Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiнде:
6-1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бәсекелес темір жол болмаған жағдайда, концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру.»;
12-тармақта:
«сумен жабдықтау қызметтерi» мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегiмен жер үстіндегі ағынды суды реттеу;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов