Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1141 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар тізбесі;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Кешенді жоспарды іске асырудың нысаналы индикаторлары бекітілсін.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторларымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 763 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 қаулысымен
бекітілген
Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын
іске асырудың нысаналы индикаторлары
Квазимемлекеттік сектор субъектілерін 2017 жылға қарай:
1) республикалық меншіктегі ұйымдарды – 28 %;
2) коммуналдық меншіктегі ұйымдарды – 10 %;
3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың еншілес, тәуелді ұйымдарын және олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды – 60 %;
4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың еншілес, тәуелді ұйымдарын және олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды – 36 % қысқарту.