"Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 251-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларында:
      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қауымдастық құрылтайшыларының:
      аңшылық шаруашылығын жүргізу, азаматтарды аңшылық минимумына оқыту бойынша үш жылдан кем емес;
      аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша әдістемелік әдебиетті әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов