"Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 410 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасында:
      «Ағымдағы ахуалды талдау» деген 3-бөлімде:
      «Коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі» деген 2-кіші бөлімде:
      «Электрмен жабдықтауда» бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электрмен жабдықтау саласында бүкіл коммуналдық сектор бойынша жөндеуді талап ететін желілердің үлесі өте жоғары. Айталық, республика бойынша 0,4 кВ электр желілерінің жалпы ұзындығы 133,6 мың км болсе, 73 %-ы немесе 97,5 мың км жөндеуді талап етеді. Сонымен қатар, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялар, үй ішіндегі таратушы қондырғылар мен желілер жөндеуді талап етеді.»;
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде «Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру» деген 1-міндетте:
      мына:
      «

2015 жылға қарай күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2010 жылғы 32 %-дан 2015 жылға қарай 22 %-ға төмендейді, %

30

28

25

22

20

18

16

14

13

12

тұрғын үй қорын нормативтiк пайдалануды дербес қамтамасыз ететiн кондоминиум объектiлерiнiң үлесi, %

70

72

75

78

80

82

84

86

87

88

                                                                »
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

2015 жылға қарай күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2010 жылғы 32 %-дан 2015 жылға қарай 22 %-ға төмендейді, %

30

28

27

24

22

20

17

14

13

12

тұрғын үй қорын нормативтiк пайдалануды дербес қамтамасыз ететiн кондоминиум объектiлерiнiң үлесi, %

70

72

73

76

78

80

83

86

87

88

                                                                 »;
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      «Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету» деген 5.1-кіші бөлімде:
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу ғимараттың қоршау конструкцияларының жылу-техникалық сипаттамасын жақсарту жөнiндегi құрылыс жұмыстары түрiндегi терможаңғырту элементтерiн қамтиды.»;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерімен толықтырылсын:
      «Терможаңғырту жұмыстарының екі түрі бар:
      1) жұмыстардың ең аз түрі – тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеу (жылылау);
      2) жұмыстардың ең көп түрі – тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін, жертөлесін, қасбетін жөндеу (жылылау), лифтін (бар болса) жөндеу.
      Үйдің шатырына, қасбетіне және кіреберісіне жөндеу жүргізу қажет болмаған кезде жертөлеге жөндеу жүргізу (инженерлік желілерді қоса алғанда) жоғарыда жазылғандарға жатпайды.
      Ғимаратты терможаңғырту жөнiндегi жұмыстар кешенi кезiнде жылу тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйелері және жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ құралдары орнатылады, олар республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.»;
      «2-тетікте»:
      он сегізінші бөлік алынып тасталсын;
      жиырма алтыншы бөлік алынып тасталсын;
      жиырма жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мамандандырылған уәкілетті ұйым қосалқы мердігерлерді тарту мүмкіндігімен ортақ мүлікке жөндеу жүргізеді.»;
      жиырма тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы қаражатты кондоминиум объектісін басқару органы мамандандырылған уәкілетті ұйым орындаған жөндеу жұмыстарына ақы төлеуге пайдаланады.»;
      отыз үшінші және отыз төртінші бөліктер алынып тасталсын;
      отыз тоғызыншы бөліктің 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      қырқыншы бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖСҚ әзірлеуді және оған сараптама жүргізуді ұйымдастырады;»;
      қырық бірінші бөлікте:
      2), 3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      7) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      мынадай мазмұндағы 5.3-кіші бөліммен толықтырылсын:
      «5.3 100 Гкал/сағ. дейiн қазандықтарды пайдалану секторын реформалау және дамыту»
      Бүгінгі күні коммуналдық инфрақұрылым объектiлерiнiң көбі 1970 жылдардан бастап 1980 жылдарға дейінгі кезеңде пайдалануға енгiзiлген әрі объективті табиғи және субъективті техногенді факторлармен азаю жағына қарай түзетілген оларды пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Инженерлік коммуникациялардың басым бөлігі салынған уақыттан бері өткен жылдары ішінде қалалар өзінің шекараларын айтарлықтай кеңейткенін және жобалаушылар жоспарлаған қуаттылықтар жаңа мегаполистердің тіршілігін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екендігін атап өткен жөн.
      Статистикалық деректердің негізінде республикада барлық көздердің жылу энергиясын жылдық өңдеуі 82 млн. Гкал құрайды, оның 25 млн. Гкал немесе 29 %-ын 100 Гкал/сағ. дейiнгі қазандықтар (бұдан әрі – қазандықтар) өндірді. Бұл ретте, әкімдіктердің деректері бойынша 2013 жылғы 1 тамызда республика бойынша қазандықтардың жалпы саны 5 646 бірлікті құрайды. Олардың ішінде қуаты бойынша қазандықтар былайша бөлінген:
      1) 1 Гкал/сағ. дейiн – 4 754 бірлік (84 %);
      2) 1-ден 10 Гкал/сағ. дейiн – 779 бірлік (14 %);
      3) 10 Гкал/сағ. жоғары – 113 бірлік (2 %).
      Отын түрі бойынша қазандықтар былайша бөлінген:
      1) қатты отында – 3 202 бірлік (59 %);
      2) газда – 1 623 бірлік (27 %);
      3) мазутта – 663 бірлік (11 %);
      4) электрде – 158 бірлік (3 %).
      Қазандықтардың екi негiзгi проблемасы олардың тозуының жоғары деңгейіне және ескірген технологияларға байланысты олардың төмен энергия тиімділігі мен экологияға жағымсыз әсері болып табылады. Орташа алғанда қазандықтардың тозуы шамамен 41 % құрап, кейбір жағдайларда 100 %-ға жетедi.
      Республика бойынша орташа алғанда, статистикалық деректерге сәйкес жылу энергиясының жыл сайынғы ысыраптары 10,7 млн. Гкал құрайды, оның ішінде қазандықтар бойынша жылу энергиясының ысыраптары жылына шамамен 3 млн. Гкал жетеді, бұл орташа құны 3000 тг./Гкал болған кезде 9 млрд. теңгеге жуық құрайды.
      Қазандықтардың проблемаларын шешу үшін шараларды үш негізгі топқа бөлуге болады: ұйымдастырушылық, технологиялық және экологиялық. Осы шараларды іске асыру нәтижесінде бюджеттік қаражатты салу тиімділігі артады, энергияны тұтыну 10 %-ға төмендеп, қаражатты үнемдеу жыл сайын 41 млрд. теңгені құрайды.
      Ұйымдастырушылық проблемалар
      Өңірлерден ақпаратты сұрату қазандықтарды пайдалану кезінде мынадай техникалық-экономикалық нормалардың өрескел бұзылатынын көрсетті:
      1) техникалық паспорттар жоқ;
      2) негiзгi өлшемдердің есебі жүргізілмейді (авариялықтың жиілігі мен деңгейі, пайдалы әсер коэффициенті (бұдан әрі – ПӘК), зиянды газдардың атмосфераға шекті рұқсат берілген шығарындылары);
      3) есептеу құралдары (авариялық датчиктер, газ талдағыштар), химиялық су дайындаудың болмауы.
      Техникалық-экономикалық нормаларды өрескел бұзудың негізгі себептерінің бірі жылумен жабдықтау жүйелері жұмысының технологиялық режимдерін бақылау және жылумен жабдықтау жүйелері жұмысының режимдерін кешенді жөнге келтіру жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың тапшылығы болып табылады.
      Осы бөлікте 100 Гкал сағатқа дейін жылумен жабдықтау көздері бойынша, оның ішінде, білім, денсаулық сақтау және мәдениет объектілері үшін басқарушы компаниялар құрылып, қазандықтарға кешенді техникалық тексеру өткізіледі. Осы шара қазандық секторының жұмысын жабдықтың сапалы жұмысы және автоматтандырылған деректерді беру үшін озық технологияларды енгізе отырып, бақылау, басқару, мониторинг бойынша схеманы жасауға мүмкіндік береді.
      Технологиялық проблемалар
      Технологиялық проблемалардың арасынан мыналарды атап көрсеткен жөн:
      1) тозған қазандықтар және ескірген технологиялар;
      2) химиялық су дайындаудың болмауы;
      3) отынды тиімсіз пайдалану.
      Қазандықтарда негізінен өткен ғасырдың ескірген энергия тиімсіз қазандары (НР, КСТ, Е және басқа сияқты маркалар) пайдаланылады. Қазандықтардың орташа ПӘК шамамен 40 %-ды құрайды.
      Осы проблеманы шешу үшін ескірген және өз ресурстарын тауысқан қазандар жаңа қазіргі заманғы қазандарға ауыстырылады. Осы бағытта жылумен жабдықтау секторын тұтастай реформалауға, оның ішінде қазандықтарды жаңғыртуға арналған шығындар ескерілетін бағдарламалық құжат әзірленуде. Бұл ретте, мынадай технологияларға артықшылық беріледі: қайнап жатқан қабаты бар қазандар, көп жүрісті контуры бар қазандар. Бұл қазандардың ПӘК-ін 85 %-ға арттыруды қамтамасыз етіп, олардың қызмет мерзімін ұзартады, көмір жағуды 40 %-ға азайтып, атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын қысқартады, пайдалану шығындарын азайтады.
      Айталық, 2,5 Гкал/сағ. қосылған қуаты бар ДКВР және ПӘК 30 % газ қазанын болашақта жаңа қазанға ауыстырған кезде газдың жылдық шығысы 2,6 млн. текше метрден 884 мың текше метрге дейін 66 %-ға қысқарады. Бір жылда бір қазанға отын үнемі 26 млн. теңгені құрайды. Нәтижесінде өңделген жылу энергиясының өзіндік құны 7 752 теңге/Гкал-дан бастап 2 736 теңге/Гкал-ға дейін азаяды. Жабдықтың 37,8 млн. теңге құнын ескере отырып, жобаның өзін-өзі өтеу мерзімі 1 жыл және 3 айды құрайды.
      Қазандардың ПӘК-ін 80-90 %-ға дейін арттыру болашақта отыннан ғана жылына шамамен 11,2 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы шараны пайдаланған кезде отынды тұтынуды азайту 40 %-ды немесе шамамен 2,5 млн. тоннаны құрайды, бұл бір тоннаның құны орташа есеппен 4,5 мың теңге болған кезде 11,2 млрд. теңгені үнемдейді. Сондай-ақ, қазандықтарды ауыстырған кезде қуатты 5-10 Гкал/сағ. дейін көмір жағатын блоктық-модульдік қазандықтарды (БМҚ) орнату мәселесі қаралатын болады. БМҚ-ның негізгі артықшылықтары монтаждаудың болмашы мерзімі және құны, ықшамдылығы, қазандардың жоғары ПӘК және автоматтандырылған басқару болып табылады.
      Қолданыстағы 5 Гкал/сағ. астам қазандықтардың орнына БМҚ орнату есебінен персоналды ұстаудан ай сайын 24,5 млн. теңге үнемделетін болады. Нәтижесінде жылу энергиясын өндіру құны шамамен 2 есеге төмендетіледі.
      Газ қоры жеткілікті өңірлерде проблеманы шешудің басқа нұсқасы газды отын ретінде көбірек пайдаланатын заманауи когенерация жүйелерін орнату болып табылады. Жағымды әсерлердің арасынан монтаждаудың ең аз мерзімін, қондырғы ықшамдылығын, жылу мен электр энергиясын өндірудің төмен өзіндік құнын (газ шығыны 1 кВт/сағатқа кемінде 0,3 текше метр, қондырғылардың жөндеу арасындағы ресурсы шамамен 60 мың сағат) атап өткен жөн. Жүйе электр энергиясына өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді және сырттан электр энергиясын беру технологиялық процесс барысына және жылу тарифінің құнына әсер етпейді.
      Сонымен қатар, осы бағытта эталонды жүйе болып танылған Данияның жылумен жабдықтау мәселелерін шешу бойынша тәжірибесін қолдану мәселесі қаралуда. Данияда жылумен жабдықтауды реформалау кешенді тәсілдің тиімділігін жылу және электр энергиясын аралас өндіруді белсенді қолдану ретінде көрсетеді. Бұл ретте, бірнеше энергия көздерінен жұмыс істейді: көмір, газ немесе мультиотынды ЖЭО, қоқыс жағатын зауыттар, биомассада жұмыс істейтіндер шағын ЖЭО және басқалар.
      Қазандықтарда химиялық су дайындауды қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі, бұл қазандық агрегаттардың техникалық сипаттамаларын қанағаттандыратын тазартылған суды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде республика бойынша химиялық су дайындау бойынша жабдықтардың 90 %-ында қазандық жоқ. Нәтижесінде, олардың қызмет ету мерзімі азайғандықтан, оларды жөндеуге және қазандықтар мен жылу желілерін жаңғыртуға қосымша қаражат бөлу қажет.
      Химиялық су дайындау жүйелерін орнатудан үнемдеу 15 жылда ақшалай мәнде шамамен 41 млрд. теңгені құрайды. Осылайша, әрбір 3 жылда құны 2,5 млн. теңге болатын қазанды ауыстырған кезде, шығындар 12,5 млн. теңгені құрайды.
      Химиялық су дайындау жабдығының құны орташа есеппен 1,5 млн. теңгені құрайды, пайдалану шығыстары да 1,5 млн. теңгеге жетеді, бұл қосқанда 3 млн. теңгені құрайды. Нәтижесінде, үнемдеу бір қазандыққа есептегенде 9,5 млн. теңгені құрайды. Химиялық су дайындауы жоқ барлық қазандықтар үшін (4 278 бірлік) үнемдеуді есептеген кезде, жиынтық сома 41 млрд. теңгеге дейін құрайды.
      Республикада отынның ең арзан және тиімді түрі көмір болып табылады. Сапа мәселелерін елемейтін әр түрлі ұйымдар жүзеге асыратын көмірді жеткізу проблемаларын да атап өткен жөн. Сонымен қатар, сапасы төмен көмірді пайдаланғандықтан, жыл сайын шамамен 3,6 млрд. теңге шығындалады. Демек, жылу көздеріне калориясы кемінде 4-5 мың ккал/кг көмір жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
      Сонымен бірге, қазандықтардың отынмен қамтамасыз етілуін талдау кезінде брикеттелген көмірді, концентратты, байытылған көмірді қолдану мүмкіндігін қараған жөн. 1 млн. тонна брикет шығаратын зауыттың болжамды құны 50 млн. евроны құрайды. Бұл ретте, отынға шығындардың жыл сайынғы үнемі 1,9 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, брикеттелген көмірді пайдаланған немесе қайнап жатқан қабаты бар қазандарды орнатқан кезде күл үйінділеріне деген қажеттілік айтарлықтай азаяды.
      Сапалы көмірді пайдалану нәтижесінде қазандықтардың өнімділігі жақсарады, атмосфераға зиянды заттардың шығарындысы азаяды.
      Отынмен қамтамасыз етуді жақсартудың қосымша мүмкіндігі өңірде жеткілікті мөлшерде болған жағдайда, газды отын ретінде пайдалану болып табылады. Атап айтқанда, көп пәтерлі тұрғын үйлерде әр пәтерді жылумен жабдықтау кезінде газды пайдалануға болады. Осы бағытта Ресейде, атап айтқанда, Татарстанда жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр. Жоғарыда аталған тәжірибені енгізген жағдайда, орталықтандырылған қазандықтарды салу және жылумен жабдықтау желілерін жаңа құрылыс объектілеріне қарай тарту қажеттілігі болмайды. Орнатылған жабдықты пайдалану үшін газ бен су ғана қажет болады.
      Алайда, мынадай екі проблеманы атап өткен жөн: газдың құны және нормативтік-құқықтық базаны сәйкес келтіру.
      Экологиялық проблемалар
      Пайдаланылатын көмірден күл көп шығатынын ескере отырып, күл үйінділері қуатының жетіспеушілігі экологиялық проблемалардың пайда болуына алып келеді. Бір күл үйіндісін салуға жұмсалатын шығындар 10 жылға 2 млрд. теңгеге жуық. Мысалы, «Көкшетау жылу» МКК 1,85 млн. текшеге арналған күл үйіндісін пайдаланады. Оны салуға жұмсаған шығын 1,8 млрд. теңгені құрады. Жыл сайын 132 мың тонна мөлшерінде қож шығаратын Екібастұз көмірін пайдаланған кезде, осы күл үйіндісі 10 жыл бойы күл қабылдауды қамтамасыз етеді.
      Сонымен қатар, осы бөлікте қолданыстағы қазандықтар жағдайларында жабдық орнату және төлем шығынды жаңғырту (электрсүзгілер, күл шығару және т.б.) бойынша технологиялық әдістер мен техникалық шешімдер қаралады. Бұл ретте, санитариялық нормаларға жауап бермейтін құрылғыларды пайдаланудың алды алынып, айыппұл санкциялары салынады.
      Тұтастай алғанда, жоғарыда көрсетілген барлық шаралар:
      1) бюджеттік қаражатты тиімді салуға;
      2) қазандықтарда энергия тұтынуды 10 %-ға азайтуға;
      3) бюджеттік қаражатты жыл сайын шамамен 41 млрд. теңге сомаға үнемдеуге мүмкіндік береді.»;
      «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары» деген 7-бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10.1 және 10.2-жолдармен толықтырылсын:
      «

10.1

100 Гкал /сағатқа дейін қазандықтарда басқару компаниясын құру

Әкімдіктердің қаулыcы

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2014-2015 жылдар








ЖБ


10.2

Тұрғын үйлерде жылу есептеу аспаптарын орнату

Орнатылған есептеу аспаптарының саны туралы ақпарат

«ТКШ даму қоры» АҚ (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2014 жыл

8000






РБ


                                                         ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов