"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылық қызметті реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 424 қаулысы

Қолданыстағы

      Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2014.12.12 № 1307 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылық қызметті реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс
объектілерін жобалау саласындағы сарапшылық қызметті реформалау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122-құжат, 139; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат, 140; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86-құжат, 87; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат, 23; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; 21, 97-құжаттар; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжат; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат, 114; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 77, 78-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар, № 2, 10, 11-құжаттар; 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы);
      235-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына немесе жобалау үшін қажетті бастапқы рұқсат беру құжаттары болмағанда сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беру
      – сарапшының жобалар сараптамасын жүзеге асыру құқығы аттестатының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрып, жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж.,
№ 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149,
150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6,
50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15,
125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат, № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 96-баптың 5-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерден басқа, жобалау-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жүргізіледі.»;
      2) 97-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны шарт құнына енгізілген, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі аванстық төлемнен кейінгі төлем жүргізу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысының бар-жоғын қосымша тексереді.».
      3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3,
22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар, № 16, 83-құжат; 2014 ж. № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы сараптама
      1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы сараптаманың мынадай түрлерi:
      1) су объектiсiнiң жай-күйiне әсер ететiн қызметке мемлекеттiк сараптама;
      2) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға және жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама;
      3) жер асты суларының қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттiк сараптама;
      4) су шаруашылығы және өнеркәсiптiк гидротехникалық құрылыстардың төтенше жағдайлар талаптарына сәйкестiгiне мемлекеттiк сараптама;
      5) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамалар жүзеге асырылады.
      2. Су объектiсiнiң жай-күйiне әсер ететiн қызметке мемлекеттiк сараптама осы қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн және қабылданатын басқару және шаруашылық шешiмдерiн бағалау үшiн жүзеге асырылады. Су объектiсiнiң жай-күйiне әсер ететiн қызметке мемлекеттiк сараптама мiндеттi болып табылады.
      3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға және жоюға арналған техника-экономикалық негіздемеге және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама оның сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекiткен бастапқы деректерге, нормативтiк құжаттардың техникалық шарттары мен талаптарына сәйкестiгiн тексеру мақсатымен жүзеге асырылады.
      4. Жер асты су қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттiк сараптаманы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкілетті орган жүзеге асырады.
      5. Су шаруашылығы және өнеркәсiптiк гидротехникалық құрылыстардың төтенше жағдайлар талаптарына сәйкестiгiне мемлекеттiк сараптаманы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      6. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамаларды тиiсiнше халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
      7. Сараптаманы жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
      2) 125-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және мемлекеттік экологиялық сараптаманың, жобалар сараптамасының (экологиялық және басқа да сараптамалардың тұжырымдарын қамтитын) оң қорытындыларын алған жобалары болмайынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстар мен коммуникацияларды салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.».
      4. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21,161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 1, 4, 6, 9-құжаттар):
      39-баптың 2-тармағында:
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;»;
      7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жасалынған шарт сомасының өзгермеуі немесе жұмыстардың сметалық құнының азаюы және кейіннен Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген кезде мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген жағдайда жұмыстарды орындау туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлiгiнде;».
      5. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2013 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жаңа автомобиль жолдарын салу немесе бар автомобиль жолдарын реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық құжаттама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптамадан және жобалар сараптамасынан өтуге жатады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізіледі.».
      6. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж. № 1, 4-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акітілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың тізілімі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілердің құрылыс жобаларын сараптамадан өткізуге құқық берілген сарапшылық ұйымдардың тізбесі;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) бірегей құрылыс объектісі – осы объект үшін арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттігін айқындайтын, жобалау және құрылыс бойынша мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер мен нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген, бұрын сәулет, көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, инженерлік немесе технологиялық жекелей немесе жиынтығы түрінде қолданылмаған, ерекше шешімдермен сипатталатын ғимарат, құрылыстар және олардың кешендері;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) жоба – жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттік органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есептер), оның ішінде түпкі ойының мәні мен оны практикалық тұрғыда іске асыру мүмкіндігін ашып көрсететін техникалық-экономикалық негіздемесі не жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынылған адамның мекендеуі мен тіршілік етуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;»;
      15) тармақша алынып тасталсын;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) жобалар сараптамасы – жобалау шешімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалауға арналған бастапқы материалдар мен деректердің шарттарына сәйкестігін немесе сәйкессіздігін, сондай-ақ жобалау шешімдері мен есептерінде мемлекеттік, қоғамдық және жеке жеке мүдделерді, адамның тыныс-тіршілігіне қолайлы және қауіпсіз жағдайларды, жобаланып отырған объектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің, қала құрылысы және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын белгілеу арқылы олардың кешенді бағалануын қамтитын құрылыс объектілерін жобалау (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу) немесе аумақтардың қала құрылысын жоспарлау кезеңі (қала құрылысы жобаларын әзірлеу);»;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері – сарапшылық ұйымдар, сондай-ақ сарапшылық ұйымдардың штаттық қызметкерлері болып табылатын не осы ұйымдар жоба құрамындағы жеке бөлім (бөлік) бойынша сараптаманы орындау үшін немесе кешенді кала құрылысы сараптамасы бойынша сарапшылық комиссиялардың (топтардың) жұмысына қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде уақытша тартқан сарапшылар;»;
      18-1) тармақша алынып тасталсын;
      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «28) қауіпі ықтимал құрылыс объектiлерi – функционалдық мақсаты және өндiрiстiк процестер салдарынан адам өмiрi мен денсаулығына зиян, орны толмас нұқсан келтiретiн, басқа да объектiлердiң жұмыс iстеуiн бұзатын, оларды жобалау, салу және пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі арнайы іс-шараларды талап ететін техногендiк және (немесе) экологиялық зiлзалалар қатерi бар қауіпті өндірістік объектiлер;»;
      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «30-1) жобалау саласындағы сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) сарапшылық ұйымның штатындағы, жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық жұмыстардың жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған жеке тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 47-1), 47-2), 47-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «47-1) сарапшылық ұйым – бұл:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобалары бойынша (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптаманы жүзеге асыратын – мемлекеттік сарапшылық ұйым;
      Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен аккредиттелген, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмайтын құрылыс объектілері жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) сараптамасын жүзеге асыратын заңды тұлға;
      47-2) сарапшылық ұйымдардың кәсіби бірлестігі – мемлекеттік сарапшылық ұйымды қоспағанда, құрылыс объектілерін жобалау саласында сарапшылық қызметті жүзеге асыратын аккредиттелген сарапшылық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;
      47-3) сарапшылардың тізілімі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аттестаттаған және:
      құрылыс объектілері жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалары), сондай-ақ қала құрылысының аумақтарды жоспарлау жобаларының (әртүрлі деңгейдегі қала құрылысы жобалары) сараптамасы бойынша жұмыстар жүргізуге;
      қолданыстағы (пайдаланылатын) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеуге;
      тапсырыс берушінің атынан техникалық қадағалау және жобаны әзірлеушілердің атынан авторлық қадағалау жүргізу жөнінде инжинирингтік қызмет көрсетуге құқық берілген жеке тұлғалардың үнемі жаңартылып тұратын тізімі;»;
       2) 3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау-сметалық құжаттамасын белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптау және бекіту;»;
      3) 14-бапта:
      2) тармақшадағы «пайдалануға құқығы бар.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіби қоғамдық ұйымдар құруға құқығы бар.»;
      4) 19-бапта:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) объектілер құрылысы жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) сараптамасын жүргізу;»;
      мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жобаларды бекіту қағидаларын белгілейді.»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық күрделі жобалау объектілеріне жатқызу қағидаларын бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «23-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сарапшылық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді.»;
      5) 20-бапта:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн өзге де қала құрылысы құжаттамаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын жүргiзуді ұйымдастыру;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) жобаларының және сарапшылық ұйымдар жүзеге асыратын олардың сараптамасы сапасына қадағалауды жүзеге асыру;»;
      11-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-2) сарапшылық комиссияларды (сарапшылық топтарды) құру және сараптамаға қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттарды және ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 11-3), 11-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-3) құрылыс объектілерінің жобалары бойынша (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) сараптамалық қорытындыларды ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      11-4) сарапшылық ұйымдарды аккредиттеу және аккредиттелгендердің тізілімін жүргізу;»;
      18-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау, сондай-ақ аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;»;
      6) 24-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;»;
      7) 60-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жобалардың сараптамасымен расталуға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген өрт және жарылғыш қауіпсіздігінің, конструкциялар сенімділігінің, объектінің жұмыс істеу тұрақтылығының және еңбек қорғаудың нормаларын сақтау;»;
      8) 63-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Құрылыс жобаларына сондай-ақ жүргізілген техникалық тексеру нәтижелері негізінде орындалған және мыналарға:
      1) қолданыстағы объектілерді күрделі жөндеуге немесе тарихи және мәдени ескерткіштерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіруге;
      2) пайдаланылатын объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту немесе техникалық қайта жарақтандыруға;
      3) авариялық ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, өз ресурсын тауысқан демонтаждалатын объектiлердi кейiн кәдеге жаратуға арналған;
      4) құрылысы тоқтатыла тұрған аяқталмаған объектілерді консервациялауға (консервациядан алу) арналған жобалау-сметалық құжаттамалар жатады.»;
      9) 64-бап алынып тасталсын;
      10) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен және 64-1, 64-2, 64-3, 64-4, 64-5, 64-6, 64-7, 64-8, 64-9, 64-10, 64-11-баптармен толықтырылсын:
      «9-1-тарау. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобалардың сараптамасы.
      64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобалардың сараптамасы
      1. Құрылыс саласындағы жобалардың сараптамасын жобалау құжаттамасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша аттестаты бар және сарапшылық ұйымдарда жұмыс істейтін сарапшылар жүзеге асырады.
      Құрылыс жобаларының сараптамасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалық-сметалық құжаттамалардың сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сараптаманың оң қорытындылары құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін немесе құрылысқа жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту үшін негіздеме болып табылады.
      2. Міндетті сараптамаға:
      1) мемлекеттік кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді талап ететін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті өкілді органдардың бекітуіне жататын аумақтарды дамыту мен оларға құрылыс салуды қала құрылысын жоспарлау жобалары;
      2) бюджет инвестициялары есебінен немесе олардың қатысуымен қаржыландырылатын, сондай-ақ бюджет қаражатының қатысуынсыз тұрғызылатын, бірақ заңнамалық тәртіппен белгіленген мемлекеттік меншіктің шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің көлеміндегі үлесін көздейтін, сондай-ақ мемлекеттің кепілдігімен не мемлекеттің кепілгерлігімен алынған мемлекеттік емес қарыз қаражаттары есебінен қаржыландырылатын ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама жатады.
      3. Жобалануы мен салынуы кезең-кезеңмен көзделетін объектілер мен кешендер бойынша жобалардың сараптамасы осы жобаны сарапшылық сүйемелдеу режимінде әзірлеудің тиісті кезеңдері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Сарапшылық сүйемелдеуді жүзеге асыру тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.
      4. Бюджет қаражатының немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуынсыз қаржыландырылатын техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылыс жобалары мынадай объектілері бойынша міндетті сараптама жүргізуге жатпайды:
      1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиясы бар адамдар орындаған жеке тұрғын үйлер. Осы талап сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарда (аймақтарда) немесе оларды іске асыру кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды қажет ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды;
      2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар;
      3) жеке үй жанындағы учаскелердiң аумағындағы, сондай-ақ бау-бақша серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) учаскелерiндегi шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
      4) жұмыс iстеп тұрған инженерлiк тораптарды өзгертудi қажет етпейтiн үй жанындағы және саяжай учаскелерiн абаттандыру;
      5) контейнермен және блокпен орындалатын мобильді кешендер, сондай-ақ жиналмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi талап етпейтін сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты ғимараттар (құрылыстар);
      6) автомашиналар саны елу бірліктен аспаған кезде ашық үлгiдегi автотұрақтар, сондай-ақ екеуден аспайтын автомашинаға арналған бокстерi бар көлікжайлар;
      7) қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тiреу конструкцияларын өзгертудi қажет етпейтiн өндірiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
      8) инженерлiк желілерді электр коррозиясынан қорғау;
      9) орналасуын, салыну белгілерін, құбырлардың диаметрін өзгертуді талап етпейтін желілік инженерлiк желілерді және олардағы құрылыстарды күрделі жөндеу;
      10) шағын сәулеттiк нысандар және аумақтардың қоршаулары;
      11) ғимараттардың (құрылыстардың) айналасындағы ашық спорт алаңдары, тротуарлар, тас төсеніштері;
      12) технологиялық ресурсы біткен және кәсiпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейiндеудi талап етпейтiн технологиялық немесе инженерлiк жабдықтардың бірліктерін жөндеу және ауыстыру;
      13) лицензиясы бар тұлғалар орындаған және қосымша жер учаскесін (аумақ кесіндісін) бөлуді талап етпейтін, конструкцияның есептік беріктігін төмендетпейтін, сәулеттік-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапасын нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін, ол туралы жоба авторының (жобаның бас инженерінің, жобаның бас сәулетшісінің) тиісті жазбасы бар, тұрғын ғимараттардағы (үйлердегі) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау);
      14) меншік иелерінің жеке пайдалануына арналған техникалық жағынан күрделі емес басқа да құрылыстар.
      Көрсетілген жобалар бойынша сараптама тапсырыс берушінің қалауы бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.
      5. Міндетті сараптамаға жататын жобаларды оң қорытындысыз бекітуге және одан әрі іске асыруға жол берілмейді.
      6. Құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың) тапсырыс берушісі осы жоба бойынша сараптамалық жұмыстарының да тапсырыс берушісі болып табылады. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген жағдайда тапсырыс берушінің міндетіне құрылыс жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге бөлек конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кіреді. Бөлек конкурстар жобаны жасаумен және оны сол уақытта өткізілген конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаз ретінде айқындалған сарапшылық ұйымға тапсыру арасында үзіліс болмайтын мерзімдерде жүргізіледі.
      7. Сараптама жүргізуге жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын жобалардың тапсырыс берушісі өз қалауы бойынша сараптама жүргізу үшін кез келген аккредиттелген сарапшылық ұйымды таңдауға құқылы.
      8. Тапсырыс берушілер сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтермен көзделген құжаттардың толық жинағын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығына тапсырыс беруші жауапты.
      9. Сарапшылық ұйымдар сарапшылық комиссияларды (сарапшылық топтарын) құрады, сондай-ақ штаттан тыс мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды), оның ішінде шет мемлекеттің тиісті органы берген сарапшылық қызметпен айналысу құқығына құжаттары бар шетелдік сарапшыларды тарта алады. Сарапшылық комиссияларды (сарапшылық топтарды) құру, мамандарды немесе мамандандырылған институттар мен ұйымдарды, шетелдік мамандарды сараптамаға қатысу үшін тарту қағидалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді.
      Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама қатысқан не оларды әзірлеген жобалау ұйымдарының өкілдері болып табылатын мамандарды сарапшылық комиссиялардың немесе сараптама жұмысы топтарының құрамына қосуға, сондай-ақ жобалардың сараптамасына қатысудың өзге де нысанында тартуға жол берілмейді.
      10. Тапсырыс берушілер және жобалаушылар, сондай-ақ сарапшылар немесе сарапшылық ұйымдар тараптардың бірі жобалар сараптамасын жүргізу тәртібін немесе нәтижелерін қорытындылау тәртібін бұзған жағдайда осы өтінішін негіздей отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
      Тапсырыс беруші жүргізілген сараптаманың нәтижелерімен келіспеген кезде сарапшылардың қорытындысына сот тәртібімен шағымдана алады.
      64-2-бап. Құрылыс жобаларын сараптау құны және жүргізу мерзімдері
      1. Құрылыс жобаларын сараптау (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) шығыны қаралып отырған жобаны әзірлеу құнына жатқыза отырып, сараптаманың тапсырыс берушілері және сарапшылық ұйымдар жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік сарапшылық ұйым орындайтын сараптамалық жұмыстардың құны, қаржыландыру көздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен баға бойынша айқындалады.
      3. Аккредиттелген сарапшылық ұйымдар орындайтын сараптамалық жұмыстардың құны тапсырыс беруші мен сарапшылық ұйым арасындағы шартқа сәйкес белгіленеді.
      Мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалатын шарттар бойынша сараптамалық жұмыстардың құны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен баға бойынша айқындалған құннан төмен болуы мүмкін емес.
      4. Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ құрылыс үшін жобалау-сметалық құжаттамасына сараптама жүргізу тәртібі мен ұзақтығы (мерзімдері) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте айқындалады және құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылық қызметтің барлық субъектілері үшін ортақ болып табылады.
      64-3-бап. Жобалар сараптамасының түрлері
      1. Аумақтардың құрылыс және қала құрылысын жоспарлау саласында жобалардың сараптамасы мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) аккредиттелген сарапшылық ұйымдар немесе тиісті аттестаттары бар сарапшылар жүзеге асыратын құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) сараптамасы;
      2) мемлекеттік монополияға жатқызылған құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) сараптамасы;
      3) кала құрылысы жобаларының әр түрлі деңгейдегі міндетті сараптамасы - кешенді қала құрылысы сараптамасы:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жобалар бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сарапшылық комиссиялар;
      мәслихаттар бекітетін жобалар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын сарапшылық топтар;
      4) объектілерді жобалау және салу немесе аралас шекара маңы аумақтарының қала құрылысын жоспарлау бойынша тиісті халықаралық шарттардың немесе үкіметаралық келісімдердің екі немесе одан да көп қатысушы мемлекеттері үшін өзара мүдделерін білдіретін жобаларға мемлекетаралық сараптаманы мүдделі мемлекеттердің уәкілетті органдары құратын халықаралық сарапшылық комиссиялар жүзеге асырады.
      2. Әр түрлі деңгейдегі аумақтың қала құрылысын жоспарлаудың жобалары (қала құрылысы жобалары) осы Заңда, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіпте кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді. Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындылары тиісті деңгейдегі қала құрылысы жобаларын бекіту үшін және оларды ары қарай іске асыру үшін негіз болып табылады.
      3. Екі және одан да көп елдердің мүдделерін қозғайтын жобалар бойынша мемлекетаралық сараптама жүргізудің тәртібі халықаралық шартқа немесе үкіметаралық келісімдерге сәйкес белгіленеді.
      64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сарапшылық қызмет
      1. Мемлекеттік монополияға:
      1) құрылысқа арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттамалардың):
      бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуымен қаржыландырылатын жаңа объектілердің немесе қолданыстағы объектілер өзгерістерінің;
      мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын қауіптілігі ықтимал жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларының және қолданыстағы инженерлік және көлік коммуникациялары өзгерістерінің;
      2) мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен қаржыландырылатын объектілерді салуға арналған, егер жобаның қалған бөліктері бойынша сараптаманы аккредиттелген сарапшылық ұйымдар жүргізсе, техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттамалардың құрамынан сметалық құжаттаманың сараптамасы жатады.
      2. Мемлекеттік монополияға жататын сараптаманы қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқығы жоқ мемлекеттік сарапшылық ұйым жүзеге асырады.
      3. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменің объектілеріне қолданылмайды.
      64-5-бап. Аккредиттелген сарапшылық ұйымдар
      1. Аккредиттелген сарапшылық ұйымдар осы Заңның 64-4-бабының 1-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) міндетті сараптама жүргізеді.
      2. Аккредиттелген сарапшылық ұйымдар:
      1) объектілердің құрылысы сараптаманы жүргізудің кезең-кезеңмен сүйемелденетін (сараптамалық сүйемелдеу) тиісті кезеңдері бойынша әзірленетін жобалау-сметалық құжаттама бойынша кезең-кезеңмен жүргізілуі тиіс;
      2) объектілердің (кешендердің) құрылысы іске қосу кешендері немесе кезек бойынша көзделеді;
      3) инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымдардың сызықтық құрылыстарын жеке учаскелерде (бөліктерде) салу жергілікті сараптамалық қорытындыны бере отырып, жобаға құжаттардың толық жиынтығына тұтастай да, жобаның жекелеген бөліктеріне (бөлімдеріне) де сараптама жүргізуге құқылы.
      Жобаның жекелеген бөліктері (бөлімдері) бойынша сараптаманың жергілікті қорытындылары жобалау-сметалық құжаттаманы тұтастай бекітуге негіз болып табылмайды, бірақ жинақ сараптамалық қорытынды құрамында пайдаланылады. Техникалық зерттеудің нәтижелері негізінде объектідегі тозған элементтерді немесе инженерлік жүйелерді ауыстыру арқылы пайдалану сапасын қалпына келтіру мақсатында күрделі жөндеу жүргізу үшін сметалық құжаттаманы ғана әзірлеу талап етілетін жағдайларда бұл ереже қолданылмайды.
      3. Міндетті сараптама жүргізуді талап етпейтін құрылыс жобаларына сараптаманы тапсырыс берушінің шешімі бойынша аккредиттелген сарапшылық ұйым да жүргізуі мүмкін.
      4. Аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың, осы Заңда көзделген сарапшылық қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      64-6-бап. Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылар
      1. Құрылыс объектілерін жобалау саласында сарапшылық қызметпен айналысу құқығына аттестатты алу үшін жеке тұлғаның тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, құрылыс объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелерінің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімі (бөлігі) бойынша жобалау саласында бес жылдан кем емес жұмыс өтілі болуға және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін сарапшыларды аттестаттау қағидаларына сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс.
      2. Үш жыл бойы практикалық сарапшылық қызметпен айналыспаған аттестатталған сарапшыға қайта аттестатталғаннан кейін ғана сарапшылық қызметті жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
      3. Аккредиттелген сарапшылық ұйымының штатындағы не олардың аттестаттында белгіленген мамандықтар шегінде сарапшылар тобының құрамындағы жеке сарапшылар бұрын жасалған шарт бойынша құрылыс объектілерін жобалау саласындағы жобаларға сараптаманы жүзеге асыруды жалғастыруға құқылы.
      64-7-бап. Аккредиттелген сарапшылық ұйымдарды және аттестатталған сарапшыларды есепке алу
      Аккредиттелген сарапшылық ұйымдарды және аттестатталған сарапшыларды есепке алу тізілімдерді жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
      Аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың тізілімі заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы; жобалардың әр түрлі бөлімдерін сараптау бойынша мамандандырылған аттестатталған сарапшылардың штатта бар болуы туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы заңды тұлғаға қолданылған ықпал ету шаралары туралы мәліметтердің жиынтығын қамтиды.
      Аттестатталған сарапшылардың тізілімі сарапшының жеке деректері, аттестаттың берілген күні мен нөмірі туралы, мамандандырылуы, білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі туралы ақпаратты, сондай-ақ заңнамада көзделген сарапшыға қолданылған ықпал ету шаралары туралы, оның ішінде сарапшыны міндетін адал орындамаған етіп танумен аттестаттан айыру туралы мәліметтердің жиынтығын қамтиды.
      64-8-бап. Сарапшылық қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі.
      1. Сарапшылық ұйымдардың құқықтары мен міндеттері осы Заңда және өз жарғыларында белгіленеді.
      2. Сарапшыға:
      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сарапшылық комиссиялардың немесе жергілікті атқарушы органдар құратын сарапшылық топтың құрамында аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша кешенді қала құрылысының сараптамасына қатысу;
      2) заңнамада белгіленген тәртіпте тапсырыс берушілерден және жобаның бөлімін (бөлігін) әзірлеушілерден қажетті материалдар мен ақпаратты сұрату және алу;
      3) аттестатта көрсетілген кәсіби мамандануға сәйкес жобалардың жекелеген бөлімдеріне (бөліктеріне) сараптаманы жүзеге асыру, олар бойынша жергілікті қорытындылар жасау, тапсырыс беруші сараптама қорытындысының тұжырымында айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған кезде алдын ала берілген жергілікті қорытындыларды кері қайтарып алу құқығы беріледі. Жобаның жекелеген бөліктері (бөлімдері) бойынша сарапшы жасаған көрсетілген жергілікті сараптамалық қорытындылар тұтастай жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы бекітуге негіз болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптамалық қорытындының құрамында пайдаланылуы мүмкін;
      4) ғылыми, педагогикалық және шығармашылық қызметпен айналысу құқығы беріледі.
      3. Сарапшыға:
      1) орындауға осы сарапшының өзі тікелей не жанама түрде қатысқан не жақын туыстарының немесе жұбайының қатысуымен орындалған жобалар бойынша сараптама жүргізуге;
      2) кәсіпкерлік қызметтің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен байланысты өзге де түрлерімен айналысуға;
      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілерімен еңбек, қаржылық немесе басқа да тәуелді қатынастарда болуға;
      4) екі не одан да көп сарапшылық ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салынады.
      4. Сарапшы:
      1) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін сарапшылық ұйымның штатында тұруға;
      2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және қызметтік әрі коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге;
      3) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, аттестат нөмірі және оның берілген күні көрсетілген дербес мөрі болуға;
      4) өзінің кәсіптік біліктілігін жүйелі арттырып отыруға;
      5) кәсіптік әдепті сақтауға міндетті.
      5. Сараптаманың сапасыз жүргізілу фактілері анықталған жағдайларда сарапшылық ұйымдар және сарапшылар сараптамалық жұмыстардың сапасына жауаптылықта болады.
      Сараптама жүргізілгеннен кейін бекітуге ұсынылған сапасыз жобалар үшін сарапшылық ұйымдар жобаның әзірлеушілерімен қатар жауаптылықта болады.
      Барлық мүліктік міндеттемелер бойынша жауапкершілік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      6. Сарапшы аттестатының қолданысы тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау-сметалық құжаттамасына немесе жобалау үшін қажетті бастапқы рұқсат беру құжаттары болмағанда сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын бергені үшін тоқтатыла тұрады.
      Сарапшы аттестатының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың кәсіптік бірлестігінің, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының ұсыныстары негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жүргізіледі.
      Сарапшы аттестатының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.
      7. Сарапшыны аттестатынан айыруды тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау-сметалық құжаттамасына немесе жобалау үшін қажетті бастапқы рұқсат беру құжаттары болмағанда сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын бір жылдың ішінде қайталап берген жағдайларда сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша сот жүзеге асырады.
      8. Сарапшылық ұйым заңнаманың және мемлекеттік нормативтердің талаптарына сай келмейтін жобалау-сметалық құжаттама бойынша оң сарапшылық қорытындыны (сараптамалық бағалауды) бергені үшін тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық шешімдерді оң бағалаған сарапшылардың дербес жауапкершілігімен бірге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылықта болады.
      64-9-бап. Сарапшылық қызметтің тәуелсіздігі
      1. Сарапшылар өз қызметінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне тәуелсіз болады.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, құжаттарды сараптауға қабылдау, жобаларды қарау, олар бойынша сараптамалық қорытындыларды дайындау және ресімдеу барысында сарапшылардың немесе сарапшылық ұйымдардың жұмысына ешкімнің де араласуға құқығы жоқ.
      3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілерінің сарапшылар мен сарапшылық ұйымдардың кәсіби қызметіне араласқаны үшін жауапкершілгі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес белгіленеді.
      64-10-бап. Сарапшылық ұйымдарға қойылатын талаптар
      1. Сарапшылық ұйымдардың құрамында жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін мамандандықтары бойынша аттестатталған кемінде бес сарапшы болуға тиіс.
      2. Сарапшылық ұйымдар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, аккредиттеу қағидаларында белгілеген тәртіппен аккредиттеуден өтуге;
      2) іс қағаздарын жүргізу шеңберінде құжаттардың сараптамаға келіп түскен күні мен сараптама қорытындылары берілген күннің есебін жүргізуге міндетті.
      64-11-бап. Аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың кәсіптік бірлестігі
      1. Құрылыс объектілерін жобалау саласында сарапшылық қызметті жүзеге асыратын аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың кәсіптік бірлестігі олардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін құрылған заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы) – Палата нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      2. Палатаның қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасымен және жарғымен реттеледі. Палатаның қызметін қаржыландыру мүшелік жарналарды төлеу есебінен жүзеге асырылады. Жарналардың мөлшері және оларды төлеу тәртібі жарғыда айқындалады.
      Кіру жарналарын алуға жол берілмейді.
      3. Кәсіптік бірлестіктің (Палатаның) жоғарғы басқару органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) болып табылады.
      4. Кәсіптік бірлестікке басшылық жасауды оның мүшелерінің жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) сайлаған басқарма және Палата төрағасы жүзеге асырады.
      5. Аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың кәсіптік бірлестігінің функцияларына:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау;
      2) сарапшылық ұйымдарды аккредиттеу және аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
      3) тұрақты жұмыс істейтін сарапшылардың біліктілігін арттыру курстарын құру және өткізу;
      4) сарапшылар мен сарапшылық ұйымдар жұмысының оң тәжірибесіне талдау жүргізу, оны қорыту және тарату;
      5) сарапшылардың әдеп кодексін әзірлеу және оның сақталуын тексеру;
      6) жарғыда көзделген өзге де функциялар жатады.
      6. Кәсіптік бірлестіктің аккредиттелген сарапшылық ұйымдар туралы ақпараты бар ресми интернет-ресурсының болуы міндетті талап болып табылады.»;
      11) 66-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер мердiгер таңдау жөніндегi конкурстың (тендердiң) талаптарында техникалық-экономикалық негіздемелер жасау және жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу тапсырыс берушінің мiндетiне кiрсе, мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткiзу кезiнде тапсырыс берушінің қажеттi мiндетті сараптамадан өтiп, белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негіздемесi мен жобалау-сметалық құжаттамасының болуы мiндеттi.»;
      12) 68-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жобалауға берiлген тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттiк нормативтiк құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келiсiледi, сараптамадан өткізіледі және бекiтiледi.
      Жобалардың сараптамасы осы Заңның 9-1-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.».
      2-бап. Қорытынды және өтпелі ережелер
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңындағы:
      1) 20-баптың 11-4) тармақшасы сарапшылық ұйымдардың кәсіби бірлестіктерінің жұмысы басталған сәттен бастап күшін жояды;
      2) 64-4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданысқа енгізіледі:
      «1) жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамалар):
      қаржыландыру көздеріне қарамастан қауіптілігі ықтимал жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған;
      бюджет қаражаты немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы қауіптілігі ықтимал, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға және күрделі жөндеуге арналған;»;
      3) 64-4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданысқа енгізіледі:
      «1) жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамалардың):
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектілерге жатқызылған жаңа объектілерін;
      жаңа бірегей объектілерді;
      бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуымен қаржыландырылатын техникалық және (немесе) технологиялық жағынан жаңа күрделі ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған.»;
      4) 64-5-баптың 4-тармағы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
      5) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 64-6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда қолданысқа енгізіледі:
      «3. Сарапшыларды басқа аккредиттелген немесе мемлекеттік сарапшылық ұйыммен шарт бойынша штаттан тыс сарапшы ретінде тарту, сондай-ақ сарапшылық ұйым басшылығының тапсырмасы бойынша жобаның жекелеген бөлімдерінің (бөліктерінің) сараптамасын орындау жағдайларын қоспағанда, олардың сарапшылық қызметті жеке-дара жүзеге асыруға құқығы жоқ.».

      Қазақстан Республикасының
      Президенті