"Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 389 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.06.2021 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 251-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларында:

      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қауымдастық құрылтайшыларының:

      аңшылық шаруашылығын жүргізу, азаматтарды аңшылық минимумына оқыту бойынша үш жылдан кем емес;

      аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша әдістемелік әдебиетті әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрі

С. Ахметов