Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 119 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 665 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 209-құжат).
      2. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1798 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 459-құжат).
      3. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 8, 104-құжат).
      4. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 43, 642-құжат).
      5. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 886 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 51, 719-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 299-құжат).
      7. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 542 қаулысы.
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 553 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 36, 343-құжат).