"Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 315 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
      «Бағдарламаның міндеттері» деген жол мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. Кейін осы шешімдерді отандық кәсiпорындарға енгiзу үшiн ғылымның алдына нақты технологиялық міндеттер қою.
      5. Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін ғылымды қажетсінетін және бәсекеге қабілетті биотехнологиялық өнімдерді жасау және енгізу.»;
      «Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
      1. 2010 2011 жылдар:
      Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде инновацияларды дамытуды мемлекеттiк қолдаудың кешендi тетiгiн жасау және сынау болжанады.
      2. 2012 2014 жылдар:
      Бағдарламаны iске асырудың екiншi кезеңiнде бiрiншi кезеңде әзiрленген ғылыми-технологиялық процестердi қолдау құралдарын қолдану, өз тиiмдiлiгiн көрсеткен пилоттық жобалардан оларды ауқымдандыруға көшу болжанады.»;
      «Нысаналы индикаторлар» деген жол мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      «12. 2015 жылға қарай зерттеулер мен әзірлемелерге iшкi шығындардың жалпы iшкi өнiмдегі үлесін 1 %-ға ұлғайту.»;
      «3. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
      «1. Саланың (сектордың) ағымдағы жағдайына баға беру, сондай-ақ бұл саланың (сектордың) елдiң әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерi» мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Саланың (сектордың) ағымдағы жағдайына баға беру, сондай-ақ бұл саланың (сектордың) елдiң әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерi
      Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгі туралы 2012 2013 жылдарға арналған есептің қорытындылары бойынша Қазақстан әлемнiң 144 елi арасында 51-орын алып отыр, бұл өткен жылғы позициядан 21 тармаққа жоғары болып табылады. Рейтингтiң жақсаруы, ең алдымен, макроэкономикалық тұрақтылықпен және технологиялық әзiрлiк саласындағы iлгерiлеумен түсiндiрiледi. Сонымен қатар, инновациялардың даму деңгейi бойынша Қазақстан 103-орынды иеленiп отыр, бұл мемлекеттiк саясатты және ұлттық басымдықтарды жетiлдiру үшiн негiз болып табылады.
      Мемлекет тарапынан жүйелi күш-жiгердiң нәтижесiнде инновациялар Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық маңызды бағыты ретiнде айқындалды. Бастапқыда инновациялық даму мәселелерi 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарда, содан кейiн 2003 2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясында, Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005 2015 жылдарға арналған бағдарламада көрiнiс тапты. Инновациялық қызметтi құқықтық реттеу 2006 жылы «Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануынан бастау алды.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың басталуы инновацияларды дамытуға жаңа серпiн бердi. Инновацияларды ынталандыру шаралары «Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, 15 iлеспе заңда және 35 заңға тәуелдi актiлерде бекiтiлген болатын.
      Бұдан басқа, әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі бойынша инновациялар саласындағы ұзақ мерзімді пайым және алдағы іс-әрекеттер жоспары айқындалды. Қазақстанның инновациялық саясатының келесі кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi инновациялық даму тұжырымдамасында көрініс тапты.
      Ғылым саласында реформалар iске асырылды. 2012 жылы ғылымды қаржыландыру екi есе көбейтiлдi (47 млрд. теңге) және жалпы iшкi өнiмнiң 0,22 %-ына дейiн жеттi. Қаржыландырудың базалық, бағдарламалық-нысаналы және гранттық жаңа тетiктерi енгiзiлдi. Бұдан басқа, ғылыми зерттеулердi қаржыландыру мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың қолданыс аясынан шығарылды.
      Ғылыми зерттеулердiң басымдықтарын Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындайды. Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды, олардың құрамына ғалымдар, бизнес өкiлдерi және шетелдiк сарапшылар кiредi. Мемлекеттiк гранттарға үмiткер ғылыми жобалардың сараптамасын жүргiзу кезiнде 2012 жылы әлемнiң 59 елiнен 659 шетелдiк сарапшы, оның iшiнде Еуропа мен Америка Құрама Штаттарынан 463 сарапшы жұмылдырылды.
      Осының аясында ғылыми-инновациялық даму көрсеткiштерiнде елеулi өзгерiстер орын алды. Инновациялық белсендiлiк көрсеткiшi 2009 жылғы 4 %-дан 2011 жылы 7,1 %-ға дейiн өстi. 2009 жылмен салыстырғанда технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар 6,2 есе (31-ден 194,9 млрд. теңгеге дейiн) өстi.
      Технологиялық инновацияларға салынған шетелдiк инвестициялардың 20 есе 2,1-ден 40 млрд. теңгеге дейiн өсуi маңызды фактор болып табылады, олардың үлесi қазiргi уақытта 20 %-ды құрайды. Шығарылатын инновациялық өнiм көлемi шамамен үштен бiр бөлiкке, 142,1-ден 235,9 млрд. теңгеге өстi.
      Бизнестiң, өнеркәсiптiң және ғылым саласының өзара iс-қимылының үдемелi ұлғаюы орын алып отыр. Зерттеулер мен әзiрлемелер бойынша бiрлескен жобалар саны 2009 жылы 235-тен 2011 жылы 390-ға дейiн немесе 40 %-ға өстi. Бұл ретте ғылыми ұйымдармен бiрлескен жобалар саны екi есеге 60-тан 134-ке дейiн өстi, осы жобалардың үлесi 25-тен 34,3 %-ға дейiн артты. Сондай-ақ жоғары оқу орындарымен бiрлескен жобалар саны (15-тен 45-ке дейiн) ұлғайды, жоғарғы оқу орындары әзiрлемелерiнiң үлес салмағы 6,4-тен 11,5 %-ға дейiн өстi.
      Инновациялық бизнес жаңа серпiлiс алды. Егер 2003 жылдан бастап 2009 жыл аралығы кезеңiнде шамамен 180 инновациялық жобаға қолдау көрсетiлген болса, 2010 2012 жылдар iшiнде 400-ден астам жоба қолдау тапты.»;
      «4. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау» деген кіші бөлімде:
      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инновациялық қызмет елде Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» және  «Ғылым туралы» заңдарымен реттеледі.
      Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» (бұдан әрі Заң) және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» (бұдан әрі – ілеспе Заң) заңдары инновациялық бизнесті дамыту мәселелерін шешу мақсатында 2012 жылы қаңтарда қабылданды.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Инновацияларды дамытудың барлық кезеңдерінде инновацияларды мемлекеттік қолдаудың ең жоғарғы ықтимал көлемімен қамтамасыз ету Заңның түйінді идеясы болып табылады. Заң халықаралық үрдістерге сәйкес инновация саласындағы терминологияны жетілдірілді, ол аса ауқымды ұғым – жаңа немесе жетілдірілген өндіріс түріндегі жеке және заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Бұдан басқа, Заңда мемлекеттік органдардың құзыреттері неғұрлым анық бөлінді, индустриялық-инновациялық жүйенің құрамы құрылды, елді технологиялық жоспарлау жүйесінің негізі қаланды, индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудың тиімділігін талдау тетігі ұсынылды, инновацияларды қолдау мен ынталандырудың жаңа тетіктері көзделді және қолданыстағы тетіктері жетілдірілді. Заңда индустриялық-инновациялық дамуды қолдаудың, оның ішінде инновациялық гранттардың 9 жаңа түрін қамтитын 14 құралы айқындалды.
      Сонымен қатар, ілеспе Заңға сәйкес ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың үлесін салықтық ынталандыру шаралары енгізілді. Олардың арасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығыстардың салық салу базасынан шегерімдер 50 % мөлшерінде және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған жиынтық жылдық табысынан жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын тура салық – 1 % мөлшерінде.»;
      мынадай мазмұндағы «6. Саланың инновациялық-технологиялық дамуын талдау» деген кіші бөліммен толықтырылсын:
      «6. Саланың инновациялық-технологиялық дамуын талдау
      Қазіргі уақытта, әлемдік қоғамдастық үшінші индустриялық революцияға қадам басты, оның сипаттамаларының бірі сұранысты топтау, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде жеке тәсілді қолдану болып табылады, бұл жұмыс күшіне, өндірісті орналастыру мен ұйымдастыруға қойылатын талаптарға маңызды әсер етуге тиіс.
      Осыған байланысты, Қазақстан индустриялық саясатты экономиканың басым салаларында бәсекелес артықшылықтарды мақсатты түрде пайдалануға бағыттауы қажет.
      Айталық, ғылыми-техникалық даму басымдылықтарын айқындау мақсатында 2010 – 2011 жылдар кезеңінде Корея ғылым мен технологияларды бағалау және жоспарлау институтының (КИСТЕП) әдіснамалық сүйемелдеуімен 2020 жылға дейінгі кезеңге бірінші ғылыми-технологиялық болжам жасау бойынша жұмыс жүзеге асырылды.
      Ғылым мен технологиялар дамуының ішкі және жаһандық трендтерін егжей-тегжейлі талдау, сондай-ақ Қазақстанның басқа елдермен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі деңгейін позициялау нәтижелері негізінде сараптамалық топтар Қазақстанның 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының пайымын, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдады. Ғылыми-технологиялық дамудың пайымы мен мақсатына қол жеткізу үшін елге қажетті түйінді ғылыми-технологиялық бағыттар мен технологиялар айқындалды.
      Осылайша, жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстан үшін 2020 жылға дейінгі кезеңге басым болатын салалар қатарына – агроөнеркәсіптік, тау кен-металлургия кешендері, энергетикалық сектор, мұнай және газ секторы, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, химия және мұнай химиясы кірді.
      Қолда бар ресурстарды республиканың стратегиялық басымдығына шоғырландыру мақсатында айқындалған салалардың шеңберінде Қазақстанның одан әрі дамуына серпін беретін және елді жаңа технологиялық деңгейге шығаратын 75 сындарлы технологиялар айқындалған.
      Сындарлы технологияларды дамыту үшін мемлекет пен бизнестің үлестік қатысуы негізінде технологиялық құзыретті жоғарылату тетігіне айналуға тиіс нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленеді.»;
      «4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеті, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
      «2. Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

12

2015 жылға қарай зерттеулер мен әзірлемелерге iшкi шығындардың жалпы iшкi өнiмдегі үлесін 1 %-ға ұлғайту

%

0,15

0,10

0,2

0,5

1

                                                                  »;

      «3. Бағдарламаның міндеті» деген кіші бөлімде:
      «Технологиялық болжау және жоспарлау» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Технологиялық болжау
      Технологиялық болжауды жүргізу Бағдарламаны өткізу және іске асыру кезінде ұзақ мерзімді құрал болады. Бұл, бір жағынан, өз құзыретінің дамуын қамтамасыз етуге, ал екінші жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді даму стратегиясын нақты айқындауға мүмкіндік береді.
      Технологиялық болжау жүйесін енгізу мыналарға:
      технологиялық дамудың басым салаларын айқындауға;
      сындарлы технологиялар бойынша болжамды инновацияларды және технологиялық шешімдерді бағалауға;
      нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеуге бағытталған.»;
      «4. Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi» деген кіші бөлімде 2-тармақтың екінші бөлігінде «өңiрлiк және» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                    С. Ахметов