Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1286 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 278-құжат):
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан өңірлеріне жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жеміс-көкөніс өнімі бар автоколонналарды жол-патрульдік полицияның бірге алып жүруін қамтамасыз етсін;".
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.01.2024 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларында:
13-кестеде – Пайдаланудың ерекше жағдайлары ескерілетін Кі, мәндері:
аталған кестеге ескертпенің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әлуетті құрылымдардың кезекші бөлімдерінің, жол-патрульдік полициясы бөлімшелерінің, орталықтандырылған күзет пульттерінің ұстау топтарының автомобильдері, патрульдік полицияның патрульдік автомобильдері үшін жанар-жағармай материалдары шығыстары мен автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормалары 10 %-ға ұлғайтылады.".