"Жешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 763 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар тізбесі;»;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Кешенді жоспарды іске асырудың нысаналы индикаторлары бекітілсін.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторларымен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 763 қаулысына 
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 қаулысымен   
бекітілген       

Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын
іске асырудың нысаналы индикаторлары

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерін 2017 жылға қарай:
      1) республикалық меншіктегі ұйымдарды – 28 %;
      2) коммуналдық меншіктегі ұйымдарды – 10 %;
      3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың еншілес, тәуелді ұйымдарын және олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды – 60 %;
      4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың еншілес, тәуелді ұйымдарын және олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды – 36 % қысқарту.