"Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1290 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 60-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1) және 3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) құзыретіне Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының үздіксіз ұзақтығы 41 күннен 180 күнге дейін ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларға стандарт сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құнына 0,5 коэффициентін есепке ала отырып, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары (тәулігіне бір адамға) қолданылады;

      3) осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәуліктік шығыстарды өтеудің нормалары осы қаулының 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлғалардың ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына да қатысты қолданылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов