"Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 148 қаулысы

      Астана қаласындағы «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілері мен инфрақұрылымын салуға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 390-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтерде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

1

Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясының жобасы үшін тіркелген тарифті қоспағанда, жел электр станциялары

22,68

                                                                   »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын
«

1-1

Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясы

59,7

                                                                   ».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов