Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жекелеген жер учаскелерін босалқы жерлерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 807 қаулысы

Қолданыстағы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 804,2 гектар, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданындағы 52,5 гектар және Семей қаласындағы 751,7 гектар жерлері Бұлақ ГЭС-ін салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыруға байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне бере отырып, алқаптарды тазалау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
      «Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

40

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты

661362,8

Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Абай, Аягөз, Көкпекті аудандары және Семей қаласының жерлері

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 807 қаулысына 
қосымша     

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи
резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ерекше
қорғалатын табиғи аумақтары жерлері санатынан босалқы жерлер
санатына ауыстырылатын жерлерінің экспликациясы

Р/с

Жер пайдаланушының

атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

орман көмкенген жерлер

алаңқай лар

сирек ормандар

жайлымдар

жолдар

1

құмдар және басқа алқаптар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі

804,2

566,6

82,8

23,8

41,4

1,5

88,1

2

Жиыны

804,2

566,6

82,8

23,8

41,4

1,5

88,1