РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 қазандағы
№ 1145 қаулысымен
бекітілген
Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс
қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер
органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті
түрде өтеулі негізде тапсыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 3-тармақшасына сәйкес әзірленген және жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібін айқындайды.
2. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыруға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру осы мақсаттар үшін көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Қару иесі Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінде, қалалық, аудандық ішкі істер органдарында азаматтық қару иесі ретінде есепте тұрса және қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты болса, қару тіркелген болып есептеледі.
4. Жеке тұлғалар ерікті түрде тапсыратын жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар тіркелген ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды қабылдау 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.
2. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс
қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібі
5. Өзіне заңды негізде және ішкі істер органдарында тіркелген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру үшін жеке тұлға не сенімхат бойынша оның өкілі қару тіркелген орны бойынша Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттеріне, қалалық, аудандық ішкі істер органына жүгінеді және мынадай құжаттарды:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтінішті;
2) қаруды сақтау және алып жүру құқығына берілген рұқсаттың түпнұсқасын;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер және (немесе) ұйымдарда ашылған банк есепшоты нөмірі туралы мәліметті;
5) сенімхат - осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен өтінішті және қажетті құжаттарды өкіл тапсырған жағдайда ұсынады.
Егер қару иесі қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың төленгені туралы түбіртек ұсынылады.
6. Қару иесі қаруды тапсыра алмаған жағдайда (ұзақ іссапар, сырқаттану), іссапарға кеткенін растайтын тиісті құжаттар, медициналық мекеменің анықтамасы, қаруды ішкі істер органдарына тапсыру және ақшалай сыйақыны алу құқығына нотариатта бекітілген сенімхат болған кезде, қару өкіл арқылы тапсырылады.
7. Ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтініш ішкі істер органдарында берілген күні тіркеледі.
8. Ерікті түрде сыйақы үшін тапсырылатын қаруды осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген өтінішпен және құжаттармен бірге қару иесінің қатысуымен оның жай-күйі және көзге көрінетін ақаулары көрсетілетін қаруды қабылдау актісін толтыра отырып, ішкі істер органының кезекшісі қабылдайды. Акті екі данада толтырылады - біреуі ішкі істер органдарында қалады, екіншісі - қару иесіне беріледі.
9. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтінішті қарау мерзімі - ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.
10. Өтініш, қоса берілетін құжаттар және қару бір жұмыс күні ішінде қарудың техникалық жай-күйін айқындау және жеке тұлғаларға тапсырылған қару үшін төлем белгілеу жөніндегі Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының жанынан арнайы құрылған комиссияларға (бұдан әрі - комиссиялар) беріледі.
11. Комиссиялардың құрамдары Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі және тыл және қаржылық қамтамасыз ету, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелердің, криминалдық полиция, өзіндік қауіпсіздік, жедел-криминалистикалық және ақпараттық-талдамалық қызметтердің қызметкерлерінен тұрады.
12. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық ішкі істер органдары бастығының орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады.
13. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшенің қызметкері комиссия хатшысы болып тағайындалады, ол комиссияның отырысын ұйымдастырады.
14. Жеке тұлғалар ерікті түрде сыйақы үшін тапсыратын қаруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интеграцияланған деректер банкі (бұдан әрі - ҚР ІІМ ИДБ) «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есептері бойынша ақпараттық-талдау орталығының қызметкері тексереді.
Қаруды тексеру мерзімі - сұрату түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде.
Егер тапсырылатын қару ҚР ІІМ ИДБ «Тіркелген қару» есебінде тұрмаса, ішкі істер органдары есепке қойылмау себептерін және ұсынылған қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттың түпнұсқасын белгілеу үшін тексеріс жүргізеді.
15. Тапсырылған қару жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз, газды қару атыс қаруы болып табылатыны, сондай-ақ қарудың жарақат салатын патронмен атуға жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы криминалист-маманның қорытындысын алу үшін Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық бөлімшелеріне жіберіледі.
Сараптаманы жүргізу мерзімі - қару келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.
16. Комиссия хатшысы жеке тұлғаның қаруды ерікті түрде тапсыру туралы өтініші негізінде мынадай құжаттардан:
1) қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтініштен;
2) тапсырылған қару жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару болып табылатыны, сондай-ақ қарудың жарақат салатын патронмен атуға жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы криминалист-маманның қорытындысынан;
3) ҚР ІІМ БДБ «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есептері бойынша тексеру туралы материалдардан;
4) қару иесінің қолы қойылған қаруды қабылдау актісінен;
5) қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттан;
6) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесінен;
7) осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, айыппұлдың төленгені туралы түбіртектен;
8) сенімхаттан тұратын «Қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы істі» (бұдан әрі - іс) қалыптастырады.
Ескертпе. Талап етілетін құжаттар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынылмаған жағдайда, тапсырылған қару үшін ақшалай сыйақы төленбейді.
17. Комиссия ұсынылған материалдарды қарайды, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде тапсырылған қарудың санатын, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде тапсырылған қару үшін сыйақылар мөлшерін айқындайды.
Криминалист-маманның қорытындысы және қаруды қабылдау актісі тапсырылатын қарудың санатын айқындау үшін негіздер болып табылады.
18. Қаруды тапсырған жеке тұлғаларға мынадай төлем белгіленеді:
1) 1-санатқа жатқызылған қару үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құнының 90 %-ы есебінен жүргізіледі;
2) 2-санатқа жатқызылған қару үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құнының 70 %-ы есебінен жүргізіледі;
3) 3-санатқа жатқызылған қару үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құнының 50 %-ы есебінен жүргізіледі.
19. Комиссия қарудың техникалық жай-күйін айқындау, тапсырылған қару үшін жеке тұлғаларға төлем белгілеу немесе ақшалай сыйақыны төлеуден бас тарту туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қорытынды шығарады, оны Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының бастығы бекітеді және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.
20. Төлемді белгілеу кезінде халықтың қаруды өтеулі тапсырғаны үшін шығындарды өтеу үшін ашылған бюджет шотынан аударуды Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің қаржы қызметтері жүзеге асырады.
21. Комиссия хатшысы шешім шығарылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ақшалай қаражат төлеу үшін Ішкі істер департаменттерінің қаржылық қамтамасыз ету қызметтеріне мынадай құжаттарды:
1) Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының бастығы бекіткен, барлық комиссия мүшелері қол қойған тапсырылған қару үшін жеке тұлғаларға төлем белгілеу туралы қорытындыны;
2) қаруды тапсырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банк есепшоттарының нөмірі туралы мәліметтерді жібереді.
22. Жеке тұлға төлем сомасын оның банк шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы алады.
23. Егер қару:
1) криминалист-маманның қорытындысы негізінде жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, оның ішінде қайта жасалған деп танылмаған;
2) ҚР ІМ БДБ «Криминалдық қару» есебінде тұрған;
3) ішкі істер органдарында тіркелген және ҚР ІІМ БДБ «Тіркелген қару» есебінде басқа жеке тұлғаның атында тұрған;
4) 2015 жылғы 31 желтоқсаннан кейін ерікті түрде тапсырылған;
5) жеке тұлғаның сыйақы төлеусіз ерікті түрде тапсыру туралы өтініші бойынша тапсырылған;
6) ішкі істер органдарында қызметтік қару ретінде тіркелген;
7) ішкі істер органдарында тіркелмеген жағдайларда, комиссия ақшалай қаражатты төлеуден бас тарту туралы қорытынды шығарады.
24. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының комиссиялары 3-санатқа жатқызған ерікті түрде өтеулі тапсырылған қару уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жойылуға тиіс.
Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып
жүруге ішкі істер органдарының
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына
1-қосымша
Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс
қаруын, газды қаруды ерікті түрде тапсыру туралы өтініш
_____________________________________________________________________
(ішкі істер органының толық атауы)
азамат ______________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты, сәйкестендіру нөмірі)
Сізден _____________________________________________________________
(тапсырылатын қарудың атауы, оның маркасы, калибрі, нөмірі)
сыйақы төлеп/төлемей (қажеттісінің асты сызылсын) қабылдауды сұраймын.
Қаруды алып жүруге және сақтауға ____________________________________
_____________________________________________________________________
(рұқсатты берген ішкі істер органы)
берген 201__ жылғы «___»______________ №______ рұқсатым бар.
Мекенжайы ___________________________________________________________
(қару иесінің пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді
мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
_________________ ______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Толтырылған күні: 2015 жылғы « »
Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып
жүруге ішкі істер органдарының
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына
2-қосымша
Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс
қаруының, газды қарудың санаттары
1. 1-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға:
1) пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару;
2) бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.
2. 2-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі келтірмейтін, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу арқылы жоюды талап етпейтін жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады.
3. 3-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануға қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады.
Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып
жүруге ішкі істер органдарының
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына
3-қосымша
Ерікті түрде тапсырылған қару үшін сыйақылар мөлшері
P/c № |
Қарудың атауы |
Құны |
1 |
2 |
3 |
1 |
Record mod Chief cal ME 380 GUM |
53200 теңге |
2 |
Reckmod Cobra |
40500 теңге |
3 |
Reckmod 60 |
41400 теңге |
4 |
blow compact 9 mm PA black тапаншасы |
52800 теңге |
5 |
blow compact 9 mm PA fume тапаншасы |
57600 теңге |
6 |
blow compact 9 mm PA satin тапаншасы |
57600 теңге |
7 |
F92 9 mm PA black тапаншасы |
57600 теңге |
8 |
F92 9 mm PA fume тапаншасы |
62400 теңге |
9 |
F92 9 mm PA satin тапаншасы |
62400 теңге |
10 |
mini 9 mm PA black тапаншасы |
38400 теңге |
11 |
mini 9 mm PA fume тапаншасы |
43200 теңге |
12 |
mini 9 mm PA nikel тапаншасы |
43200 теңге |
13 |
ТП FIRAT MAGNUM black |
57600 теңге |
14 |
ТП FIRAT MAGNUM Chrome |
63600 теңге |
15 |
ТП FIRAT MAGNUM fume |
63600 теңге |
16 |
ТП FIRAT MAGNUM White |
63600 теңге |
17 |
ТП P 29 black |
52800 теңге |
18 |
ТП SPECIAL 99 black |
52800 теңге |
19 |
ТП SPECIAL 99 Chrome |
57600 теңге |
20 |
ТП SPECIAL 99 Fume |
57600 теңге |
21 |
ТП SPECIAL 99 White |
57600 теңге |
22 |
ТП VOLGA black |
49200 теңге |
23 |
ТП VOLGA Chrome |
54000 теңге |
24 |
ТП VOLGA Fume |
54000 теңге |
25 |
ТП VOLGA White |
54000 теңге |
26 |
WALTER-P22T |
70000 теңге |
27 |
MP-81 |
87465 теңге |
28 |
MP-79-9 TM. |
82950 теңге |
29 |
MP-80-13T |
88700 теңге |
30 |
MP-78-9TM |
102900 теңге |
31 |
MP-355 RFK 9 mm P.A. |
253890 теңге |
32 |
TANFOGLIO FT |
88000 теңге |
33 |
STREAMER-1014 |
57200 теңге |
34 |
ATAK ARMS Mod. Смерч-925 |
67600 теңге |
35 |
T-96 |
62400 теңге |
36 |
БЕРКУТ (9 mm P.A.) |
95700 теңге |
37 |
MAUSER HSC Мод. 90Т NICKEL (кал. 10х22Т) (7 зарядты) #1075608 |
70200 теңге |
38 |
ШАРК (кал. 9mm P.A.) (6 зарядты) |
57200 теңге |
39 |
ZVI Mod. WASP DP04 711 |
112350 теңге |
40 |
ZVI Mod. WASP DP04 703 |
111300 теңге |
41 |
ZVI Mod. WASP DP04 706 |
126000 теңге |
42 |
ROEHM Мод. 88Т BLACK (кал. 10х22Т) (7 зарядты) #1059974 |
44200 теңге |
43 |
ROEHM Мод. 88Т NICKEL (кал. 10х22Т) (7 зарядты) #1075607 |
53300 теңге |
44 |
ФАНТОМ (кал. 9mm P.A.) (17 зарядты) |
72800 теңге |
45 |
ФОРТ 12T, 12TM |
105357 теңге |
46 |
ФОРТ-17Т (кал: 9mm P.A.) |
96428 теңге |
47 |
ФОРТ 17T (кал. 45 rabber) |
116071 теңге |
48 |
ФОРТ 12TM (кал. 45 rubber) |
111285 теңге |
49 |
XOPXE |
147800 теңге |
50 |
RECORD Мод. BLACK MATT (кал.: 380 ME GUM) (6 зарядты) #2509.00.00.01 |
44300 теңге |
51 |
STEYR Мод. M-Al (кал. 10х28Т) (15 зарядты) қосымша оқжарағы бар |
219700 теңге |
52 |
ZVI Мод. WASP DP04 703 (қара) (кал.: 9 мм Р.А.) (6 зарядты) (сабы қара пластиктен) |
137800 теңге |
53 |
«RECK Mod. 60» cal. 380 Me Gum s/n |
45000 теңге |
54 |
ChifeSpecialReck Mod-60 |
78000 теңге |
55 |
STZ Мод. PPT BLACK (кал. 9mm P.A.) (14 зарядты) |
78000 теңге |
56 |
GRAND POWER Мод. Т10 (кал. 10*22, 15 зарядты) қосымша оқжарағы бар тапаншасы |
105600 теңге |
57 |
GRAND POWER Мод. T12 (кал. 10х28Т, 15 зарядты) қосымша оқжарағы бар тапаншасы |
124690 теңге |
58 |
GRAND POWER Мод. T910 тапаншасы (кал. 10*22Т, 15 зарядты) қосымша оқжарағы бар |
123500 теңге |
59 |
RAND POWER Мод. T910 тапаншасы (кал. 9мм Р.А. 15 зарядты) қосымша оқжарағы бар |
99750 теңге |
60 |
Shark (9мм Р.А) 6 зарядты тапаншасы |
50600 теңге |
61 |
газды FratelliTanfoglio FT 9мм PA S.A. тапаншасы кал. 9 мм |
88000 теңге |
62 |
Mofl.STREAMER-1014 Matte CHROME (9мм P.A.) (сабы қара пластиктен) тапаншасы |
50600 теңге |
63 |
ATAK ARMS MoaSTREAMER-1014 TITAN (9мм P.A.) тапаншасы |
50600 теңге |
64 |
ATAK ARMS Мод.Т-96 BLACK (.380ME GUM) 6 зарядты сабы қоңыр револьвері |
55200 теңге |
65 |
ATAK ARMS Мод.Т-96 BLACK (.380ME GUM) 6 зарядты сабы қара револьвері |
69000 теңге |
66 |
ATAK ARMS Мод.Т-96 CHROME (.380ME GUM) 6 зарядты сабы қоңыр револьвері |
55200 теңге |
67 |
ATAK ARMS Мод.Т-96 CHROME (.380ME GUM) 6 зарядты сабы қара револьвері |
55200 теңге |
68 |
ATAK ARMS Мод.Т-96 MATTE CHROME (.380ME GUM) сабы қоңыр револьвері |
55200 теңге |
69 |
ATAK ARMS Мод.Т-96 MATTE CHROME (.380ME GUM) револьвері (сабы қара пластиктен) |
55200 теңге |
70 |
ATAK ARMS Мод.Т-96 TITAN (.380ME GUM) револьвері 6 зарядты, қапталған қоңыр сапты |
55200 теңге |
71 |
ATAK ARMS Мод.Т-96 TITAN (.380ME GUM) 6 зарядты қара револьвері |
55200 теңге |
Ұңғысыз атыс қаруы |
||
72 |
Ұңғысыз тапанша («OCA» кешені) Мод. ПБ-4-1, кал. 18x45 |
44200 теңге |
73 |
Ұңғысыз тапанша («OCA» кешені) Мод. ПБ-4-1, кал. 18x45 (лазерлік нысана көрсетіші жоқ) |
44200 теңге |
74 |
Ұңғысыз тапанша («OCA» кешені) Мод. ПБ-4-ШЛ, кал. 18x45 |
46500 теңге |
75 |
Ұңғысыз тапанша («ЭГИДА» кешені) Мод. ПБ-2NEW, кал. 18x45 |
46500 теңге |
76 |
Ұңғысыз тапанша («ЭГИДА» кешені) Мод. ПБ-2, кал. 18x45 |
54600 теңге |
77 |
Ұңғысыз тапанша «Стражник» Мод. MP-461, кал. 18x45 |
29520 теңге |
78 |
Ұңғысыз тапанша «Лидер», кал. 10x32 (6 зарядты) |
96900 теңге |
Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып
жүруге ішкі істер органдарының
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына
4-қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Ішкі істер органының бастығы
________________________________
201 ____ жылғы « »
Қарудың техникалық жай-күйін айқындау, тапсырылған қару үшін
жеке тұлғаларға төлем белгілеу немесе ақшалай сыйақыны
төлеуден бас тарту туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
Төраға: _______________________________________________________
Комиссия мүшелері:_____________________________________________
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) _______________________________________ құрамындағы комиссия
___________________ тұратын жеке тұлға ______________________________
(үйінің мекенжайы) (Т.А.Ә.)
Қаруды ______________________________________________________________
(атауы, маркасы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы)
________________________________________ ерікті түрде тапсыруы туралы
материалдарды қарап, олардың техникалық жай-күйін тексеріп, мыналарды
БЕЛГІЛЕДІ:
Азамат тапсырған ____________________________________________________
(Т.А.Ә.)
____________________________________________________ қаруға Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «___» _____ № ____ қаулысының күші
қолданылады, ол ____ санатқа жатады, оны тапсырғаны үшін қаруға
_______________________ мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажет.
Мынадай себептер бойынша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тапсырылған қаруға __________________________________________________
(атауы, маркасы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы)
_____________________________________________________________________
жоғарыда көрсетілген қаулының күші қолданылмайды
Төлеуге жататын жиыны: ______________________________________________
(сомасы жазумен)
Комиссия төрағасы ___________________________________________________
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
201___ жылғы «___» ______________
Ескертпе: Қорытындының бірінші данасы ішкі істер
департаменттерінің қаржылық қамтамасыз ету қызметіне жіберіледі,
екінші данасы комиссияның хатшысында сақталатын іске тігіледі.