Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1310 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1310 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.

      2. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2013 ж., № 60, 828-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 10), 13), 26), 26-1) тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағында көрсетілген;".

      3. "Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында:

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 13) тармағында белгіленгендерді қоспағанда, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағында;".