"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 952 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      1-1) және 1-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
      1-2) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы акционер ретінде мемлекет мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-3) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға бағытталған жаңа жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында 2013 – 2017 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан-Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов