Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 1093 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 471 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
      2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша):
      1) Жол картасының уақтылы орындалуы жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Жол картасының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 15 қарашаға қарай Жол картасының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
К. Мәсімов

 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 15 қазандағы
№ 1093 қаулысымен
бекітілген

Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасы


Р/с №Іс-шараның атауыАяқтау нысаныЖауапты орындаушыларОрындау мерзіміБолжамды шығыстар

1

2

3

4

5

6

1. Дуальді оқыту бойынша құқықтық нормативтік базаны қалыптастыру
1Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дуальді оқыту бойынша мүдделі тараптардың құзыреттерін айқындау бөлігінде білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуҚазақстан Республикасы заңының жобасы
 
БҒМ, ҰКП, ДСӘДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, GIZ (келісім бойынша)2014 жылғы 3-тоқсан-
2Дуальді оқытуды енгізу бойынша кедергілерді жою үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістермен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуБҒМ-ға ұсыныстар ҰКП, ДСӘДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, GIZ (келісім бойынша)2015 жылғы 2-тоқсан -
3Мүдделі тараптар арасында дуальді оқытуды енгізу бойынша шарттар және меморандумдар жасасушарттар және меморандумдарБҒМ, ДСӘДМ, ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, GIZ (келісім бойынша)2014–2016 жылдар-
4Дуальді оқыту бойынша білім алушылар, кәсіпорындар және оқу орындары арасында шарттар жасаушарттар облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша)2014–2016 жылдар-
2. Дуальді оқыту мәселелері бойынша басқаруды жетілдіру
5Ұлттық деңгейде үйлестіру тобын құруБҒМ бұйрығы
 
БҒМ, ДСӘДМ, ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», мүдделі мемлекеттік органдар, GIZ (келісім бойынша)2014 жылғы 3-тоқсан-
6Өңірлерде дуальді оқытуды үйлестіру тобын құружергілікті атқарушы органдардың қаулысыоблыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП, GIZ (келісім бойынша)2014 жылғы 4-тоқсан  
7ҰКП өңірлік құрылымында дуальді оқыту туралы шарттарды жасау бойынша тіркеу, мониторингілеу, үйлестіруді қамтамасыз етушарттар тізілімі ӨКП, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері2014 жылғы 3-тоқсан-
8ҰКП өкілдерін білім беру ұйымдарының қамқоршылық және байқау кеңестерінің құрамына қосужергілікті атқарушы органдардың қаулыларыоблыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП2014 жылғы 3-тоқсан-
9Колледждерде басым мамандықтар бойынша жұмыскерлердің қатысуымен консультативтік кеңестер құружергілікті атқарушы органдардың қаулыларыоблыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП2014 жылғы қыркүйек-
3. Дуальді оқытудың мазмұнын қамтамасыз ету
10Дуальді оқыту үшін білім бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар даярлауәдістемелік
ұсынымдар
БҒМ, ДСӘДМ, РҒӘО, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», GIZ (келісім бойынша)2014 жылғы 4-тоқсан-
11Өндірісте тәлімгерлікті дамыту, кәсіпорындардың ТжКБ оқу орындарын қамқорлыққа алуын ұйымдастыру жөніндегі ережені әзірлеу БҒМ-ға ақпарат«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ», ДСӘДМ, БҒМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», Кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), ҰКП, ҰЭМ, GIZ
(келісім бойынша)
2014 жылғы 4-тоқсан-
12ТжКБ техникалық мамандықтары бойынша практикалық сабақтарға арналған сағат санының 60-70%-ға дейін ұлғайтылған экспериментальді оқу жоспарларын әзірлеуоқу жоспарла
ры
БҒМ, ДСӘДМ, РҒӘО, ҰКП, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, GIZ (келісім бойынша)2014 жылғы 4-тоқсанкөзделген қаражат шегінде
4. Дуальді оқытудың инфрақұрылымын дамыту
13Ірі кәсіпорындармен және салалық қауымдастықтармен бірлесіп біліктілікті арттыру және қайта даярлаудың оқу орталықтарын ашу БҒМ-ға ақпаратҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері2014–2016 жылдаркәсіпорындар қаражаты есебінен
14Білім алушылардың өндірістік оқытуды және практиканы өтуі үшін кәсіпорындарда өндірістік алаңдар құруБҒМ-ға ақпаратҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар2014–2016 жылдаркәсіпорындар қаражаты есебінен
15Өндірістік оқытудан және практикадан өту үшін кәсіпорындар мен компанияларда оқушы жұмыс орындарын ұйымдастыруБҒМ-ға ақпаратҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар 2014–2016 жылдаркәсіпорындар қаражаты есебінен
16Дуальді оқыту бойынша жұмыс істейтін колледждердің зертханаларын және оқу шеберханаларын жаңарту және қайта жабдықтауБҒМ-ға ақпаратоблыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰЭМ2014–2016 жылдаркөзделген қаражат шегінде
17Өңірлерде дуальді оқытуға оқу орындарын тарту (жыл сайын кемінде 25 колледж, кемінде 2 ЖОО)БҒМ-ға ақпаратДСӘДМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, GIZ (келісім бойынша)2014–2016 жылдар-
18Дуальді оқытуға кәсіпорындарды тарту (жыл сайын кемінде 30 кәсіпорын)БҒМ-ға ақпаратҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша),
облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері
2014–2016 жылдар-
5. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дамыту
19Кәсіптік бағдар беру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу әдістемелік ұсынымдарБҒМ, ДСӘДМ, ҰКП, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, GIZ (келісім бойынша)2015 жылғы 2-тоқсан-
20Еңбек нарығына қажетті білікті кадрларға болжамды зерттеу бойынша деңгейлік білім беру және экономикалық салалар бойынша мамандықтар мемлекеттік бағдарламалар жобасы бойынша) талдамалық анықтамаДСӘДМ, ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріжыл сайын-
21Білім алушылар, шаруа қожалықтары, колледждер арасында дуальді оқыту бойынша келісімшарттар жасау негізінде ауылдық жерде жұмыс істеу үшін мамандар даярлауБҒМ-ға ақпаратоблыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКПжыл сайынкөзделген қаражат шегінде
22Жұмыспен қамту орталықтарының базасында кәсіптік бағдар беруді өткізу үшін жағдайлар жасау БҒМ-ға ақпаратДСӘДМ, ҮЕҰ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері2015 жылғы 2-тоқсан«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыруға көзделген қаражат шегінде
6. Дуальді оқытудағы қаржыландыру
23Оқытудың дуальді жүйесі бойынша мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін оқу орындарына басым мемлекеттік тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етумемлекет
тік тапсырыс
БҒМ, ҰКП, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріжыл сайынкөзделген қаражат шегінде
24Еңбекақысын төлеу мүмкіндігімен кәсіпорындар базасында студенттеріне өндірістік практиканы өтуді қамтамасыз етушарттарҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»
(келісім бойынша)
үнемікәсіпорындар қаражаты есебінен
7. Инженерлік-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету
25Жұмыспен қамту орталықтарында дуальді оқыту шеңберінде кәсіптік бағдар бойынша консультанттармен қамтамасыз ету БҒМ-ға ақпаратДСӘДМ, Кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП2014 жылғы 4-тоқсан«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыруға көзделген қаражат шегінде
26Дуальді оқыту бойынша жұмыс істейтін арнайы пәндер оқытушыларын, колледждегі кәсіптік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруБҒМ-ға ақпаратҰКП, Қаржымині, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, GIZ (келісім бойынша)жыл сайынкөзделген қаражат шегінде
27Жалақыға үстемеақы төлеу мүмкіндігімен кәсіпорындарындағы жетекшілерді бекіту БҒМ-ға ақпаратҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша)үнемікәсіпорындар қаражаты есебінен
8. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
28Дуальді оқытудың табысты үлгілерін үнемі жария ете отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуЖарияланымда баяндамаларБҒМ, ДСӘДМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша)үнемі-
29Дуальді оқыту туралы ақпаратты веб-ресурстарда жариялаувеб-ресурстарҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша)2015 жыл-

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҰЭМ-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
БҒМ-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қаржымині Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ДСӘДМ-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
ҮЕҰ -үкіметтік емес ұйымдар
ҰКП-Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ӨКП-Өңірлік кәсіпкерлер палатасы
GIZ-Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы
«Кәсіпқор»холдингі» КЕАҚ- «Кәсіпқор»холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»-«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
РҒӘО-«Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамы
ТжКБ-техникалық және кәсіптік білім беру
Жұмыспен қамту орталығы-«Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі