"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 478 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 156 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен нысаналы ағымдағы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.»;
      2) 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) есепті айдан кейінгі айдың 15-ші күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» және 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша және Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне «005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
      4) 2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган – тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы басқаруды және реттеуді, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      5) 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      6) 4-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жасөспірім қыздарды жатыр мойны обырына қарсы вакцинациялауға арналған вакциналарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға арналған химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын науқастарға қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды, «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды және ересектерді емдеуге арналған дәрілік заттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеуге және байланыста болғаннан кейінгі адамдардың профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды, бытыраңқы берішпен ауыратын науқастарға арналған препараттарды, амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастарға арналған дәрілік заттарды (таргенттік препараттар), жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы аурулары бойынша өтеу коэффициентін 0,5-тен 1,0-ге дейін жеткізе отырып, халықтың жекелеген санаттарына дәрілік заттар мен   медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға;»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге арналған вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға пайдаланылады.»;
      7) 10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ТМККК қамтамасыз ету және кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде нысаналы ағымдағы трансферттердің тиімді пайдаланылуын үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады.»;
      8) 18192021-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының негізінде нысаналы ағымдағы трансферттерді аударуды жүргізеді.
      19. Нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» және 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша үнемделген соманы уәкілетті органмен келісім бойынша және «005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша соманы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімде айқындалған нәтижелер көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдалануға құқылы.
      20. Қандай да бір облыс және Астана мен Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген, оның ішінде облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу нәтижелері бойынша игермеген жағдайда 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» және 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша және 005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға заңнамада белгіленген тәртіппен нысаналы трансферттердің сомаларын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
      21. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» және 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша уәкілетті органға және 005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
      22. Уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде есеп береді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов