Республикалық маңызы бар "Ертіс жағалауы" мемлекеттік табиғи қаумалының (кешенді) аумағын азайту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1306 қаулысы

Қолданыстағы

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық маңызы бар «Ертіс жағалауы» мемлекеттік табиғи қаумалының (кешенді) аумағы 77,77 гектарға азайтылсын.
      2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінде:
       «Павлодар облысы» деген бөлімде:
       реттік нөмірі 80-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

80

«Ертіс жағалауы»
мемлекеттік табиғи
қаумалы (кешенді)

377055,23

Ақтоғай,
Железинка,
Ертіс, Қашыр,
Аққу, Май,
Павлодар
аудандары, Ақсу
және Павлодар
қалалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл
шаруашылығы
министрлігі

                                                              ».

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов