Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірлері 310, 311, 312-жолдар алынып тасталсын;
2) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірлері 75, 76 және 77-жолдар алынып тасталсын;
3) «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 94-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
Орталық аппараттың функцияларында:
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау;»;
мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:
«47-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгілік шартты әзірлеу;»;
61) тармақша алынып тасталсын;
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«71) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 71-1), 71-2) және 107-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«71-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру;
71-2) жоба алды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«107-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін жолдай отырып, жеке кәсіпкерлік қызметі салаларында зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;»;
Ведомстволардың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
«32-1) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдардың мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;»;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;»;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2, 3 және 4-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов