Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 542 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.03.2015 № 119 қаулысымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 мамырдағы
№ 542 қаулысымен   
бекітілген      

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін,
жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары

1. Негізгі ережелер

      1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін айқындайды.
      3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруы үшін айқындалады.
      4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері мен жаңа бастамаларға арналған лимиттердің шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өз қызметінің басымдықтарын, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстарды өз бетінше бөледі.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстардың бірінші кезекті басымдығын өз бетінше айқындайды.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер шегінде ескерілмеген шығыстар макроэкономикалық сценарий мен кірістер болжамы көрсеткіштердің жақсаруы жағына қарай екінші кезеңде өзгерген жағдайда және/немесе тиісті бюджет комиссиясына қорытынды дайындау барысында мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар жекелеген шығыстарды қабылдамаған жағдайда бюджет жобасына енгiзiлуi мүмкiн.

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін,
жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау

      5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар елдің (өңірдің) әлеуметтік экономикалық дамуының және республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштерінің, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының, жоспарланатын үшжылдық кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығы мөлшерінің негізінде айқындайды.
      6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджет жобасын қалыптастыру кезінде жылдарға бөле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әрқайсысы үшін жоспарланатын үшжылдық кезеңге жыл сайын өзгермелі негізде айқындалады.
      Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған лимиттер әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы өзгерістер ескеріле отырып, кезекті үшжылдық кезеңге лимиттерді айқындаған кезде өзгертілуі мүмкін.
      Макроэкономикалық болжам мен экономиканың өсу болжамы азаю жағына өзгерген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстары лимиттерінің және жаңа бастамаларға арналған лимиттердің сомасы ағымдағы қаржы жылына арналған шығыстар бойынша бекітілген жоспардан номиналды Жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) немесе Жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) тиісті жылға болжанатын өсуінен аспауы тиіс.
      Бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізілмейді.
      7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау кезінде:
      1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы;
      2) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;
      3) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген көлемі;
      4) өткен және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысы;
      5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;
      6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;
      7) мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іс-шаралары есепке алынады.
      Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша стартегиялық жоспарлар, өзге стратегиялық және бағдарламалық құжаттар ескеріледі.
      8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау кезінде лимиттердің құрамында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басқа шығыстарға қайта бөлуіне жатпайтын бюджеттің мына шығыстары жеке бөлінеді:
      1) іске асырылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен көзделетін жобалар бойынша шығыстар;
      2) бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алып қоюлар;
      3) үкіметтік борышқа немесе жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету;
      4) мемлекеттік кепілдік;
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резерві.
      9. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттің нысаналы трансферттері және жергілікті атқарушы органдарға жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредиттер ескерілусіз айқындалады.
      Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары, жаңа бастамаларға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының заңында (облыстық мәслихат шешімімен) белгіленген жалпы сипаттағы трансферттер көлемі ескеріле отырып айқындалады.
      Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау кезінде жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы заңда (облыстық мәслихат шешімімен) белгіленген шығыстардың жекелеген бағыттарын ең төменгі қаржыландыру көлемі есепке алынады.
      10. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірінші кезеңінде мақұлданған болжамында көрсетілген үшжылдық кезеңге арналған бюджет шығыстарының болжамына сүйене отырып, ағымдағы шығыстардың жалпы лимиті және үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламалары шығыстарының лимиті айқындалады.
      Ағымдағы шығыстар мен үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламалары шығыстарының жалпы лимиті номиналды ЖІӨ-нің (ЖӨӨ) және соңғы пайдалану бойынша оның құрамдауыштарының болжанатын көлемін қамтамасыз етуді ескере отырып айқындалады.

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін
айқындау

      11. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері бюджеттің базалық шығыстарына сүйене отырып айқындалады.
      Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар мен қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау шығыстары базалық шығыстар болып табылады.
      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, трансферттерді төлеуге және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
      12. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде есептеледі.
      13. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерін есептеу үшін база ретінде ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріндегі жағдай бойынша қаржы жылына арналған шығыстар бойынша бекітілген (нақтыланған) жоспар, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған шығыстардың бекітілген жоспары пайдаланылады.
      14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері мына формула бойынша есептеледі:

      Лимитt = Ағымдағы шығыстарt + Даму бюджетіt,

      мұндағы
      Лимитt – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының лимиті;
      Ағымдағы шығыстар t  бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының шығыстары бойынша лимиті;
      Даму бюджетіt – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары бойынша лимит.
      15. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерін есептеу үшін әрбір әкімші үшін шығыстар мынадай санаттарға топтастырылады:
      1) ағымдағы шығыстар:
      тұрақты сипаттағы ағымдағы шығыстар;
      күрделі шығындар;
      ауыспалы шығыстар;
      2) бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары.
      Тұрақты сипаттағы ағымдағы шығыстар:
      мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығыстарын;
      мемлекеттік тікелей міндеттемелерді;
      шығыстардың көлемі бойынша негіздемелерді талап ететін мемлекеттік міндеттемелерді қамтиды.
      Күрделі шығындар:
      мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты күрделі шығындарды;
      мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға байланысты күрделі шығындарды қамтиды.
      Бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары:
      республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстарды;
      төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін қамтиды.
      16. Ағымдағы шығыстар бойынша лимиттерді есептеу кезінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес тиісті жылына болжанатын инфляция деңгейі, сондай-ақ жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына бекітілген шығыстар көлемі есепке алынады.
      17. Бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары бойынша лимит мына формулаға сәйкес есептеледі:
      Даму бюджетіt = Жалғасатын республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар t + Жалғасатын бюджеттік инвестицияларға арналған нысаналы даму трансферттеріt
      Жалғасатын бюджеттік инвестициялар шығыстарының лимиті іске асырылуы ағымдағы немесе өткен қаржы жылдарында басталып кеткен бюджеттік инвестициялар бойынша бюджетте көзделген қаражат ескеріле отырып айқындалады.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы жоқ бюджеттік инвестициялар есепке алынбайды.
      18. Бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар лимитін айқындау кезінде республикалық немесе облыстық бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бойынша пул айқындалады.
      Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бойынша пул мына формула бойынша айқындалады:
      НДТПt = ЖДБt * Кt-1 ,
      мұндағы
      НДТПt – тиісті қаржы жылына арналған төмен тұрған бюджеттің нысаналы даму трансферттері бойынша пул;
      ЖДБt – бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджет шығыстары (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде).
      Бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттер шығыстарын айқындау кезінде тиісті үшжылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамы, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша нақтыланған жоспары ескеріледі.
      К t-1 – нысаналы даму трансферттері түрінде жоғары тұрған бюджеттен тартылған, бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттен (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде) бөлінген бір теңгеге теңге санын айқындайтын коэффициент.
      Осы коэффициент ағымдағы қаржы жылында қалыптасқан жоғары тұрған бюджеттің нысаналы даму трасферттерінен жергілікті бюджеттердің меншікті даму бюджетінің тәуелділігін айқындайды және мына формула бойынша есептеледі:
      Кt-1 = НТt-1 / ЖДБt-1
      мұндағы
      НТt-1 – жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері;
      ЖДБt-1 – бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджет шығыстары (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде).
      Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бойынша пул жалғасатын және жаңа бюджеттік инвестициялардың нысаналы даму трансферттерін қамтиды.
      Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері пулын айқындау кезінде Астана және Алматы қалаларының пулы жеке бөлінеді.
      Республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерін объектілер бойынша бөлу Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, бюджеттік өтінімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға енгізгенге дейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

2. Жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау

      19. Жаңа бастамаларға арналған лимиттер жаңа бастамаларға арналған шығыстарға сүйене отырып айқындалады.
      Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
      1) әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес іске асыруға;
      2) макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және қолданыстағы бюджеттiк бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын көздейтін (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көлемін кеңейту) базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
      20. Жаңа бастамаларға арналған лимиттерді есептеу кезінде:
      1) Мемлекет басшысының тапсырмалары, оның ішінде жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдайтын Жолдауындағы тапсырмалары;
      2) мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көзделген іс-шаралар;
      3) жаңадан енгізілетін объектілерді ұстауға бағытталған шығыстар есепке алынады.
      Жоспарлы кезеңнің бірінші жылына жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау кезінде жоспарлы кезеңнің бірінші жылында қаржыландыруды талап ететін, Мемлекет басшысының тапсырмалары есепке алынады.
      21. Жаңа бастамаларға арналған лимиттер тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамында көрсетілген бюджет шығыстарының болжамы мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Жаңа бастамаларға арналған лимиттер ағымдағы шығыстар бойынша жаңа бастамалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар бойынша жаңа бастамаларды қамтиды.
      Ағымдағы шығыстар бойынша жаңа бастамаларды айқындаған кезде, бірінші кезекте еңбекақы төлеуді, зейнетақыларды, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдерді арттыруға бағытталған жаңа бастамалар ескеріледі.
      22. Бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар бойынша жаңа бастамалар мына формула бойынша айқындалады:
      ДББЖБt = ДББЖЛt / Даму бюджетіt
      мұндағы
      ДББЖБt – бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар бойынша жаңа бастамалар;
      ДББЖЛt – номиналды ЖІӨ немесе ЖӨӨ болжамының негізінде айқындалатын бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстардың жалпы лимиті;
      Даму бюджетіt – тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар бойынша лимиті.
      23. Бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар бойынша жаңа бастамалар нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, жаңа республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстарды және жаңа бюджеттік инвестицияларға нысаналы даму трансферттерін қамтиды.
      24. Жаңа бюджеттік инвестицияларға арналған нысаналы даму трансферттері нысаналы даму трансферттері бойынша төмен тұрған бюджеттің жалпы пулы мен жалғасатын бюджеттік инвестицияларға нысаналы даму трансферттері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Жаңа бюджеттік инвестицияларға арналған нысаналы даму трансферттері салалар (аялар) бөлінісінде жергілікті бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың қалыптасқан құрылымын (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін ескере отырып) ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлінеді.
      25. Нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, жаңа республикалық (жергілікті)  бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстар мына формула бойынша айқындалады:
      ЖЖШt = ДББЖБt / ЖЖНДТt
      мұндағы
      ЖЖШt – нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, жаңа республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстар;
      ДББЖБt – бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстар бойынша жаңа бастамалар;
      ЖЖНДТt – жаңа бюджеттік инвестицияларға арналған нысаналы даму трансферттері.
      Нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, жаңа республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстар Мемлекет басшысының тапсырмалары мен мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көзделген іс-шаралар ескеріле отырып, бюджеттік бағдарламалары әкімшілері бойынша бөлінеді.

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін,
жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік комиссияларда
қарау және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне дейін жеткізу

      26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының қарауына жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей:
      1) жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін;
      2) жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде жаңа бастамаларға арналған лимиттерді енгізеді.
      27. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер одан әрі бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу үшін тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып айқындалады.
      Тиісті бюджет комиссиясы мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мен жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар бес күн мерзім ішінде пысықтайды.
      28. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 мамырына  дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып айқындалған, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді жолдайды.

Бюджеттік бағдарламалар   
әкімшілері шығыстарының   
лимиттерін, жаңа бастамаларға
арналған лимиттерді айқындау
қағидаларына         
қосымша           

_______________________________________________ арналған
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы     
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері,
жаңа бастамаларға арналған лимиттер

                                                      мың теңге

Атауы

Жоспарлы кезеңнің 1-жылы

Жоспарлы кезеңнің 2-жылы

Жоспарлы кезеңнің 3-жылы

1

2

3

4

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиті, оның ішінде




қайта бөлуге жатпайтын шығыстар




2. Жаңа бастамаларға арналған лимиттер