Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 1093 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 471 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
      2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша):
      1) Жол картасының уақтылы орындалуы жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Жол картасының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 15 қарашаға қарай Жол картасының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 15 қазандағы
№ 1093 қаулысымен   
бекітілген      

Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасы

      Ескерту. Жол картасына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

1

2

3

4

5

6

1. Дуальді оқыту бойынша құқықтық нормативтік базаны қалыптастыру

1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дуальді оқыту бойынша мүдделі тараптардың құзыреттерін айқындау бөлігінде білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы заңының жобасы
 

БҒМ, ҰКП, ДСӘДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, GIZ (келісім бойынша)

2014 жылғы 3-тоқсан

-

2

Дуальді оқытуды енгізу бойынша кедергілерді жою үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістермен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

БҒМ-ға ұсыныстар

ҰКП, ДСӘДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, GIZ (келісім бойынша)

2015 жылғы 2-тоқсан

-

3

Мүдделі тараптар арасында дуальді оқытуды енгізу бойынша шарттар және меморандумдар жасасу

шарттар және меморандумдар

БҒМ, ДСӘДМ, ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, GIZ (келісім бойынша)

2014–2016 жылдар

-

4

Дуальді оқыту бойынша білім алушылар, кәсіпорындар және оқу орындары арасында шарттар жасау

шарттар

облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша)

2014–2016 жылдар

-

2. Дуальді оқыту мәселелері бойынша басқаруды жетілдіру

5

Ұлттық деңгейде үйлестіру тобын құру

БҒМ бұйрығы
 

БҒМ, ДСӘДМ, ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», мүдделі мемлекеттік органдар, GIZ (келісім бойынша)

2014 жылғы 3-тоқсан

-

6

Өңірлерде дуальді оқытуды үйлестіру тобын құру

жергілікті атқарушы органдардың қаулысы

облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП, GIZ (келісім бойынша)

2014 жылғы 4-тоқсан

7

ҰКП өңірлік құрылымында дуальді оқыту туралы шарттарды жасау бойынша тіркеу, мониторингілеу, үйлестіруді қамтамасыз ету

шарттар тізілімі

ӨКП, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы 3-тоқсан

-

8

ҰКП өкілдерін білім беру ұйымдарының қамқоршылық және байқау кеңестерінің құрамына қосу

жергілікті атқарушы органдардың қаулылары

облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП

2014 жылғы 3-тоқсан

-

9

Колледждерде басым мамандықтар бойынша жұмыскерлердің қатысуымен консультативтік кеңестер құру

жергілікті атқарушы органдардың қаулылары

облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП

2014 жылғы қыркүйек

-

3. Дуальді оқытудың мазмұнын қамтамасыз ету

10

Дуальді оқыту үшін білім бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар даярлау

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, ДСӘДМ, РҒӘО, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», GIZ (келісім бойынша)

2014 жылғы 4-тоқсан

-

11

Өндірісте тәлімгерлікті дамыту, кәсіпорындардың ТжКБ оқу орындарын қамқорлыққа алуын ұйымдастыру жөніндегі ережені әзірлеу

БҒМ-ға ақпарат

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ», ДСӘДМ, БҒМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», Кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), ҰКП, ҰЭМ, GIZ
(келісім бойынша)

2014 жылғы 4-тоқсан

-

12

ТжКБ техникалық мамандықтары бойынша практикалық сабақтарға арналған сағат санының 60-70%-ға дейін ұлғайтылған экспериментальді оқу жоспарларын әзірлеу

оқу жоспарла
ры

БҒМ, ДСӘДМ, РҒӘО, ҰКП, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, GIZ (келісім бойынша)

2014 жылғы 4-тоқсан

көзделген қаражат шегінде

4. Дуальді оқытудың инфрақұрылымын дамыту

13

Ірі кәсіпорындармен және салалық қауымдастықтармен бірлесіп біліктілікті арттыру және қайта даярлаудың оқу орталықтарын ашу

БҒМ-ға ақпарат

ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері

2014–2016 жылдар

кәсіпорындар қаражаты есебінен

14

Білім алушылардың өндірістік оқытуды және практиканы өтуі үшін кәсіпорындарда өндірістік алаңдар құру

БҒМ-ға ақпарат

ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2014–2016 жылдар

кәсіпорындар қаражаты есебінен

15

Өндірістік оқытудан және практикадан өту үшін кәсіпорындар мен компанияларда оқушы жұмыс орындарын ұйымдастыру

БҒМ-ға ақпарат

ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2014–2016 жылдар

кәсіпорындар қаражаты есебінен

16

Дуальді оқыту бойынша жұмыс істейтін колледждердің зертханаларын және оқу шеберханаларын жаңарту және қайта жабдықтау

БҒМ-ға ақпарат

облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰЭМ

2014–2016 жылдар

көзделген қаражат шегінде

17

Өңірлерде дуальді оқытуға оқу орындарын тарту (жыл сайын кемінде 25 колледж, кемінде 2 ЖОО)

БҒМ-ға ақпарат

ДСӘДМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, GIZ (келісім бойынша)

2014–2016 жылдар

-

18

Дуальді оқытуға кәсіпорындарды тарту (жыл сайын кемінде 30 кәсіпорын)

БҒМ-ға ақпарат

ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша),
облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері

2014–2016 жылдар

-

5. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дамыту

19

Кәсіптік бағдар беру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, ДСӘДМ, ҰКП, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, GIZ (келісім бойынша)

2015 жылғы 2-тоқсан

-

20

Еңбек нарығына қажетті білікті кадрларға болжамды зерттеу бойынша деңгейлік білім беру және экономикалық салалар бойынша мамандықтар мемлекеттік бағдарламалар жобасы бойынша)

талдамалық анықтама

ДСӘДМ, ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

-

21

Білім алушылар, шаруа қожалықтары, колледждер арасында дуальді оқыту бойынша келісімшарттар жасау негізінде ауылдық жерде жұмыс істеу үшін мамандар даярлау

БҒМ-ға ақпарат

облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

22

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.

6. Дуальді оқытудағы қаржыландыру

23

Оқытудың дуальді жүйесі бойынша мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін оқу орындарына басым мемлекеттік тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету

мемлекет
тік тапсырыс

БҒМ, ҰКП, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

24

Еңбекақысын төлеу мүмкіндігімен кәсіпорындар базасында студенттеріне өндірістік практиканы өтуді қамтамасыз ету

шарттар

ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»
(келісім бойынша)

үнемі

кәсіпорындар қаражаты есебінен

7. Инженерлік-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету

25

Жұмыспен қамту орталықтарында дуальді оқыту шеңберінде кәсіптік бағдар бойынша консультанттармен қамтамасыз ету

БҒМ-ға ақпарат

ДСӘДМ, Кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ӨКП

2014 жылғы 4-тоқсан

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыруға көзделген қаражат шегінде

26

Дуальді оқыту бойынша жұмыс істейтін арнайы пәндер оқытушыларын, колледждегі кәсіптік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру

БҒМ-ға ақпарат

ҰКП, Қаржымині, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, GIZ (келісім бойынша)

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

27

Жалақыға үстемеақы төлеу мүмкіндігімен кәсіпорындарындағы жетекшілерді бекіту

БҒМ-ға ақпарат

ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша)

үнемі

кәсіпорындар қаражаты есебінен

8. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

28

Дуальді оқытудың табысты үлгілерін үнемі жария ете отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жарияланымда баяндамалар

БҒМ, ДСӘДМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша)

үнемі

-

29

Дуальді оқыту туралы ақпаратты веб-ресурстарда жариялау

веб-ресурстар

ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» (келісім бойынша)

2015 жыл

-

       Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

БҒМ

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ДСӘДМ

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

ҮЕҰ

-

үкіметтік емес ұйымдар

ҰКП

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ӨКП

-

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы

GIZ

-

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы

«Кәсіпқор»холдингі» КЕАҚ

-

«Кәсіпқор»холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»

-

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

РҒӘО

-

«Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамы

ТжКБ

-

техникалық және кәсіптік білім беру

Жұмыспен қамту орталығы

-

«Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі