РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 1218 қаулысымен
бекітілген
Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы
соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған
күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті
жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде
келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 38, 39, 40-баптарына сәйкес әзірленді және қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін төлем төлеу тәртібін айқындайды.
2. Заңсыз ұстап алынған, күзетпен ұсталған, үйқамақта ұсталған, лауазымынан уақытша шеттетілген, арнаулы медициналық ұйымға орналастырылған, сотталған, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған жағдайда:
1) сот бойынша ақталған адамның, сол сияқты өздеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауы, іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымының болмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқан не коммерциялық немесе өзге де ұйымның немесе уәкілетті органның басшысы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызды кері қайтарып алған кезде, егер жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілген болса не Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын, іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы оған байланысты болатын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп таныған жағдайда; егер адамға қатысты соттың нақ осы айыптау бойынша заңды күшiне енген үкiмi не соттың қылмыстық қудалаудың мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн, күшi жойылмаған қаулысы бар, егер адамға қатысты қылмыстық қудалау органының нақ осы күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күшi жойылмаған қаулысы бар адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының;
2) егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген мән-жайлардың жоқтығына қарамастан, қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайлар анықталған кезден бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылмаса, өздеріне қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымының болмауынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқан не коммерциялық немесе өзге де ұйымның немесе уәкілетті органның басшысы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызды кері қайтарып алған кезде тоқтатылуға жататын адамдардың;
3) егер ол жасаған іс-әрекеттері үшін жазаның қолданылуын қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің өтіп кетуіне орай жойса, бірақ қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар анықталған кезден бастап тоқтатылмаса және ондай адамдардың қылмыстық iстi тоқтатуға келiсуіне қарамастан, қылмыстық қудалау заңсыз жалғастырылса, рақымшылық жасау актiсiнің негізінде өздеріне қатысты қылмыстық iс тоқтатылуға тиіс адамдардың;
4) жасаған әрекетiнiң саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң оны жасағаны үшiн сезiк келтiрiлу немесе айыптау кезiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексімен ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн одан жеңiлiрек қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгерген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптаудың бөлiгi алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайда, сол сияқты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелiк ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың заңсыз шешiмi бұзылған жағдайларда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамның. Қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың iс жүзiнде өтелген мерзiмi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң кiнәлi адам жасаған әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып саналады;
5) заңды негiзсiз тиiстi мерзiмiнен артық қамауда ұсталған, сол сияқты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында iс жүргiзуге мәжбүр етудiң кез келген өзге де шараларына заңсыз ұшыраған адамдардың мүліктік зиянды өтетуге құқығы бар.
3. Азамат қайтыс болған жағдайда, мүліктік зиянды өтету құқығы белгiленген тәртiппен оның мұрагерлерiне, ал төленуi тоқтатыла тұрған зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу бөлiгiнде отбасының асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақымен қамтамасыз етiлетiн адамдар тобына жататын мүшелерiне ауысады.
4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген жағдайларда келтiрiлген мүлiктiк зиян:
1) олар айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар пен табыстарды;
2) соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi;
3) соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiп алынған айыппұлдарды; заңсыз әрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды;
4) заң көмегін көрсету үшiн адам төлеген сомаларды;
5) қылмыстық қудалау салдарынан шегілген өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды.
2. Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы
соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған
күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті
жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде
келтірілген мүліктік зиянды төлеу тәртібі
5. Қылмыстық процесті жүргізуші орган ақтау үкімінің, сот шешімдерінің немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе өзгерту туралы қаулының көшірмелерін мүдделі адамға табыс етеді немесе пошта арқылы жолдайды. Бір мезгілде мүдделі адамға мүліктік зиянды өтеу тәртібі түсіндірілген хабарлама жіберіледі. Мүліктік зиянды өтетуге құқығы бар қайтыс болған адамның мұрагерлерінің, туыстарының немесе асырауындағыларының тұратын жері туралы мәліметтер болмаған кезде, оларға хабарлама қылмыстық процесті жүргізетін органға өтініш жасаған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жіберіледі.
Егер осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдар (бұдан әрі – адамдар) ақтау үкімінің, сот шешімдерінің немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе өзгерту туралы қаулының көшірмелерін алмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші органға жүгінеді, ол көрсетілген құжаттарды оларға дереу табыс етеді.
6. Мүліктік зиянды өтеу тәртібі түсіндірілген хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) қылмыстық процесті жүргізетін органның бірінші басшысы бекітетін нысан бойынша жасалады.
7. Хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде адамдар үкім шығарған, шешім, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе өзгерту туралы қаулы қабылдаған органға (бұдан әрі – орган) мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш береді. Егер жоғары тұрған сот iстi тоқтатса немесе үкiмдi өзгертсе, мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш үкiмдi шығарған сотқа жіберіледі.
Кәмелетке толмағанның атынан мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішті оның заңды өкiлi беруге құқылы.
Мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш қылмыстық процесті жүргізетін органның бірінші басшысы бекітетін нысан бойынша жасалады.
8. Өтінішке:
1) адамдардың мүліктік зиянды өтетуге құқығын растайтын процестік шешімдердің көшірмелері (ақтау үкімінің, сот шешімдерінің немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешімдерді жою немесе өзгерту туралы қаулылардың көшірмелері);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берушінің банктік шотының деректемелері;
4) келтірілген мүліктік зиянды растайтын құжаттар қоса беріледі.
9. Қажет болған жағдайларда, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мүліктік зиян туралы есептерді жүргізу үшін орган қаржы органдары мен әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдарына сауалдар жібереді, олар сауалдарды келіп түскен күнінен бастап он бес тәулік ішінде орындайды.
10. Қылмыстық қудалау органының мүліктік зиянды өтеу үшін төлемдер жүргізу туралы қаулысын адамдар дәл сол қылмыстық қудалау органына ұсынады, ол аталған қаулы ұсынылған күннен бастап осы мақсатқа арналған ақша болған кезде оны бес жұмыс күні ішінде адамның банктік шотына аударады.
11. Мүліктік зиянды өтеу төлемдерін жүргізуге арналған ақшаның болмауына байланысты қылмыстық қудалау органдарының осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген талаптарды орындауы мүмкін болмаған кезде, аталған орган бір тәулік ішінде адамдарға жазбаша түрде хабарлайды, одан кейін олар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінеді.
12. Заңды күшіне енген мүліктік зиянды өтеу үшін төлемдер жүргізу туралы сот қаулысы немесе осы зиянның сомасын өндіру туралы сот шешімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот
актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларына сәйкес орындалады.