«Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 752 қаулысымен
бекітілген
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі
жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шара атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Адами капиталды дамыту |
|||||
1. Білім беруді және бірегей қазақстандық мәдениетті дамыту |
|||||
1. |
«Болашақ» бағдарламасын экономиканың ғылымды көп қажет ететін жоғары технологиялық салалары үшін мамандар даярлауға қайта бағдарлау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
БҒМ (жинақтау), ЭБЖМ |
2015 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
2. |
Шет елдегі жоғары технологиялық стартаптарда студенттер тағылымдамаларын ұйымдастыру мәселесін қарау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
БҒМ |
қаңтар, 2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
3. |
Кино, театр, музыка, көркем өнер және әдебиет салаларында сапалы жаңа мәдени өнімдер жасауды ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау |
ЭБЖМ-ге есеп |
Мәдениетмині |
қаңтар, 2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
4. |
Инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту. 2020 жылға қарай инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған мектептердің үлесі 70 %-ды құрауы тиіс |
бұйрық |
БҒМ |
2014 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
2. Халықтың денсаулығын жақсарту |
|||||
5. |
Фармацевтикалық қызмет субъектілерінің GхP (GLP, GCP, GMP, GDP, GPP, GVP) тиісті фармацевтикалық практикаларын енгізуіне дайындық |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ДСМ |
қаңтар, 2016 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
6. |
GMP саласында белсенді ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін РIC/S фармацевтикалық инспекциялық органдардың халықаралық ұйымына кіру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ДСМ |
қаңтар, 2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
7. |
Отандық медициналық ЖОО-лардың зерттеу университеттері мәртебесін алуы |
Үкіметтің қаулысы |
ДСМ (жинақтау), БҒМ |
2018 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
8. |
Барлық деңгейлердегі мейіргер ісі мамандарын даярлау жүйесін (ТжКБ, колданбалы бакалавриат, академиялық бакалавриат, магистратура, PhD докторантурасы) Еуропалық директиваларға сәйкес келтіру |
бұйрық |
ДСМ (жинақтау), БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері |
2019 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру |
|||||
Халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету |
|||||
9. |
Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған топтары қатарынан кәсіптік бағдарлау мен мамандық таңдауда көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Еңбекмині |
2015 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
10. |
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тетiктерiн және кәсіпкерлікті қолдау құралдарын жетiлдiру бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу |
Үкіметтің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ, ӨДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
11. |
Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және орта білім берудің бағдарламаларын қайта қарау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
Еңбек қатынастарын жетілдіру |
|||||
12. |
Қауіпсіздікке және еңбек гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-Конвенция) ратификациялауды қамтамасыз ету |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Еңбекмині |
2015 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
13. |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек қатынастары және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ВАК шешімі |
Еңбекмині |
2016 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
2. Институционалдық ортаны жетілдіру |
|||||
1. Басқару жүйесін және сот-құқық қорғау жүйесін жаңғырту |
|||||
Сот жүйесін жетілдіру |
|||||
14. |
Құқық үстемдігін нығайту, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сот ісін жүргізудің халықаралық қағидаттарын одан әрі имплементациялау бойынша ұсыныстар енгізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ЖС (келісім бойынша) (жинақтау), БП (келісім бойынша) |
2015 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
15. |
Бірінші инстанциядағы соттардың рөлін күшейту, соттарға құқықтан тыс ықпал етуге қарсы іс-қимыл жасау, оларға деген сенімді арттыру бойынша шаралар қабылдау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ЖС (келісім бойынша) (жинақтау), БП (келісім бойынша) |
2016 жылғы наурыз |
Талап етілмейді |
16. |
Бітімгер судьялар институтын енгізу мәселесін, сондай-ақ бір сотта бірнеше сот инстанцияларының жұмыс істеу мәселесін зерделеу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ЖС (келісім бойынша) |
2018 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
17. |
Бітімгерлік рәсімдерін және медиацияны қолдана отырып, дауларды соттан тыс реттеу институттарының қызметін жетілдіру |
ЭБЖМ-ге ұсыныстар |
ЖС (келісім бойынша) |
2015 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
18. |
Азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде сот рәсімдерін оңайлату |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ЖС (келісім бойынша) |
2014 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету |
|||||
19. |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарын мониторингтеудің үшінші раундының ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдау |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
ЭСЖКА (келісім бойынша) (жинақтау), БП (келісім бойынша), ІІМ |
2015 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
2. Шағын және орта бизнесті дамыту |
|||||
20. |
Халықаралық университеттермен әріптестікті кеңейтуге назар аудара отырып, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің практикасын қамтамасыз ету жолымен ЖОО-да іскерлік білім беру сапасын жақсарту |
ЭБЖМ-ге есеп |
БҒМ (жинақтау), ҰКП (келісім бойынша) |
қаңтар, 2017 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
3. Зияткерлік меншікті қорғау жүйесін жетілдіру |
|||||
21. |
Өтінімдерді электрондық түрде бергені үшін патенттік баж мөлшерін бір мезгілде азайта отырып, электрондық үкімет порталы арқылы патенттер алуға өтінімдерді электрондық түрде беру мүмкіндігін қамтамасыз ету |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
Әділетмині (жинақтау), БАА |
2015 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
3. Ғылымды көп қажет ететін экономика салаларын дамыту |
|||||
1. Өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту |
|||||
22. |
Жергілікті компанияларды, ұлттық ғылыми-зерттеу институттарын, шетелдік мердігер-компанияларды біріктіретін мұнай саласында «экожүйелер» құру үшін шаралар қабылдау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
МГМ |
қаңтар, 2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
23. |
Қазақстандық инженерлік-техникалық персоналды озық халықаралық тәжірибемен және инновациялық техникалық-технологиялық шешімдермен ауқымды таныстырудың коммуникациялық алаңдарын қалыптастыру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
МГМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар |
қаңтар, 2018 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
2. Өңдеу өнеркәсібін дамыту |
|||||
24. |
Экспорт нарықтарындағы техникалық кедергілерді жою мақсатында стандарттау жөніндегі халықаралық техникалық комитеттердің, стандарттау жөніндегі мемлекетаралық және өңірлік ұйымдардың жұмысына белсенді қатысуды қамтамасыз ету |
ЭБЖМ-ге есеп |
ИЖТМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар |
қаңтар, 2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
3. Жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешен құру |
|||||
25. |
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманың ережелерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысына өзгеріс енгізу |
Үкіметтің қаулысы |
АШМ (жинақтау), ЭБЖМ |
2014 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
4. Көрсетілетін қызметтер секторын дамыту |
|||||
26. |
Логистикалық көрсетілетін қызметтер провайдерлерінің мүмкіндіктерін, оның ішінде мультимодальды тасымалдар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру есебінен кеңейту |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ККМ (жинақтау), «ҚТЖ» ҰК» АҚ |
қаңтар, 2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
27. |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК шешімі |
ҰҒА (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар |
2015 жылғы шілде |
Талап етілмейді |
5. Баламалы энергетиканы дамыту |
|||||
28. |
Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ басқа да ірі қалаларда энергия тиімділігінің заманауи стандарттары мен технологияларын, энергия айналымы бойынша технологияларды (жылыту және ауа баптау) қолдана және жаңартылатын энергия көздерін (ғимараттардың шатырына күн панельдерін орнату) ықпалдастыра отырып, «жасыл», оның ішінде «энергия ұтымды» ғимараттар құрылысына көшу жөніндегі тәсілдер бойынша ұсыныстар енгізу |
ЭБЖМ-ге ұсыныстар |
ҚОСРМ (жинақтау), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері |
2017 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
4. Ғылымды көп қажет ететін экономиканың инфрақұрылымын жеделдете қалыптастыру |
|||||
1. Өсу факторларының өнімділігін арттыру |
|||||
29. |
Әлемдік «бенчмаркаларға» сәйкес экономиканың барлық салалары үшін өнімділікті мониторингтеудің ұлттық жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу |
ЭБЖМ-ге ұсыныстар |
ЭБЖМ, СА, мүдделі мемлекеттік органдар |
2015 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
2. Ұлттық ииновациялық жүйені дамыту |
|||||
30. |
Инновациялық әзірмелер мен жаңа технологиялардың сараптамалары жүйесін жетілдіру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ИЖТМ (жинақтау), БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша) |
2015 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
31. |
Неғұрлым перспективалы инновациялық идеялар мен жобаларды анықтау және қолдау, оларды енгізу, маштабтау және ілгерілету, сондай-ақ талантты инноваторларды іздеу және қолдау мақсатында мемлекеттік қолдау құралдарының жүйесін іске асыру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ИЖТМ (жинақтау), БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
қаңтар, 2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
3. Инфрақұрылымдық шектеулерді жою |
|||||
32. |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК шешімі |
ККМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар |
2017 жылғы шілде |
Талап етілмейді |
4. «Жасыл экономикаға» көшу арқылы тұрақты даму |
|||||
33. |
Өндірістің энергия сыйымдылығын төмендету және өндірістің эталондық тәсілдерін енгізген компанияларды қолдау мақсатында «Энергия тиімділіктегі көшбасшы» бағдарламасын әзірлеу және енгізу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ИЖТМ (жинақтау), ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2016 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
34. |
Өнімді көпмәрте айналымда пайдаланатын тұйық циклді экономикаға көшуді қамтамасыз ету |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҚОСРМ |
қаңтар, 2016 – 2020 жылдар аралығында жыл сайын |
Талап етілмейді |
35. |
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды іргелес аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіруге инвестициялауға ынталандыратын «таза шығындардың болмауы» тетігін енгізу бойынша ұсыныстар енгізу |
ЭБЖМ-ге ұсыныстар |
ҚОСРМ (жинақтау), ЭБЖМ, МГМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
36. |
«Жасыл экономиканың» мынадай: ұлттық желіге ықпалдастырылмаған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, тиімді ауыл шаруашылығы (жылыжай шаруашылықтарын құра және тамшылатып суаруды пайдалана отырып), орталықтандырылған жинауды ұйымдастыру, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу, тұйық ресурстық циклге көшу қағидаттарына сәйкес бірнеше (2-3) пилоттық тірек ауылдық елді мекендерді, шалғайдағы ауылдар мен кенттерді түрлендіру бойынша жоспар әзірлеу және қайта құруларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар |
ЭБЖМ-ге ұсыныстар |
ҚОСРМ (жинақтау), АШМ, ӨДМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
5. Әлемдік және өңірлік экономикаға ықпалдасуды тереңдету |
|||||
37. |
Инвестиция көлемін үдету арқылы Орталық Азия елдерімен байланыстарды тереңдетуді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ЭБЖМ, СІМ, ИЖТМ |
қаңтар, 2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
* республикалық және жергілікті бюджеттерден көзделген қаражат шеңберінде
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП |
– |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ЖС |
– |
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ӨДМ |
– |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министірлігі |
Еңбекмині |
– |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ККМ |
– |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрілігі |
СІМ |
– |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
ИЖТМ |
– |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
Мәдениетмині |
– |
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі |
БҒМ |
– |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
МГМ |
– |
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі |
ҚОСРМ |
– |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі |
АШМ |
– |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ІІМ |
– |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
ЭБЖМ |
– |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
ДСМ |
– |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
Әділетмині |
– |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
БАА |
– |
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі |
ҰҒА |
– |
Ұлттық ғарыш агенттігі |
ЭСЖКА |
– |
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі |
ҰКП |
– |
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
ЖОО |
– |
жоғары оқу орны |
ВАК |
– |
ведомствоаралық комиссия |
ТжКБ |
– |
техникалық және кәсіптік білім |
PhD |
– |
Doctor of Philosophy (ғылым докторы |
GхP |
– |
Good х Practice (тиісті х практика) |
GLP |
– |
Good Laboratory Practice (тиісті зертханалық практика) |
GCP |
– |
Good Clinical Practice (тиісті клиникалық практика) |
GMP |
– |
Good Manufacturing Practice (тиісті өндірістік практика) |
GDP |
– |
Good Distribution Practice (тиісті дистрибьюторлық практика) |
GPP |
– |
Good Pharmacy Practice (тиісті дәріханалық практика) |
GVP |
– |
Good Pharmacovigilance Practice (тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы) |
РIC/S |
– |
Pharmaceutical Inspection Cooperation Scheme (халықаралық фармацевтикалық инспекциялар ынтымақтастығының жүйесі) |