Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-1) және 1-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
1-2) "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы акционер ретінде мемлекет мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
"1-3) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға бағытталған жаңа жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында 2013 – 2017 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан-Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |