"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 623 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығын қараңыз.


      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 6 маусымдағы
№ 623 қаулысымен 
бекітілген     

«Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңселері арқылы;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі –  портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күнінен артық емес;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан артық емес.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлік беру.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін кызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері;
      3) өлшеу құралдарының жай-күйі үшін жауапты маманды тағайындау туралы құжаттың көшірмесі;
      4) зертханалық жабдықтың және өлшем құралдарының болуын растайтын құжаттар;
      5) химиялық реактивтердің, материалдардың және құрал-саймандардың болуын растайтын құжаттар;
      6) тұқым сынамаларын сақтауға арналған сөрелердің болуын растайтын құжаттар;
      7) кемінде бір тұқым сарапшысының болуын растайтын құжаттар, мәліметтердің еркін нысаны түрінде;
      8) тұқым сапасына сараптама жасау кезінде қолданылатын өзектілендірілген нормативтiк-техникалық құжаттар.
      Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді.
      Порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) өлшеу құралдарының жай-күйі үшін жауапты маманды тағайындау туралы электрондық құжат;
      3) зертханалық жабдықтың және өлшем құралдарының бар болуын растайтын электрондық құжат;
      4) химиялық реактивтердің, материалдар мен құрал-саймандардың болуын растайтын электрондық құжат;
      5) тұқым сынамаларын сақтауға арналған сөрелердің болуын растайтын электрондық құжат;
      6) кемінде бір тұқым сарапшысының болуын растайтын электрондық құжат, мәліметтердің еркін нысаны түрінде;
      7) тұқым сапасына сараптама жасау кезінде қолданылатын өзектілендірілген нормативтiк-техникалық құжаттардың электрондық көшірмелері.
      Портал арқылы сұрау салуды қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, тұрғылықты орны туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым:
      1) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
      2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша интернет-ресурста орналасқан көрсетілетін қызметті беруші басшысының блогына;
      3) портал арқылы беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда почта бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылдануын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Электрондық өтінішті портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушы өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын
өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болуы шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына қосымша       

_____________________________________________________________________
                     (мемлекеттік органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
                     (заңды тұлғаның толық атауы, БСН)

Өтініш

Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткiзуді және
_____________________________________________________________________
(тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін
                                          көрсету)
тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн
беруді сұраймын.
      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
      Мекенжайы:_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (индексі, ауданы, облысы, қаласы (ауылы), көшесі, үй нөмірі,
                              телефоны)
      Қоса берілетiн құжаттар:
_____________________________________________________________________
(«Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның құрамына (бар болса) кiретiн құрылымдық
бөлiмшелердің (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы
өсiмдiктерiнің атауы, почталық және электрондық мекенжайлары,
байланыс телефондары көрсетілген) тiзбесі:
1.___________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________

      20__ жылғы « » ______________

      Басшы__________________________________________ _______________
                  (тегі, аты, әкесiнiң аты)                 (қолы)

Талон

      Өтініш 20____ жылғы «____» ________________ қарауға қабылданды
_______________________________________________________ _____________
(өтінішті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесiнiң аты) (қолы)