Тіркелген тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысы

Жаңартылған

      «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚAУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 12 маусымдағы
№ 645 қаулысымен  
бекітілген     

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер
өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтер

      Ескерту. Тарифтерге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.03.2015 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с № Электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын жаңартылатын энергия көздерінің технологиясы Тариф мөлшері, теңге/ кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

1

Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясының жобасы үшін тіркелген тарифті қоспағанда, жел электр станциялары

22,68

1-1

Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясы

59,7

2

Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тарифті қоспағанда, күн энергиясын фотоэлектрлік түрлендіргіштер

34,61

3

Шағын гидроэлектр станциялары

16,71

4

Биогаз қондырғылары

32,23