1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына (Жалпы бөлім) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «KazMunaiGas PKOP Finance B.V.» компаниясына «Valsera Holdings B.V.» компаниясы акцияларының 33%-ын «Trade house KazMunaiGaz N.V.» компаниясының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.
2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 35, 36-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 37-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
37. |
Valsera Holdings B.V. акциялар пакетінің 50%-ы |
».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов