"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге беруді;
      2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 332-жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      332. «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».»;
      2) «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 94-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ережеде:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
      «5. «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов