Туризм объектісін салу және оның жұмыс істеуі үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін Алматы қаласының босалқы жерлеріне ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1267 қаулысы

Қолданыстағы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу және оның жұмыс істеуі үшін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 1002,0 гектар жері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан Алматы қаласы Медеу ауданының босалқы жерлері санатына ауыстырылсын.
      2. Алматы қаласының әкімдігі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыруға байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтесiн.
      3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiнде:
      «Ақтөбе облысы» деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      «

Алматы қаласы

16-2

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

12219

Медеу, Бостандық аудандары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

                                                             »;

      «Алматы облысы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

19

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

186450

Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

                                                              ».

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 1267 қаулысына  
қосымша        

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Іле
Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық
мемлекеттік мекемесінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
жерлерінің санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылатын
жерлерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

орманды жерлер

алаңқайлар

селдір ормандар

жайылым

жолдар

құмдар және өзге алқаптар

1

2

3

4

5

6

7

8

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі

1002,0

310

-

-

-

1,2

690,8

Жиыны

1002,0

310

-

-

-

1,2

690,8