

дене шынықтыру-спорт құрылыстары

га, барлығы /1000 адамға

47,1/0,1

183,4/0,7

228/0,7

7)

ойын-сауық-мәдени мекемелер (театр, клуб, кинотеатр, мұражай, көрмелер мен т.б.),

орын, барлығы /1000 адамға

2885/11,7

32817/125,3

41500/127,7


би залдары

-

-

1660/6,3

2100/6,5


клубтар

-

1295/5,3

22120/84,4

27992/86,1


кинотеатрлар

-

500/2,1

6916/26,4

8751/26,9


театрлар

-

1055/4,3

1750/6,7

1750/5,4


концерт залдары

-

-

980/3,7

1780/5,5


цирктер

-

-

1750/6,7

1750/5,4


әмбебап спорт-ойын сауық залдары

-

-

1680/6,4

3150/9,7

8)

сауда кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға

м2 сауда алаңы

74037/302

79648/304

98800/304

9)

қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы/ 1000 адамға

отырғызу орны

3252/13

10480/40

13000/40

10)

тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға

жұмыс орны

840/3,4

2358/9

2925/9

11)

қонақ үйлер

орын

1461

1572

1950

12)

өрт сөндіру депосы

өрт депосы/ авто

5/19

6/25

14/92

5

Көлікпен қамтамасыз ету





1)

көшелер мен жолдардың ұзындығы, барлығы оның ішінде:

км

525

780

1150

2)

жалпы қалалық маңызы бар магистральдық көшелер

км

88

107

142

3)

көпірлер

дана

6

7

8

4)

жол өтпесі

-

5

7

13

5)

көше-жол тораптарының тығыздығы

км/км2

-

2,2

2,4

6

Инженерлік жабдықтар





1)

сумен жабдықтау:






су тұтыну, жиынтық пайдалану, барлығы

мың м3/тәу.

50,3

94,4

117,9


оның ішінде:
шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне

-

25,7

75

94,9


өндірістік қажеттіліктерге

-

24,6

19,4

23


бас су құбыры құрылыстарының қуаты

-

50

110

130


жерасты су бөгеттері

-

65,6

65,6

65,6


жерүсті су бөгеттері

-

70,5

70,5

70,5


жерасты суларының бекітілген қорлары

-

136,1

136,1

136,1


тәулігіне 1 адамға орташа есеппен үлестік су тұтыну

тәу/л

207

360

363


оның ішінде:
шаруашылық- ауыз су қажеттілігіне

-

106

286

292


желілер ұзындығы

км

352

413

453

2)

кәріз






сарқынды сулардың жалпы түсімі

мың м3/тәу.

27,3

65,3

82


оның ішінде:
тұрмыстық кәріз

-

23,3

56,7

72,1


өндірістік кәріз

-

4

8,6

9,9


кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігі

-

50

115

115


желілер ұзындығы

км

115

144

196

3)

электрмен жабдықтау






электр энергиясын жалпы тұтыну, оның ішінде:

МВт

65

139,36

167,54


коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге

-

32,1

106,46

134,64


өндірістік қажеттіліктерге

-

32,9

32,9

32,9


жүктемелерді жабу көздері

-

65,52

112,52

180,52


желілер ұзындығы

км

168

178

192

4)

жылумен жабдықтау






орталықтандырылған көздер қуаты, барлығы

МВт

701,29

1336,3

1732,4


жылу үшін тұтыну, барлығы

-

525,9

758,6

1100,12


оның ішінде:
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге

-

420,7

607,16

903,36


өндірістік қажеттіліктерге

-

105,1

151,44

196,76


тұтыну, ыстық сумен жабдықтау, барлығы

-

45,2

98,51

122,2


желілер ұзындығы

км

58

70

86

5)

газбен жабдықтау






табиғи газды пайдалану, барлығы

млн. м3/жылына

378

499,57

562,98


оның ішінде:
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге

-

129,6

192,97

249,58


өндірістік қажеттіліктерге

-

248,4

306,6

313,4


қаланың, басқа елді мекеннің отын балансындағы газдың үлес салмағы

%

91,2

95

100


желілер ұзындығы

км

122

135

153

6)

телефонмен жабдықтау






орнатылған телефон аппараттарының саны

мың дана

42,5

67,5

91,9


желілер ұзындығы

км

45

50

57

7

Аумақты инженерлік дайындау





1)

нөсерге арналған кәріздің жалпы ұзындығы:

км

-

-

246,3

2)

жағалауды бекіту

-

-

51,2

31,0

8

Халыққа салт-жоралғы қызметтерін көрсету





1)

зираттардың жалпы аумағы

га

47,2

63

78

9

Аумақты санитариялық тазарту





1)

тұрмыстық қалдықтардың көлемі

мың тонна/ жылына

100

115,28

143

2)

жетілдірілген күл-қоқыс үйінділері (полигондар)

га

33

33

33