Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1072 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1072 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық ұсыныстардың сараптамасы;»;
      3) , 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
      4) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама;
      5) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;».
      2. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 499-12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «499-12-1. Концессия шартының талаптарына сәйкес маңыздылығы ерекше концессиялық жобаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда, концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу концессионердің қосымша табыс алу көзі ретінде де қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 499-14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «499-14-1. 499-12-1-тармақ қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимиті республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде қайта қарауға жатады.».
      3. «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 57-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларында:
      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес концессиялық жобаны одан әрі пысықтаудың экономикалық орындылығы бойынша концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның немесе Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаның сараптамасы негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша концессиялық ұсынысқа дайындалатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
      Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру жоспарланып отырған концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарының (оны концессиялық жоба ретінде іске асырудың орындылығы айқындалған жағдайда), концессиялық ұсыныстар мен конкурстық құжаттамалардың өтуі туралы хабарлайды.»;
      6-тармақтың бірінші бөлігінде:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) Егер концессиялық жобаны республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, концессиялық ұсыныстың салалық сараптама қорытындысын тиісті саладағы орталық уәкілетті орган жүргізеді, тиісті саладағы орталық уәкілетті органды қандай да бір белгілі салаға жатқызу мүмкін болмаған жағдайда, салалық қорытындыны тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның өзі жүргізеді.
      Егер республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру болжанатын концессиялық жобаны іске асыру басқа салалық орталық мемлекеттік органның жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық орталық мемлекеттік орган концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысын жүргізеді.
      Егер концессиялық жобаны Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылатын жағдайда, концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық жергілікті атқарушы орган жүргізеді, жергілікті уәкілетті органды қандай да бір белгілі салаға жатқызу мүмкін болмаған жағдайда, салалық қорытындыны тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының өзі жүргізеді.
      Егер Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру болжанатын концессиялық жоба басқа салалық жергілікті органның жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық жергілікті мемлекеттік орган концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасын жүргізеді.»;
      6), 7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға әзірлеуші мемлекеттік органның қол қойған концессиялық ұсынысты жіберуі;
      7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларды тарта отырып, концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргізуі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға концессиялық ұсынысты концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган оны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін жібереді.
      Сараптама концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға концессиялық ұсыныстар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ концессиялық ұсыныстарда көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар көрсетілген ақпаратты ұсынуды талап етеді.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар осы тармақшаның төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, құжаттар топтамасы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға сұрау салуды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органға сұрау салудың көшірмесін жібереді.
      Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органдар сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға және жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға бір мезгілде ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажеттігі туралы хабарлайды.
      Сұрау салу жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
      Әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша концессиялық ұсыныс пысықталған жағдайда, сараптама мерзімдері 1 (бір) рет қана жаңартылады;
      8) Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы түскен сәттен бастап мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның 5 (бес) жұмыс күні ішінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытындыны:
      егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға;
      егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жіберуі;
      Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныс бойынша қорытындыны сараптама түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді;
      9) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның оң қорытындысының нәтижесі бойынша концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның концессиялық ұсынысты бекітуі;»;
      12) тармақшада:
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополия салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала қажетті сараптамалардан өткен конкурстық құжаттаманы, концессиялық жобаның ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;»;
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы тиісті сараптамаларды жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) егер объектілер республикалық меншікке жататын болса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астана мәслихаттарының Заңның 16-бабының 1-тармағына сәйкес тізбені қалыптастыруы және бекітуі.»;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша негіздеме;»;
      17-тармақта:
      бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның пікірі бойынша ұсынылатын концессиялық ұсынысты жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтер қоса беріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сараптама жүргізу үшін қажетті материалдар қоса берілген концессиялық ұсыныстарды әзірлеуші мемлекеттік орган концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмесін ұсына отырып, бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланктегі жеке ілеспе хатпен ұсынады.»;
      2627 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан конкурстық құжаттама мен ТЭН-ге оң келісім алғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаның ТЭН-ін қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға не Заңның 13-бабының 3-2) және 3-3) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жібереді.
      27. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келісуді жүргізеді.
      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде беруді ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың маңызды шарттарын келіседі.
      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісуі мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, не оның орынбасарының қол қоюымен келісу туралы немесе келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы не конкурстық құжаттаманы пысықтау жөніндегі талаптары бар хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттама мен ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.
      28. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган конкурстық құжаттама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді, ол осы ұйымға конкурстық құжаттама ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауының жалпы мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды.
      Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ конкурстық құжаттамада көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар көрсетілген ақпаратты ұсынуды талап етеді.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажет болған жағдайда концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға құжаттар топтамасының келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты ұсыну жөнінде сұрау салуды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға сұрау салудың көшірмесін жолдайды.
      Әзірлеуші мемлекеттік органдар сұрау салу келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша мерзімнің қажеттігі туралы хабардар етеді, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауы тиіс.
      Сұрау салуды жолдаған күннен бастап қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
      Конкурстық құжаттама пысықталған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша сараптамалар жаңартылады.»;
      көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
      он бірінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым немесе қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар сараптамасының болуы»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі - конкурс) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары бекіткен орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) негізінде өткізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша концессиялық өтінімдердің, концессия шарттары жобаларының өтуі, сондай-ақ жасалған концессия шарттары туралы хабарлайды.»;
      8-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін осы Қағиданың 67, 68, 69-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;»;
      11-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық өтінімдерді, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін, оларға сараптама жүргізу үшін қажетті сараптамалар қорытындыларын мемлекеттік сараптаманың нәтижелерін қоса бере отырып жолдауын;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын осы Қағиданың 67-69-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдауын көздейді;»;
      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз жеткізгіште, ал маңыздылығы ерекше концессиялық жобаларға қатысты қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.»;
      29-тармақта:
      2) тармақшада:
      үшінші, төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына не Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған аудитталған толық алдыңғы екі қаржылық жылдың қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына не Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты, егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттарды осындай әлеуетті концессионердің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы тиіс.
      Әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) «Негізгі құралдар» бухгалтерлік балансының баптарын таратылы жазылуын. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
      Әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған, олардың қалыптасқан күні мен болжамды өтеу мерзімі, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомалары көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуын. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестесімен қоса беру қажет. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;»;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық берешегінің және үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайлардан басқа) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтаманың түпнұсқасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;»;
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтері бар құрылтайшылық құжаттардан нотариалды куәландырылған үзінді көшірмені (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаса) не конкурсты жариялаған күннен ерте емес берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акция ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы;»;
      он бесінші, он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «әлеуетті концессионерге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының мөрі мен қол қойылған анықтама берілген күннің алдында үш ай бойы әлеуетті концессионер міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
      Егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады. Анықтаманың берілгеніне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы екі айдан артық уақыт өтпеуге тиіс. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.»;
      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «қарапайым серіктестік мүшелері арасындағы жасалған ортақ жауапкершілік шартының нотариалды расталған көшірмесі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) әлеуетті концессионердің контрагенттермен жасасқан концессиялық жобаға инвестициялар тартуды растайтын конкурс ұйымдастырушының алдындағы кепілдік ретінде қаржыландыруға келісімнің алдын ала шарттары және банктік қарыз шарттарының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмелері. Конкурс ұйымдастырушының алдындағы қаржыландыруға, кепілдік беруге келісімнің алдын ала шартына контрагентте тізбесі конкурстық құжаттамада белгіленетін қажетті қаржы құралдарының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімі үздік деп танылған жағдайда, концессиялық жобаны іске асыру үшін әлеуетті концессионерге қаржы беру мүмкіндігін қарауға әзірлікті растайтын қаржылық ұйымдар хаттарының түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері»;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) аса маңызды концессиялық жобалар бойынша әлеуетті концессионер осы тұлғаны конкурс жеңімпазы ретінде таныған жағдайда, осы тұлғаның концессия шартын жасасу мақсаты үшін концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осы жаңа заңды тұлғаның міндеттемелерді орындауына конкурс жеңімпазының концедентке банктік кепілдік беруі шартымен концессия шартының тарапына айналатын жаңа заңды тұлғаны құратыны туралы кепілхат түпнұсқасы.»;
      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
      «29-1. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша талаптарды және осындай құжаттарға қойылатын талаптарды белгілеуге құқылы.»;
      616267 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жолдайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық өтінім түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін оны концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жолдайды.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар концессиялық өтінімдерге сараптаманы олар ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімдерді жалпы қарау мерзімі қырық жұмыс күнін құрайды.
      62. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша қорытындыларын ескере отырып қарайды және үздік концессиялық өтінімді айқындайды, ол туралы хаттама жасайды, оған Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.»;
      «67. Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша конкурсты ұйымдастырушы концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, үздік концессиялық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі мен мемлекеттік кепілдік ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.
      Концессия шартының мазмұны Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия шартының жобасы түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.
      Сараптама концессия шартының жобасы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптама нәтижелері алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде концессия шартының жобасын келіседі не конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды.
      Концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, сондай-ақ қосымша материалдарды:
      1) конкурсты ұйымдастырушы концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмелерін ұсына отырып, бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланкте жеке ілеспе хатпен ұсынады;
      2) конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды;
      3) конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір параққа қол қояды.
      Конкурсты ұйымдастырушы ақпаратты толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ концессия шартының жобасында көзделген қосымша ақпаратты, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде ұсыну қажет болған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажетті қосымша ақпарат ұсынуды талап ете алады.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар, қажет болған жағдайда, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібере отырып, түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға жетіспейтін және/немесе қосымша ақпарат ұсыну жөнінде сұрау салулар жібереді.
      Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажет екендігі туралы хабардар етеді.
      Бұл ретте, сұрау салу жіберілген күннен бастап және қосымша ақпарат ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
      Концессия шарттарының жобалары пысықталған, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының өтінімі бойынша сараптама жүргізу уақытында оны жүргізу мерзімдері жаңартылады.
      68. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессия шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.»;
      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «73. Концессия шартын жасасу мерзімі осы Қағиданың 70 және 71-тармақтарына сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды.».