Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 270 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер осы Нұсқаулықта өзгеше белгіленбесе, осы Нұсқаулықта ішкі құжаттарды қоса алғанда, құпия емес сипаттағы және "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпаратты құрайтын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту қағидалары айқындалады.

      Қызметтік ақпаратты және/немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қпү қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесіне және Кеңседе қолданылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) жабық (құпия) кілтін және ЭЦҚ құралын (ЭЦҚ қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған және ЭЦҚ ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық құжаттың ЭЦҚ есептеу мен тексеруден кейін ЭЦҚ тексерудің (ЭЦҚ түпнұсқалығын растаудың (анықтаудың) оң қорытындысын белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізгіш түріне қарамастан, ресми құжаттармен және ішкі құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.

      4. Осы Нұсқаулықпен:

      1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленетін Кеңседе жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау;

      2) Кеңседе, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

      3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін шифрланған құжаттық байланысты пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат жазысуды жүргізу тәртібі реттелмейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – БҚҚБ) Кеңсенің жаңа қызметкерлерін осы Нұсқаулықпен және Кеңсенің қызметін регламенттейтін басқа құжаттармен таныстырады.";

      8-тармақтың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кеңсеге түсетін хат-хабарды БҚҚБ күнін, уақытын және құжаттарды алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, ал ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды – ЭЦҚ ашық кілтін және ЭЦҚ қалыптастыру және тексеру процестерін іске асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігін растау рәсімінен өткен ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (ЭЦҚ құралы) пайдалана отырып, ЭЦҚ түпнұсқалылығын тексеру рәсімі өткізілгеннен кейін қабылдайды.";

      "Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, "Сараптау-тексеру комиссиясы" (бұдан әрі – СТК) белгісі бар құжаттардан басқа) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында ғана қабылданады және жолданады.";

      9-тармақ алынып тасталсын;

      11 , 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Конверттерді ашардың алдында БҚҚБ қызметкері олардың арналуы мен ресімделуінің дұрыстығын, орамының бүтіндігін (мөрлер болған кезде) тексереді. Конверттерді ашқан кезде мекенжайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады, құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.

      Алынған құжаттар мен пакеттер жеткіліксіз болған немесе бүлінген, конверттердің нөмірлері құжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, үш данада акт жасалады (2-қосымша), бұл ретте актінің бір данасы БҚҚБ-да қалады, екіншісі құжатпен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жөнелтушіге жолданады.

      Дұрыс арналмаған және ресімделмеген немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларында көзделген міндетті деректемелері жоқ, қате салынған құжаттар арналуы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.

      Келіп түскен хат-хабарлардың конверттері жөнелтушінің тегін, атын, әкесінің атын және мекенжайын, құжаттардың жөнелтілген және алынған күні мен уақытын тек конверт арқылы ғана анықтау мүмкін болатын жағдайларда ғана хат-хабарға қосылады.

      "Жеке өзіне" деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер БҚҚБ-да ашуға жатады.

      "Жеке өзіне" деген белгімен қабылданған құжаттар мен пакеттер (жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінен басқа) тізілімдерде есепке алынады және ашылмай, тікелей адресатқа беріледі.

      12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмағанда бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам), өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктердің немесе агенттіктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам қол қойған немесе толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдануға жатады.

      Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының мөртаңбамен расталған көшірмелері қоса беріледі.

      Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, тапсырмалардың орындалуы туралы сауалға жауап қайтару немесе есеп (ақпарат) беру кезінде Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күнге сәйкес келетін құжаттарды (басқа жерден почтамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды.

      Орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы, Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ құжат данасының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі сол жақ бұрышында немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469, Asanov.S@ukimet.kz (Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі). Құжат қосымшасының әр парағын құжатқа қол қойған немесе дайындаған адам (құжатты орындаушы) дәйектеуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының Президентіне, Президент Әкімшілігіне, Парламент депутаттарына, Бас прокуратураға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жіберілетін жауаптардың жобаларының әр парағын осы жауап жобасын әзірлеген мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам дәйектейді.

      Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі бланкісіз қол қойылған нұсқасы қоса беріледі).

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде даналарының саны ескерілмейді.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында келіп түсетін құжаттарды (тек электрондық нысанда) Кеңсе сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Көрсетілген мерзімнен кейін түскен құжаттар Кеңсе Басшысының немесе оның орынбасарларының нұсқауымен ғана қабылданады.

      13. Мыналар:

      1) осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып ресімделген құжаттар мен оларға қосымшалар;

      2) факсимиле, түзетілген және өзге де ластанған жерлер, бүлінген, соның ішінде тескішпен тігілген, шимай қағаздарда және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелерінде орындалған құжаттар;

      3) дұрыс мекенжайға жіберілмеген (Кеңсенің атауы, Үкімет пен Кеңсе басшылығының лауазымдары, тегі, аты, әкесінің аты дұрыс жазылмаған) хаттар;

      4) бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері жоқ мемлекеттік органдардың хаттары;

      5) қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасына сәйкес келмейтін, оның ішінде электрондық құжаттар нысанындағы құжаттар (ЭЦҚ тексерудің теріс нәтижесі, мазмұны, парақтар саны, бланк нысанында көзделген міндетті деректемелердің болмауы және/немесе деректемелердің, сондай-ақ мәтіннің дұрыс орналастырылмауы);

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін электрондық құжаттар нысанында ғана түсетін құжаттар Кеңседе қабылдауға жатпайды.";

      13-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-3. Қызметтік қажеттілігіне орай БҚҚБ-дан өтпей Кеңсе қызметкерлері қабылдаған хат-хабар (құжаттар) дереу БҚҚБ іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге берілуге тиіс.";

      13-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-4. Кіріс хат-хабарын тіркеуді оң жақ төменгі бұрышына (немесе бос кеңістік болмаған жағдайларда сол жақ жоғарғы бұрышына) негізгі құжаттың және оған қосымшалардың кіріс тіркеу нөмірі, түскен күні, парақтарының саны көрсетілетін мөртаңба қою жолымен БҚҚБ жүзеге асырады. Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға "№___ -ге" деген белгімен негізгі құжаттың тіркеу нөмірі қойылады.

      Бақылаудағы құжатқа тіркеу нөмірі берілгеннен кейін БҚҚБ есептік деректерінен бұрын берілген тіркеу нөмірі жабылып, оны бір мәрте тіркеу қамтамасыз етіледі.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат ЭЦҚ тексерілгеннен кейін тіркеледі және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы басшылықтың қабылдау бөлмелеріне және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшелер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесіне сәйкес беріледі.

      Шет тіліндегі кіріс хат-хабарын тіркеген кезде мөртаңба түпнұсқаға және аударма мәтінге "Аударма" деген белгімен қойылады.

      Кеңсеге шет тілінде түскен шетелдік корреспонденттердің хаттары БҚҚБ алдын ала қарағаннан кейін тиесілілігі бойынша Үкімет, Кеңсе басшылығының және құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелеріне жіберіледі.";

      14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. БҚҚБ меңгерушісі алдын ала қарағаннан және тіркелгеннен кейін құжаттар осы Нұсқаулықтың 20 және 21-тармақтарының талаптары орындала отырып, құзыреті бойынша Үкімет, Кеңсе басшылығының және құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелеріне беріліп, қол қойғызылады. Құжаттардың өтуі және тиісінше сақталуы үшін жауапкершілік қабылдау бөлмелері мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жүктеледі.

      Электрондық құжат нысанында ғана түскен бастапқы құжаттар қағаз жеткізгіште басып шығарылып, кейіннен басшылыққа баяндау үшін белгіленген тәртіппен расталады.

      Тапсырмаға (нөмірге) электрондық құжат нысанында ғана келіп түскен құжаттарды БҚҚБ қағаз жеткізгішке басып шығармай, ЭҚАБЖ дерекқорында тіркейді және құжаттың орындаушылары мен бірлесіп орындаушылары болып табылатын құрылымдық бөлімшелерге беріп, тізілімде белгілейді.

      БҚҚБ меңгерушісі зерделеу нәтижелері бойынша мыналарды:

      1) егер көтеріліп отырған мәселелер жекелеген мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне жататын болса және тиісінше олардың өздері шеше алатын болса, мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет Басшылығында кеңес өткізу жөніндегі өтініштерін;

      2) өздері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беруді өтінген әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтініштерін;

      3) Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің шешімдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдауды талап ететін, бірақ өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер құзыретіне жататын орталық атқарушы органдарда пысықталмаған мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың өтініштерін;

      4) белгіленген есептілікте берілуі көзделмеген ақпаратты;

      5) Үкіметтің бақылауында жоқ және олар бойынша Үкіметті және/немесе Кеңсені хабардар ету қажеттілігі туралы нақты тапсырмалар берілмеген тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпаратты;

      6) салықтарды төлеу мерзімін ұзарту, салықтар мен кедендік төлемдер бойынша төлеу мерзімін ұзарту және/немесе жеңілдіктер беру туралы өтінішті;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қамтитын құжаттарды қабылдамауы немесе қарамастан қайтаруы мүмкін.

      15. Құпия хат-хабар тек БҚҚБ құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторында (бұдан әрі – құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы) ғана өңделеді.

      16. Құжаттардың одан әрі өтуінде түсініксіздік пайда болған жағдайларда, ол БҚҚБ меңгерушісіне, ал қажет болған жағдайда – Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына мәлімделеді.";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Үкіметтің қарауын талап етпейтін әрі орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар шеше алатын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін Үкімет Регламентіне және Кеңсе туралы ережеге сәйкес БҚҚБ меңгерушісі (ол болмаған кезде – меңгерушінің орынбасары) тиісті министрліктерге, агенттіктерге, әкімдерге және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді.";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен келіп түскен құжаттар тіркеледі, сканерленеді, олардың көшірмелері БҚҚБ-ға беріледі. Бірлесіп орындаушы бөлімдерге құжаттар электрондық құжаттар нысанында беріліп, тізілімде белгіленеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Үкіметке келіп түсетін құжаттар, әдетте, мынадай тұрғыда бөлінеді:

      Премьер-Министрдің қарауына:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары;

      2) Парламент палаталары төрағаларының, Мемлекеттік хатшының, Жоғарғы Сот Төрағасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің жеке өзіне жолдаған хаттар;

      3) Бас прокуратураның хаттары мен прокурорлық қадағалау актілері;

      4) мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшыларының хаттары;

      5) Конституциялық Кеңестің өтініштері, қаулылары мен жолдаулары;

      6) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің хаттары мен қаулылары;

      7) Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметтік жазбалар мен басқа да хат-хабар;

      8) жол жүргенге дейін 3 (үш) күн бұрын министрліктердің, агенттіктердің, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (бұдан әрі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ"), "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" (бұдан әрі – "ҚазАгро" ҰБХ"), "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ") акционерлік қоғамдарының басқарма төрағаларының іссапарға шығуына рұқсат алуға байланысты өтініштер беріледі;

      Премьер-Министр орынбасарларының қарауына тікелей өздеріне арналған, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес өздері жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабар (құжаттар) беріледі;

      Кеңсе Басшысына:

      1) Үкімет Регламентіне, Кеңсе туралы ережеге және Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындауын бақылау мәселелері жөніндегі материалдар;

      2) Үкіметке және Премьер-Министрге депутаттық сауалдар:

      3) Үкіметтің мәжілістерін, кеңестер, республикалық деңгейде басқа да іс-шаралар өткізуге байланысты құжаттар;

      4) Үкімет Регламентіне, Кеңсе туралы ережеге және Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес құжаттар жіберіледі;

      Кеңсе Басшының орынбасарына (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін):

      1) Заң бөліміне жіберілетін барлық хат-хабар (құжаттар) алдын ала қарауға;

      2) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" және "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің отырыстарына шығарылатын мәселелер жөніндегі материалдардың көшірмелері жіберіледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Кіріс құжаттар мен ол бойынша қабылданған Премьер-Министр қарарларының қысқаша мазмұны тіркеу-бақылау карточкаларының (бұдан әрі – ТБК) дерекқорына енгізіледі.";

      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "27. Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына жолданатын құжаттар тиісінше Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының көмекшілеріне (кеңесшілеріне) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне беріледі, олар БҚҚБ-да алған күні мен уақытын көрсете отырып, ТБК-ға құжаттарды алғаны үшін қол қояды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Парламент депутаттарының сауалдары бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын бөлімдердің қызметкерлері Кеңсенің басқа тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша дайындайды.

      Прокурорлық қадағалау актілері, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері мен қаулылары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары Премьер-Министрдің мәселеге жетекшілік ететін орынбасарымен, сондай-ақ Заң бөлімімен және Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) келісіледі.

      Прокурорлық қадағалау актілері бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары мен Үкімет жауаптары қосымша Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімімен келісіледі.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өтініштері мен қаулылары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары мен Үкімет жауаптары қосымша Әлеуметтік-экономикалық бөліммен келісіледі.

      Парламент депутаттарының сауалдары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары мен олар бойынша жауаптар Премьер-Министрдің мәселеге жетекшілік ететін орынбасарымен, Кеңсе басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілдігінің басшысымен, сондай-ақ құқықтық мәселелер болса – Заң бөлімімен және Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) келісіледі.

      Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тапсырмалары мен ұсынымдарының орындалуын ұдайы мониторингілеуді Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.

      Үкімет атына жіберілген тиісті заңдылықты бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту бөлігіндегі прокурорлық қадағалау актілерінің орындалуын ұдайы мониторингілеуді Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі жүзеге асырады.";

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қарарда:

      1) орындаушылар (ұйымдардың атауы атау септігінде, лауазымдытұлғалардың тегі мен аты-жөні барыс септігінде);

      2) құжатты қолданудың анық және толық мазмұны немесе орындаудың тәртібі мен сипаты (азаматтардың өтініштері бойынша тапсырмада өтініш берушіге заңнамада белгіленген мерзімдерде жауап беру қажеттігі туралы тапсырма көрсетіледі);

      3) орындау мерзімі (қажет болған жағдайда);

      4) басшының толық жазылған жеке қолы (атының бірінші әрпі мен тегі);

      5) күні (күні, айы, жылы);

      6) құжаттың нөмірі;

      7) төменгі жақта, сызықтың астынан қарар қандай құжатқа қатысты екендігі, сондай-ақ бұл құжаттың күні мен нөмірі көрсетілуі тиіс.

      Қарарларды ресімдеудің үлгісі – 5-қосымша.

      Егер тапсырма Заң бөліміне де жолданса немесе көшірмелері Заң бөліміне жіберілсе, қарарда міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) көрсетіледі.

      33. Қаралған бастапқы құжаттарды Үкімет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері құжаттарды қарарларға сәйкес қайта белгілеу және жөнелту үшін ТБК-мен бірге БҚҚБ-ға береді.

      Шұғыл құжаттар мен тапсырмаларды (орындау мерзімі үш жұмыс күніне дейін) адресаттарға жедел жөнелтуді қамтамасыз ету үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, Үкімет, Кеңсе Басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) мен қабылдау бөлмелерінің және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері көрсетілген құжаттар мен тапсырмаларды электрондық құжат айналымы жүйесін немесе шұғыл қажет болған жағдайда факсимильдік байланысты пайдалана отырып, электрондық құжаттар форматында БҚҚБ-ға беріп, кейіннен оларды БҚҚБ арқылы адресаттарға жөнелтуге тиіс.";

      35-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "БҚҚБ-дан құжатты алған сәттен бастап оны тікелей орындаушыға беруге дейінгі мерзім 4 (төрт) сағаттан аспауы тиіс.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Құжат бойынша бірлесіп орындаушылар болған кезде негізгі орындаушыда келісілген қарардың (қызметтік жазбаның, әзірленген құжаттың) жобасы құжат бойынша орындаушы арқылы бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімше басшысының қабылдау бөлмесіне жіберіледі. Бірлесіп орындаушыда келісуге арналған мерзім – БҚҚБ қызметкерінен құжатты алған сәттен бастап 3-4 сағаттан аспайды.";

      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Орындаушының және бірлесіп орындаушының құрылымдық бөлімшелерінде қарардың (қызметтік жазбаның, әзірленген құжаттың) жобасын дайындау мен келісуге арналған мерзім тікелей орындаушы құжатты алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қарардың (қызметтік жазбаның, әзірленген құжаттың) жобасы бойынша бірлесіп орындаушыда ескертулер болған жағдайда, бірлесіп орындаушыларға жазбаша дәлелді ұсыныстар мен қарсылықтар ұсынылады.";

      40-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Карточкада құжаттың орындалу барысы (еске салу, сұратулар, жауаптар, анықтамалар және т.с.с.) белгіленеді. Карточкалардағы жазбаларды құрылымдық бөлімшенің қабылдау бөлмесінің қызметкері есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі ЭҚАБЖ ТБК дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, өз қолымен қаламмен жүргізеді.";

      41-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер мәселе ауызша шешілсе, онда орындаушы құжаттың өзіне және карточкаға әңгіме болған адамның лауазымы мен тегін, оның қысқаша мазмұны мен күнін жазып, құрылымдық бөлімшенің басшысына баяндалғаны туралы белгілейді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Құжаттарды дайындаған кезде осы Нұсқаулықты және өзге де қолданыстағы қағидаларды, анықтамалықтарды, сөздіктерді басшылыққа ала отырып, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауларын жазудың бірізділігін сақтаған жөн*.

      Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хаттар (оның ішінде электрондық құжат нысанында) қысқа әрі анық болуға тиіс. Әрбір құжат, әдетте, бір мәселе бойынша құрастырылып, осы Нұсқаулыққа 14 , 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде басып шығарылуға (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі), күні мен нөмірі, адресаты, тақырыбы мен мәтіні, қолы, аттарының бірінші әріптері мен тегі, орындаушы туралы белгі болуға тиіс.

      Шығыс хаттар, әдетте, екі данада дайындалады және қол қойылады, бұл ретте Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесінің ағымдағы мұрағатында сақталатын екінші данасында бұрыштама соғу күні көрсетіле отырып, орындаушы мен осы құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасы болуға тиіс.

      Құжатқа күн сәулесіне төзімді сиямен қол қойылады. Құжаттың түпнұсқасына факсимиле қою арқылы қол қоюға тыйым салынады.

      Ескертпе:* құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес ресімделуі тиіс.";

      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Шығыс құжаттар (хат-хабары) құжаттар деректемелерінің есептік деректерін электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, тіркеу-бақылау карточкаларында (1-қосымша) ескеріледі.

      Электрондық шығыс құжаттарын жасау (әзірлеу) кезінде осы Нұсқаулыққа 14, 15 , 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондары да пайдаланылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың және осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып ресімделген және/немесе міндетті деректемелері жоқ құжаттар адресаттарға, оның ішінде электрондық құжаттар нысанында жіберілмейді.

      48. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, басқа мемлекеттер басшыларына жіберілетін құжаттар осы Нұсқаулыққа 14 , 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр бланкілерінде дайындалып жіберіледі және оларға Премьер-Министр немесе Премьер-Министрдің орынбасары екі данада қол қояды. Елтаңбалық бланкілер А4 бланк форматындағы (210х297мм) ақ қағазға басып шығарылады.

      Екінші данасында орындаушының, тиісті құрылымдық бөлімше басшысының және қажет болған жағдайда Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының, Кеңсе Басшысының және құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда – Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) бұрыштамасы болуы тиіс.

      Көрсетілген шығыс құжаттары белгіленген тәртіппен электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар (хабарламалар) форматында жөнелтілуі (берілуі) мүмкін.

      Жекелеген ағымдағы мәселелер бойынша хаттарға Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары қол қоя алады. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерге сәйкес белгіленген үлгідегі тиісті бланкілерде орындалған хаттарға Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары қол қоя алады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберілетін құжаттар, әдетте, А-4 (201х297мм) форматындағы ақ қағаз парағының бір жағына немесе ашық түсті қағазда, мөлшері 14-қаріппен (ТNR) 1 жоларалық интервалмен, Мемлекет басшысына баяндауға жататындар – мөлшері 16-қаріппен (Агіаl) 1,5 интервал арқылы тиісті ресми бланкілерге басылады. Соңғы парағында төменгі сол жағында немесе парақтың артқы жағында орындаушының тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі, сондай-ақ электрондық мекенжайы көрсетіледі. Әдетте, барлық деректемелер басылуы тиіс. Түзетулер мен тазартуға жол берілмейді. Электрондық құжаттың мазмұны мен деректемелері қағаз құжатпен бірдей болуға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберілетін ақпарат пен басқа құжаттардың көлемі 3 (үш), ал ірі мәселелер бойынша – 5 (бес) парақтан аспауға тиіс. Құжаттардың мәтіндері анық, дәйекті, қысқа баяндалуға тиіс.

      Мемлекеттік органдарға жіберу үшін жасалатын ақпараттардың, есептердің мәтіндері парақтың екі жағына да басылады. Бұл ретте беткі жақтары тақ сандармен, артқы жақтары жұп сандармен нөмірленеді. Парақтың артқы жағына басқан кезде сол жақтағы және оң жақтағы жиектер мөлшерінің орны ауыстырылады.

      Электрондық кұжаттың ТБК ЭҚАБЖ талаптарына сәйкес толтырылады. Қысқаша мазмұны құжат жіберілетін тілде беріледі.";

      48-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-2. Үкімет немесе Кеңсе Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберетін есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндеттерін атқаратын тұлға) не жетекшілік ететін бағыты (мәселесі) бойынша Премьер-Министрдің орынбасары, не Кеңсе Басшысы қол қояды.";

      мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

      "49-1. Кеңсе Басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін атқару өзге адамға жүктелген жағдайларды қоспағанда, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы қысқа уақыт (1-2 күн) болмаған жағдайда, олардың кеңесшілері (қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері) кіріс хат-хабарын қабылдау жөніндегі жұмысты Кеңседегі ішкі тәртіпке сәйкес үзіліссіз қамтамасыз етеді.";

      51-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттың шығыс нөмірі мынадай тәртіппен қойылады: алдымен Кеңсенің оны дайындаған құрылымдық бөлімшесінің индексі көрсетіледі; одан кейін құжат орындалған соң тігілуі тиіс істің номенклатура бойынша нөмірі сызықша арқылы көрсетіледі; одан кейін бөлшек арқылы шығыс құжатының реттік нөмірі көрсетіледі (мысалы: 17-16/180). Құрылымдық бөлімшелердің индекстерін БҚҚБ әзірлейді және Кеңсенің Басшысы бекітеді.";

      58, -59, 60, 61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзып ресімделген жеделхаттарды БҚҚБ жөнелтуге қабылдамайды.

      Арнайы байланыс органдары арқылы жөнелтілетін жеделхаттарды ресімдеу тәртібі арнайы нұсқаулықпен белгіленеді.

      Кеңсенің дөңгелек нөмірлік мөрімен куәландырған жеделхаттың көшірмесін одан әрі адресатқа жөнелту үшін БҚҚБ қызметкері тізілім бойынша қол қойғызып, "Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының" (бұдан әрі – "ӘҒД" РМК) Байланыс және коммуникация бөлімінің операторына береді. Жеделхаттардың түпнұсқалары БҚҚБ-да сақталады.

      Жекелеген нұсқаулықтарда белгіленген тәртіппен электр және электронды байланыс құралдарының көмегімен хабарларды (ақпаратты) криптограммалар, жеделхаттар, телетайпограммалар, факсограммалар, телефонограммалар және почталық файлдық (электронды) хабарламалар түрінде беру жүзеге асырылады."

      59. Шығыс құжаттарын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері 1 (бір) жұмыс күні ішіндегі мерзімде ("шұғылдарды" - дереу) жөнелтуге дайындайды, бұл ретте олар есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесінің ТБК дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, басшылықтың қарарларын (тапсырмаларын, нұсқауларын) ТБК-ға енгізеді. Жобаны тіркеудің алдында оны жөнелтуге дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің (немесе қабылдау бөлмесінің) қызметкері салымдарының дұрыстығын, оның қағаздағы нұсқасына сәйкестігін тексереді.

      Шығыс құжаттарды жөнелту ЭҚАБЖ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте қағаз жеткізгіштегі құжаттар тапсырманы негізгі орындаушы мемлекеттік органға ғана жіберіледі, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарға құжаттар электрондық құжат нысанында ғана жіберіледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Парламент депутаттарына жіберілетін шығыс құжаттардың қажетті саны көшіріледі және БҚҚБ-ға жөнелтуге беріледі. Жазбахатқа тапсырманы көшірген кезде жазбахат авторы қойған қол қалдырылып, бұрыштамалар ғана жабылуға тиіс.

      Қол қойылғаннан және құрылымдық бөлімшеге берілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күнінен артық мерзімде жөнелтуге тапсырылатын шығыс құжаттарын іс жүргізу және мұрағат секторы ол туралы БҚҚБ меңгерушісіне баяндағаннан кейін қабылдайды және жөнелтеді. Қажет болған жағдайда, БҚҚБ меңгерушісі Кеңсе Басшысына жауапты құрылымдық бөлімшенің шығыс құжатты жөнелтуге уақтылы дайындамағаны туралы баяндайды.

      Одан кейін шығыс құжаттар мен оларға орындау мерзімдері көрсетілген, оның ішінде "өте шұғыл", "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгісі, сондай-ақ құжатты бақылауға алу туралы тапсырма не "баяндалсын", "ұсыныс енгізілсін" деген және тағы сол сияқты белгілері бар қарарлар міндетті түрде БҚҚБ-ға ұсынылады, ол бұларға "Бақылауға" немесе "Бақылауға алынды" деген мөртаңба қояды.

      Қызметкерлер жөнелтуге дайындаған құжаттар мен қарарларды, адресаттардың санына қарай олардың көшірмелерін және құрылымдық бөлімше басшылығы бекіткен тарату көрсеткішін (төрттен артық мекенжайға жіберу кезінде) қызметкерлер адресаттарға жөнелту үшін БҚҚБ-ға береді.

      60. БҚҚБ-да жөнелту алдында шығыс құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы, ұйымдардың түпкілікті адресаттарының бар-жоғы тексеріледі. Ұйымдардың түпкілікті адресаттары болмаған жағдайда, жөнелту жүргізілмейді.

      Үкімет Регламентінде және осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды бұзып ресімделген құжаттар түзету үшін Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қайтарылады.

      Жөнелтуге жауапты қызметкер құжаттар мен қарарлардың көшірмелерін олардың төлнұсқаларымен салыстырады, одан кейін оларды БҚҚБ-ның нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырады, одан кейін онда жөнелтілетін құжаттардың адресаттарын, нөмірлерін және дана санын көрсете отырып, жөнелтілетін құжаттардың тізілімін (таратылым есебін, біржолғы қолхат) жасайды, осы деректерді құжаттың ТБК-на енгізеді, жөнелтілетін құжаттарды нақты адресаттарға жөнелтуге арналған конверттерге салады және конверттерді адресаттарға жеткізу үшін тізілімдермен (бағыт парақтарымен, біржолғы қолхаттармен) бірге мемлекеттік фельдъегерлік немесе почта қызметінің қызметкеріне береді.

      61. Құжаттарды адресаттарға мемлекеттік фельдъегерлік немесе почта қызметі оларды жеткізу шұғылдығына қарай жөнелтеді. Құжатты жеткізу шұғылдығы дәрежесін жөнелтуші анықтайды. "Шұғыл" деген белгісі бар хат-хабар таяу арадағы авиарейспен, автомобиль немесе теміржол фелдъегерлік бағытымен бірінші кезекте жеткізіледі. Мемлекеттік фелдъегерлік қызметке жедел басшылық етуді БҚҚБ жүзеге асырады.

      62. Хат-хабарды (шығыс құжаттарын, оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды) жөнелту (беру) БҚҚБ меңгерушісі белгілеген кесте бойынша жүргізіледі. Құжаттарды БҚҚБ-дан өтпей жөнелтуге тыйым салынады.";

      69 және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Үкімет пен Кеңсе Басшылығының, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының бір адресатқа жолданатын хаттары, әдетте, төлнұсқада жөнелтіледі, ал екінші данасы есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесінің ТБК дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, Кеңсенің тиісті бөлімшесіне қайтарылады.

      Егер адресаттар бірнешеу болса, онда оларға электрондық құжаттар форматындағы хаттар жіберіледі, ал жөнелтілгені туралы белгісі бар төлнұсқа ТБК бірінші данасымен бірге есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесінің ТБК дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, тиісті құрылымдық бөлімшеге қайтарылады.

      70. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның), сондай-ақ Кеңсе Басшысы белгілеген өздерінің құзыреті мен өкілеттіктеріне сәйкес Кеңсе Басшысы орынбасарларының қарарлары БҚҚБ-ның нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырылған түрде ғана таратылады, ал олардың төлнұсқалары өздерінің құзыретіне сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде қалады. Қолмен жазылған қарарлардың (тапсырмалардың, нұсқаулардың) көшірмелерін жөнелтуге жол берілмейді.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Құжаттарды факсимильдік байланыс арқылы жөнелту кезінде орындаушы адресаттың факсимильдік байланыс аппаратының дәл нөмірін көрсетуі және құжаттың төлнұсқасы мен көшірмесін тиісті құрылымдық бөлімше басшысының қабылдау бөлмесінің қызметкеріне немесе Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының тиісті қабылдау бөлмесінің қызметкеріне (көмекшіге, кеңесшіге) не БҚҚБ-ға тапсыруы тиіс. Жөнелтілгеннен кейін құжаттың факсимильдік байланыс арқылы жөнелтілгендігі туралы белгісі бар көшірмесі және төлнұсқасы Кеңсенің құжатты дайындаған құрылымдық бөлімшесіне қайтарылады, одан кейін төлнұсқа осы Нұсқаулыққа сәйкес почтамен дереу адресатқа жөнелтіледі.

      Жеделхаттарды жауапты бөлімдер адресаттарға электрондық құжаттар нысанында ғана және "Үкіметтің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Мобильдік кеңсе) арқылы жібереді.";

      75-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. "Қызмет бабында пайдалану үшін" (бұдан әрі – "ҚПҮ") деген белгісі бар құжаттардағы, істер мен басылымдардағы таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа тартылуына шектеулер қызметтік қажеттіліктен туындаған, Кеңсенің немесе басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты мәліметтер жатады. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеген кезде Кеңседе пайдаланылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптар орындалуға тиіс.";

      76-тармақ "ҚПҮ";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Егер құрамындағы мәліметтер таратылуы шектелген мәліметтердің тізбесіне кірмейтін болса, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының алынған құжаттардан "ҚПҮ" деген белгіні алып тастауға құқығы бар, сондай-ақ құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторымен келісім бойынша осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен осы құжаттардың көшірмелерін жасауға рұқсат бере алады.

      "ҚПҮ" деген белгісі бар ксерокөшірме жасалған құжаттардың есебін жүргізу әр данасы бойынша ТБК-да "ҚПҮ" деген белгі қойылып немесе "ҚПҮ" деген белгісі бар құжаттарды тіркеу журналдарының бөлек бөлімдерінде жүзеге асырылады.";

      81, 82, 83, 84 және 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Үкімет мәжілістерінде қаралуға жататын мәселелердің тізбесі тоқсан сайын мемлекеттік органдардың ұсыныстарының негізінде жасалады және оны Премьер-Министрмен және оның орынбасарларымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы тоқсан алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей бекітеді.

      82. БҚҚБ мәжіліске дейін 5 (бес) күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленген нысан бойынша Үкімет мәжілісі күн тәртібінің жобасын, шақырылғандардың алдын ала тізімін жасайды және оларды Кеңсе Басшысына қол қоюға береді.

      83. Кеңсе Басшысы қол қойған Үкімет мәжілісінің күн тәртібін БҚҚБ дереу 1 (бір) сағат ішінде "Мобильдік кеңсе" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Мобильдік кеңсе" АЖ) арқылы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларына, оның ішінде баяндамашылар ретінде көрсетілген лауазымды адамдардың атына, сондай-ақ Кеңсенің күн тәртібіне енгізілген мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жібереді. Телефонограмма Үкімет мәжілістеріне қатысушылардың көмекшілеріне немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне "Мобильдік кеңсе" АЖ арқылы беріледі, олар мемлекеттік органның басшысын уақтылы хабардар ету үшін дербес жауапты болады. Көмекшілер немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері мемлекеттік орган басшылығының Үкімет мәжілістеріне және Премьер-Министрде өтетін кеңестерге қатысуын "Мобильдік кеңсе" АЖ арқылы растауды қамтамасыз етеді.

      БҚҚБ мемлекеттік құпияларды және (немесе) "ҚПҮ" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін және қорғалмаған байланыс арналары арқылы беруге тыйым салынбаған тиісті материалдарды Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Мобильдік кеңсе" АЖ арқылы беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға "Мобильдік кеңсе" АЖ арқылы мобильдік құрылғыларға жібереді.

      84. Мыналардың:

      1) Үкімет мүшелерінің, агенттіктер, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ", "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамдары төрағалары мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының, сондай-ақ қажет болған жағдайда, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының қатысуын Кеңсенің БҚҚБ қамтамасыз етеді;

      2) Үкімет мәжілісіне облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, сондай-ақ өңірлердің өзге де өкілдерінің, соның ішінде селекторлық режимде қатысуын Өңірлік даму бөлімі қамтамасыз етеді;

      3) баспасөз өкілдерінің қатысуын (және олардың залдан шығаруды) Кеңсенің Баспасөз қызметі қамтамасыз етеді;

      4) Үкімет мәжілісіне шақырылған өзге де тұлғалардың қатысуын Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.

      85. Үкіметтің мәжіліс залын техникалық дайындауды (бейнеконференц байланысы мен селекторлық байланысты, дыбыс күшейткішті, дыбыс жазбаны және микрофондарды, қосу желілерін, электрондық дауыс беру жүйелері мен пульттерін, дауыс берудің аппараттық-бағдарламалық кешендерімен интеграцияланған конференц-жүйені, дыбыс күшейту және мәжіліс залын дыбыстандыру, ілеспе аударма және стенография жүйесін, сондай-ақ бейнепроекторды, ұжымдық пайдаланылатын ақпаратты көрсету құралын (экранды), ақпараттық жүйелер мен жұмыс орындарын (Үкімет мүшелерінің компьютерлерін, ақпаратық материалдардың (слайдтардың) берілген форматта таныстыруға және көрсетуге әзір болуын, залды тиісінше жарықтандыруды және кондиционерлеуді, жазу керек-жарақтарын) БҚҚБ бақылауымен "ӘҒД" РМК мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы "Инженерлік-техникалық орталық" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ИТО" АҚ) мамандары жүзеге асырады.

      Мәжіліс залын техникалық дайындау нәтижелері бойынша "ӘҒД" РМК жауапты маманы "ИТО" АҚ маманының, сондай-ақ техникалық дайындауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың қатысуымен мәжіліс басталғанға дейін 30 минут қалғанда тиісті техникалық актіні ресімдеп, қол қояды, мұндай акт Үкімет мәжілістерін, Премьер-Министр мен оның орынбасарларында өтетін кеңестерді дайындау және өткізу жөніндегі техникалық регламентте көзделген.

      Мәжіліс залындағы барлық жүйелер мен жабдықтардың техникалық дайындалуы, әзірлігі, сапасы мен үзіліссіз жұмыс істеуі үшін жауапкершілік "ӘҒД" РМК мен "ИТО" АҚ басшылығына жүктеледі.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Үкімет мәжілістері Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша жедел тәртіппен өткізілетін ерекше жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға "Мобильдік кеңсе" АЖ арқылы тікелей мәжіліс үстінде жеткізілуі мүмкін, бұл ретте материалдардың мазмұны мен оларды дайындау сапасына қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болады.";

      90 және 91-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Үкімет мәжілісіне материалдар хаттамалық шешімнің жобасын, көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамаларды, салыстырма кестелерді, кмінде 3 (үш) дана түрлі түсті басып шығарылған слайдтарды (2 (екі) мегабайттан аспайтын көлемдегі), ақпараттық (талдамалық) материалдарды, баяндамаларды (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын) және Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтуы және мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілуі тиіс.

      Қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары болған жағдайда, олардың іске асырылу барысы туралы тиісті ақпарат слайдтарда, сондай-ақ құрылымдық блімшелердің анықтамаларында көрсетіледі.

      Әкімдердің және өңірлердің басқа да өкілдерінің баяндамаларын Өңірлік даму бөлімі Үкімет мәжілісінің алдындағы күннің сағат 12.00-ден кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

      91. Қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер материалдарды талдауды жүргізеді, сондай-ақ аталған құжаттарды ескере отырып, шақырылатын адамдар тізімін дайындайды, жүргізу тәртібінің жобасы бойынша ұсыныстар және қажет болған кезде материалдар бойынша анықтама жасайды және егер Кеңсе Басшысы өзге мерзімді белгілемеген болса, Үкімет мәжілісінің алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей Кеңсе Басшысының қарауына енгізеді.

      БҚҚБ-ға Мобильдік кеңсеге жіберу үшін материалдар Кеңсе Басшысымен келісілгеннен кейін ғана тапсырылады.

      БҚҚБ Үкімет мәжілісіне тиісті материалдарды, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзімді белгілемеген болса, Кеңсе Басшысымен келісілгеннен кейін Үкімет мәжілісінің алдындағы күні сағат 15.00-ден кешіктірмей Мобильдік кеңсе арқылы жібереді.

      Заң бөлімі көрсетілген материалдарды Кеңсе Басшысының қарауына енгізгенге дейін оларды Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) алдын ала келіседі.";

      93-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Кеңсе Басшысымен келісілген және тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қойған ақпараттың электрондық жеткізгіштеріндегі Үкімет мәжілісіне материалдарды БҚҚБ Премьер-Министрдің Хатшылығына мәжіліс алдындағы күні сағат 16.00-ге дейін жібереді. Премьер-Министр Хатшылығының талап етуі бойынша көрсетілген материалдар қағаз жеткізгіштерде де сұратылуы мүмкін.";

      94 және 95-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Үкімет мәжілісіне шақырылғандар тізімінің түпкілікті нұсқасын жасау үшін мәжіліс алдындағы күні сағат 12.00-ге дейін БҚҚБ шақырылғандардың тізімін нақтылайды.

      Үкімет мәжілістеріне қатысатын мемлекеттік органдар мәжіліс алдындағы күні сағат 12.00-ге дейін өздерінің қатысатынын "Мобильді кеңсе" АЖ арқылы растайды не БҚҚБ-ға өзгерістер туралы хабарлайды.

      95. Мәжіліске қатысушылардың құрамындағы барлық өзгерістер туралы Кеңсе Басшысына баяндалады. БҚҚБ анықтама жасайды, онда Үкімет мәжілісінің кворумы және болмау себептерін көрсете отырып, қатыспаған Үкімет мүшелерінің тізімі айқындалады. Өңірлік даму бөлімі жергілікті атқарушы органдар басшыларының болмау себептері туралы ақпараты бар ұқсас ақпаратты БҚҚБ-ға ұсынуы тиіс.";

      97, 98, 99, 100 және 101-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. БҚҚБ шақырылғандар тізімінің Кеңес Басшысы қол қойған соңғы нұсқасын мәжілістің алдындағы күні көбейтеді:

      1) отырғызуды жүзеге асыру үшін бір данасын Сыртқы байланыстар және протокол бөліміне береді;

      2) нөмірлік мөртаңба қойғаннан кейін бір данасын Премьер-Министрдің күзет қызметіне және үш данасын әкімшілік ғимараттың күзетіне береді;

      3) Премьер-Министрдің (түпнұсқа) және оның орынбасарларының атаулы папкаларына салады және көрсетілген папкаларға салу үшін тиісінше Премьер-Министр Хатшылығына және Кеңсе Басшысының көмекшісіне береді, тікелей Үкімет мәжілісінің алдында БҚҚБ Кеңсе Басшысына кворум туралы баяндайды.

      98. Әдетте, Үкімет мәжілістерінің дыбысжазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде, жабық мәселелерді қоспағанда, Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілістің бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.

      Хаттаманың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында мәжіліс барысында БҚҚБ қызметкері баяндамашылар мен сөз сөйлеушілердің тегін, Үкімет мүшелері және қатысушылар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды жұмыс бабында жазуды, сондай-ақ мәжіліс фонограммасының (стенограммасының) толық жазылуымен (егер мұндай жүргізілсе) салыстырылатын талқыланатын мәселелер бойынша төрағалық етуші берген тапсырмаларды есепке алуды жүргізеді.

      99. БҚҚБ ілеспе аударма (мемлекеттік және орыс тілдері) үшін жауапты болып табылады. Шетелдік азаматтардың баяндамаларын тыңдау не олар қатысқан кезде Сыртқы байланыстар бөлімі ілеспе аудармашымен қамтамасыз етеді, Өңірлік даму бөлімі жергілікті жерде аудармашымен қамтамасыз ету үшін бұл туралы әкімдер мен өңірлердің басқа өкілдеріне хабарлайды.

      100. Баяндамашылардың таныстыруларын (слайдтарын) көрсетуді тексеруді құзыретіне таныстырылатын мәселелер кіретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері мәжіліс өткізілер алдындағы күні БҚҚБ-мен және баяндамашы мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.

      101. Мәжіліске қатысушыларды тіркеуді БҚҚБ жүзеге асырады.";

      103, 104, 105, 106 және 107-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу, әдетте, мәжіліс басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады. Үкімет мәжілісіне қатысып отырғандардың, сондай-ақ кешігіп келгендердің тізімін БҚҚБ Кеңсе Басшысына баяндап, Үкімет мәжілісіне іс жүзінде келген уақытын көрсетеді.

      104. Үкімет мүшелері, агенттіктердің төрағалары, ұлттық басқарушы холдингтердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, баяндамашылар келмеген жағдайда, БҚҚБ тіркеуді жүзеге асыратын қызметкері келмеген қатысушының көмекшісімен немесе қабылдау бөлмесінің қызметкерімен дереу хабарласады, келмей қалу себептерін нақтылайды.

      105. Тіркеу аяқталғаннан кейін мәжіліске нақты қатысатындардың тізімі және Үкімет мәжілісінің кворумы айқындалған түпкілікті анықтама және себептері көрсетілген Үкіметтің келмеген мүшелерінің тізімі Кеңсе Басшысына беріледі.

      106. БҚҚБ тиісті материалдармен бірге күн тәртібін "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылған адамдардың тізіміне сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын сақтай отырып, Үкімет мүшелерінің және басқа да лауазымды адамдардың мобильдік құрылғыларына жібереді.

      107. Премьер-Министрге және Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы тыстарда реттік нөмірлері көрсетіліп, атаулы папкаларға жинақталады және мәжіліске дейін 1 (бір) күн қалғанда тиісінше Премьер-Министр Хатшылығына және Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне беріледі.

      Материалдарға қосымша Премьер-Министрдің және Кеңсе Басшысының папкаларына қаралатын мәселелер (болған жағдайда) құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелердің анықтамалары, сондай-ақ жүргізу тәртібі қоса салынады.

      БҚҚБ Премьер-Министр мен Кеңсе Басшысы үшін Үкімет мәжілісінің материалдарын жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше (Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) алдын ала келісім бойынша Заң бөлімі):

      Кеңсе Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Кеңсе Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет мәжілісін жүргізу тәртібінің жобасын, сондай-ақ Үкімет мәжілісінің қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және мәжіліске дейін күнтізбелік 3 (үш) күн қалғанда Премьер-Министр Хатшылығына береді.

      БҚҚБ мәжіліске шақырылған адамдардың жалпы тізімдерін жасайды, оларға Кеңсе Басшысы қол қояды.";

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Үкімет қаулыларының жобалары бойынша, әдетте, электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, электрондық дауыс беру жүргізіледі және Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін көрсете отырып, хаттамалық шешім қабылданады.";

      118, 119, 120, 121, 122, 123, 124 және 125-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Үкімет мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, ол талқыланған мәселелердің атауы, баяндамашылардың тектері мен қабылданған шешімдер көрсетіліп, қысқаша жасалады.

      119. Үкімет мәжілісінің фонограммасын толық жазуды және оларды басып шығаруды мәжілістен кейінгі күні сағат 12.00-ден кешіктірмей дирекция жүзеге асырады.

      Басып шығарылған фонограмма (стенограмма) қажет болған жағдайда көбейтіліп таратылады және БҚҚБ мәселелері Үкімет мәжілісінде қаралған құрылымдық бөлімшелерге береді.

      120. Хаттамалар Үкімет мәжілісінің стенограммасы мен жауапты құрылымдық бөлімшенің қысқаша жазбасы негізінде және соған сәйкес дайындалады.

      121. Мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер хаттамалық шешімнің құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған жобасын, сондай-ақ ақпаратты электрондық жеткізгіште хаттаманың жобасын дайындайды және мәжілістен кейінгі күні сағат 18.00-ден кешіктірмей БҚҚБ-ға береді.

      122. БҚҚБ Үкімет мәжілісінің хаттамасын Үкіметтің елтаңбалық бланкісінде жасайды.

      123. Елтаңбалық бланкіге ауыстырғаннан кейін хаттамаға орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және мәжілістен кейін төрт күн мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.

      Хаттамалық шешімнің жобасы келіп түскеннен кейін Заң бөлімі оны бір күн мерзімде келіседі, сондай-ақ Кеңсе Басшысының орынбасарына (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) бұрыштама қойғызады.

      124. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін БҚҚБ бір күн мерзімде Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің төрағаларына және хаттамада тапсырмалар берілген адресаттарға өздеріне қатысты бөлікте хаттамадан үзінді көшірме дайындайды, тиісті құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша хаттамалық тапсырмаларды бақылауға қоюды және оларды таратуды жүзеге асырады.

      125. Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өтетін кеңеске материалдарды, оның ішінде шақырылғандардың тізімін, кеңесті жүргізу тәртібін, хаттаманың жобасын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады.";

      127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. Премьер-Министр кеңестері мен отырыстарына материалдар Премьер-Министр хатшылығына кеңес пен кездесу күнінің алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей жіберіледі. Егер шұғыл кеңес оны өткізу күні дайындалатын жағдайда, аталған мерзімдер қолданылмайды.";

      132, 133, 134, 134-1 және 135-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Хаттаманы ресімдеуді, Кеңсе Басшысының құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен не құқықтық сипаттағы мәселелер болса оның тапсырмасы бойынша – Заң бөлімімен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды, егер Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың ережелерінде өзге мерзімдер көзделмеген болса, кеңес өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қызметкері хаттаманы жүргізген Кеңсе бөлімшесі жүргізеді.

      Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамасына Кеңсе Басшысының құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары не оның тапсырмасы бойынша Заң бөлімі бір жұмыс күні ішінде міндетті түрде бұрыштама қояды.

      Хаттама жобасын ресімдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше электрондық құжат нысанында әзірленген жобада құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған бақылаудағы пункттердің нөмірлерін және оларды орындау мерзімдерін көрсетеді.

      БҚҚБ Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының уақтылы дайындалуын бақылауды жүзеге асырады, бұл туралы Кеңсе Басшысын тоқсан сайын хабардар етеді.

      133. Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамалары міндетті түрде Кеңсе Басшысымен келісіледі.

      Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) келісіледі.

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" және "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамалары да (сырттай шешімдері) міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) келісілуі тиіс.

      134. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын БҚҚБ қағаз және ЭҚАБЖ бойынша электрондық форматтарда (нысандарда) әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін қабылдайды және Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға алдын ала тексеруге береді.

      Мыналарға:

      1) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізуге;

      2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекітуге;

      3) ізгілік көмек көрсетуге;

      4) халықаралық шарттарды мақұлдауға және кейіннен қол қоюға;

      5) Үкімет резервінен қаражат бөлуге бағытталған не Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған Үкімет қаулыларының жобалары алдын ала тексеру рәсімін өткізбей қабылданып, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.

      Заң жобалары, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары, Премьер-Министрдің өкімдері, сондай-ақ пысықталғаннан кейін мемлекеттік органдар қайтадан енгізетін Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет тапсырмасы бойынша енгізілетін Үкіметтің нормативтік емес қаулыларының жобалары, сондай-ақ Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, Үкіметке шұғыл енгізу көзделетін Үкіметтің нормативтік қаулыларының жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және алдын ала тексерілмей, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.

      134-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын мемлекеттік органдар Кеңсеге ағымдағы жылғы 20 (жиырмасыншы) желтоқсанға дейін енгізеді.

      Бұл ретте Бюджеттік жоспарлау және Әділет министрліктері Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің көрсетілген мерзімге дейін 10 (он) жұмыс күні қалғанда енгізілген жобаларын ағымдағы жылғы 18 желтоқсанға дейін келісуді қамтамасыз етеді.

      135. Жобаны енгізген мемлекеттік органның өкілі жобаның төлнұсқасын БҚҚБ үкіметтік шешімдерді шығару секторының жауапты қызметкеріне ұсынады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.";

      136, 137, 138, 139, 140 және 141-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Кеңседе Заң бөлімі жобаны заңдық техника қағидаларының сақталуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан, БҚҚБ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі және Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан алдын ала тексеруді ұйымдастырады.

      Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауапты болады.

      Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім тиісті жобалар Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      137. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру нәтижелері туралы Кеңсе Басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) және БҚҚБ меңгерушісі Кеңсе Басшысын немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаны хабардар етеді.

      138. Тіркелген қаулылар жобаларының төлнұсқалары Кеңсе Басшысы өткізетін кеңесте қаралғанға дейін олар алдын ала тексеру кезеңінде БҚҚБ-да сақталады.

      Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараған болса) кейіннен Заң бөліміне жіберу үшін Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне жіберіледі.

      Баяндаманың қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы Үкімет қаулыларының алдын ала тексерілген жобалары бойынша бар ескертулерді талқылау үшін орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшы өкілеттіктерін жүзеге асыратын жауапты адамдардың) қатысуымен кеңес өткізу туралы шешім қабылдайды.

      Кеңсе Басшысындағы кеңесте мынадай шешімдер қабылданады:

      1) қаулы жобасы Үкімет мәжілісіне шығарылсын;

      2) қаулы жобасы Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және ол Үкімет мәжілісіне шығарылсын;

      3) қаулы жобасы әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.

      139. Жоба:

      1) жоба дауыс беруге шығарылғанға дейін кез келген негіздер бойынша Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің тапсырмалары мен хаттамасы негізінде;

      3) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша пысықтауға қайтарылуы мүмкін.

      140. Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге келіп түскен күннен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін – 20 (жиырма) жұмыс күнінен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басымдықты заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы адам ұзартуы мүмкін.

      141. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда, олар Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Үкімет Регламентіне сәйкес енгізіледі. Енгізілетін жобалардың және оларға материалдардың көшірмелері БҚҚБ үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.";

      144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "144. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкімет мәжілісіне шығарылатын жобалар бойынша:

      1) жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар болмашы, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заңдық техника бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік орган қайтадан бұрыштама қояды, ал қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;

      2) жобаларды тиісті елтаңбалық бланкіде, сондай-ақ жобаның ЭҚАБЖ-дағы жүйелік нөмірін жоба атауының жанындағы папканың арнайы титулдық жолында көрсете отырып, электрондық құжат нысанында ресімдейді;

      3) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы дәйектегеннен кейін жобаларға (қағаз жеткізгіштерде және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес), сондай-ақ Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама қояды және онымен бір мезгілде жобаларды ЭЦҚ-мен келіседі.

      Заң жобаларын Парламентке жіберуді не оларды Парламенттен кері қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларын, сондай-ақ Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындыларын Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қосымша келіседі;

      4) жобаның пысықталған ережелерінің көлемі мен сипатын баяндай отырып, жоба бойынша анықтаманы Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады.

      Үкімет мәжілісі өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, толық дайындалған құжаттардың топтамасын БҚҚБ-ға ұсынады.

      Бұл ретте, құжаттар:

      1) Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының:

      2) міндетті түрде Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін);

      3) Заң бөлімі мен БҚҚБ меңгерушілерінің;

      4) Премьер-Министр орынбасарының (міндетті бөлуге сәйкес) бұрыштамаларын қамтуы тиіс.

      Егер жоба бойынша Кеңсе Басшысының тікелей тапсырмасы болмаса, БҚҚБ қаулы жобаларын Үкімет мәжілісінің қарсаңында, яғни 1 (бір) жұмыс күні бұрын қабылдамайды.

      Үкімет мәжілісінде Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен (және сырттай дауыс берумен) қабылданған қаулылардың жобалары бойынша кейіннен қаулы жобасын, оның ішінде электрондық құжат форматында Премьер-Министрге қол қоюға беру үшін дауыс беру қорытындылары туралы анықтамаға Кеңсе Басшысы бір күн мерзімде қол қояды.

      Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет мәжілісінде қаралғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 144-1-тармақпен толықтырылсын:

      "144-1. Үкімет қаулыларының жобалары электрондық және қағаз құжаттары топтамасын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін жауапты БҚҚБ қызметкерлерімен, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларымен (Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес), Кеңсе Басшысымен келісіледі және электрондық құжаттар нысанында қалыптастырылған Үкімет қаулыларының жобалары болған кезде ғана Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылады.";

      146, 147 және 148-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Үкімет қаулыларының жобаларына және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларына сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Жобаны сырттай дауыс беруге жіберу туралы Премьер-Министр немесе Кеңсе Басшысы қарарының тиісті жобасы Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) не оның тапсырмасы бойынша Заң бөлімімен, сондай-ақ БҚҚБ-мен келісілуге тиіс.

      Үкіметтің кадрлық мәселелер, сондай-ақ марапаттық (қызметтік, әскери және азаматтық) атыс және суық қару мәселелері бойынша қаулы жобалары бойынша келісу талап етілмейді.

      147. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне арналған мерзім жоба (жоба бойынша материалдар) дауыс беру үшін таратылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы дауыс беруге арналған мерзімді қысқартуы мүмкін.

      148. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңсеге жазбаша жауаптарын жібереді, онда өз пікірлерін білдіреді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауап болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берген болып есептеледі.";

      150-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "150. Жоба бойынша сырттай дауыс беруді ұйымдастыруды және өткізуді БҚҚБ жүзеге асырады.";

      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. Үкімет қабылдаған жобаны БҚҚБ бұрыштама қоюды (келісуді) және қол қоюға ұсынуды қамтамасыз ету үшін құзыретіне қаралып отырған жобаның мәселелері жататын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте жобаға қаулы (Премьер-Министр өкімдері) жобаларының Кеңседе келісу парағы (7-қосымша) қоса беріледі. Қаулылар мен өкімдер өтуінің әрбір кезеңінде келісу парағын толтыру Кеңсенің барлық құрылымдық бөлімшелерінде міндетті. Қаулылар мен өкімдер жобаларының келісу парағы қаулы немесе өкім жобасына басқа материалдармен бірге істе болуы тиіс және алып тастауға жатпайды.";

      152-тармақ алынып тасталсын;

      153 және 154-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "153. Қаулы мәтінінде оны жариялау қажеттігіне нұсқау болған не қаулыға Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының (олар болмаған кезде – тиісінше Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының міндетін атқарушы адамдардың) осы қаулыны жариялау туралы тапсырмасы қоса берілген жағдайда, орындаушы тарату көрсеткішіне Премьер-Министрдің Баспасөз қызметін қосуға міндетті, ол Үкімет Регламентіне сәйкес қаулылардың бұқаралық ақпарат құралдарында уақтылы жариялануын және Үкіметтің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      Баспасөз қызметі ай сайын Кеңсе Басшысын Үкімет қаулыларын жариялаудың жай-күйі туралы хабардар етеді.

      Тарату көрсеткішінің дұрыс ресімделуі үшін, сондай-ақ оған қажетті лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың кіргізілгені немесе кіргізілмегені үшін жобаның Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты болады.

      Орындаушы шығаруға толық дайын қаулының (өкімнің) түпнұсқасын қалыптастырады және сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін тапсырады, сондай-ақ ЭҚАБЖ арқылы Премьер-Министрдің ЭЦҚ қойылған қаулыны (өкімді) келісу парағына қолын қойғызып, үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкеріне тапсырады.

      154. Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет мәжілісінде қаралғаннан немесе сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрге қол қоюға қағаз жеткізгіште және онымен бір мезгілде электрондық құжат нысанында ұсынылуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 154-1, 154-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "154-1. Кеңседе қаулылар мен өкімдердің барлық өту сатыларында олардың сапалы және уақтылы ресімделуіне қаралып отырған мәселе құзыретіне кіретін тиісті бөлімше жауапты болады.

      154-2. Премьер-Министр қол қойған барлық қосымшалары мен материалдары бар қаулының (өкімнің) төлнұсқасын орындаушы үкіметтік шешімдерді шығару секторына жобаның ЭҚАБЖ-дағы жүйелік нөмірін, төлнұсқа файлдарының атауын (ақпараттың байттағы көлемі туралы деректермен) көрсете отырып, арнайы мұқабада мынадай тәртіппен береді:

      1) барлық қажетті бұрыштамалары мен қосымшалары бар қаулының (өкімнің) төлнұсқасы;

      2) құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткіші;

      3) Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері;

      4) жоба бойынша бөлімнің анықтамасы;

      5) мемлекеттік орган ұсынған барлық қосымшалары (қорытындылар, анықтама-негіздемелер, шешімдер және т.б.) бар қаулы (өкім) жобасы;

      6) қажет болған кезде мемлекеттік органның бірінші басшысының міндеттерін жүктеу туралы мөрмен расталған бұйрық көшірмесінің болуы.";

      155, 156, 157, 158 и 159-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. БҚҚБ орындаушыдан жобаны келісу анықтамасының тізбесінде көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдайды және олардың дұрыс ресімделуі мен болуын тексереді, істі түпкілікті қалыптастырады.

      156. Істе барлық қажетті құжаттар болған және олар тиісінше орындалған кезде үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері бұл туралы БҚҚБ меңгерушісіне хабарлайды, одан кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) қол қойған жобаны тіркейді және оны көбейтуді, Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландыруды және Кеңсенің осы жобаны дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға жөнелту (беру) үшін іс жүргізу және мұрағат секторына беруді қамтамасыз етеді. Жекелеген жағдайларда тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға қаулылардан оларға қатысты бөлігіндегі үзінді көшірмелер ғана жіберілуі мүмкін.

      157. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары адресаттарға көрсеткіш (тарату есебі) бойынша:

      1) Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландырылған түрде қағаз жеткізгіштегі даналар Әділет министрлігіне және әзірлеуші мемлекеттік органға ғана) таратылады;

      2) басқа мемлекеттік органдарға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана беріледі.

      Үкімет қаулыларының төлнұсқалары БҚҚБ-да қалады. Үкімет қаулысының төлнұсқасындағы Премьер-Министрдің қолы елтаңбалық мөрмен расталады, бұл ретте елтаңбалық мөрдің бедері Премьер-Министрдің лауазымы атауының деректемелері мен жеке қолын ішінара жабатындай қойылады.

      Үкімет қаулысын ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында қабылдаған мемлекеттік орган оны А-4 форматындағы қағаз жеткізгіште басып шығарады, Үкіметтің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналым ережесінде көзделген тәртіппен ЭЦҚ-ның оң нәтижесін айқындау туралы мөртаңбамен растайды және белгіленген тәртіппен тіркейді.

      Кеңсе Әділет министрлігіне бағытталған, ЭЦҚ-мен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің расталған көшірмелерін тарату кезінде аталған мәліметтерді автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесінде орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.

      158. Қаулыларды таратқаннан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері істе бар құжаттардың тізбесін жасайды, оған қол қояды, істің парақтарын нөмірлейді, тарату көрсеткішінде даналар (тиражы) саны, жөнелту күні туралы белгілердің бар-жоғын тексереді, одан кейін істі ағымдағы мұрағатқа сақтауға орналастырады және электрондық құжат айналымы жүйесінің ТБК дерекқорына есептік деректерді енгізеді.

      159. Үкімет актілерінің, Премьер-Министр өкімдерінің және Кеңсенің басқа да құжаттарының ресімделуін бақылауды БҚҚБ жүзеге асырады.";

      160-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Кеңсенің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қаулылар мен өкімдердің көшірмелерін өз бетінше түсіруге тыйым салынады.";

      161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "161. Қаулылардың (өкімдердің) түпнұсқалары танысу үшін Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның нұсқауы бойынша ғана БҚҚБ меңгерушісі арқылы ұсынылуы мүмкін.

      Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына сұрау салу және қайтару туралы мәліметтерді үкіметтік шешімдерді шығару секторының тиісті қызметкері есепке алу журналында тіркейді. Журнал нөмірленген, тігілген және парақтар саны көрсетіле отырып мөр қойылған, БҚҚБ қызметкерінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген болуы тиіс. Журналдың дұрыс толтырылуы және оның сақталуы үшін БҚҚБ меңгерушісі бекіткен міндеттерді бөлуге сәйкес үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері жауапты болады.";

      162-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеңсе құжаттарының көшірмелерін БҚҚБ меңгерушісінің рұқсатынсыз кімге болса да беруге үзілді-кесілді тыйым салынады.";

      163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

      "163. БҚҚБ Премьер-Министр берген өкілеттіктер сертификаттары көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сертификаттар көшірмелері оларға қол қойылған күні бойынша жеке топтастырылады және құпия іс жүргізу секторында сақталады.";

      165-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Кеңсе бланкілері құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының өтінімдері бойынша, ал Кеңсе Басшысының бұйрықтары мен іссапар куәліктерінің бланкілері – Кеңсе басшылығы хатшылығының тапсырысы бойынша баспаханалық тәсілмен дайындалады.";

      166, 167, 168 және 169-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "166. Кеңсе қызметкерлері құжаттарды жоғалтқаны, қызметтік ақпаратты жария еткені, құжаттармен жұмыс істеудің ережелерін және осы Нұсқаулықтың басқа да ережелерін бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес жауапқа тартылады.

      167. Кеңсе қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының нұсқауы бойынша өзіндегі орындаудағы барлық істері мен құжаттарын, жинақталған анықтамалық материалдарды осы бөлімшенің басқа қызметкеріне береді.

      Бұл жағдайда құжаттарды беруші қызметкер екі данада қызметтік істерді қабылдап алу-беру туралы акті жасайды, онда берілетін құжаттар көрсетіледі және беру күні шешілмеген мәселелердің орындалу жай-күйі сипатталады. Актінің екі данасына да құжаттарды беруші және қабылдап алушы қызметкерлер қол қояды және құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітеді. Бір данасы БҚҚБ-ның мұрағатына (бұдан әрі – мұрағат) сақтауға беріледі, ал екінші данасы Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі құжаттарының есебін жүргізу мен сақтауға жауапты адамда қалады.

      Актінің негізінде осы құрылымдық бөлімшенің қызметкері ТБК-ге құжаттарды басқа қызметкерге беру туралы белгі қояды.

      168. Құрылымдық бөлімшенің қабылдау бөлмесінің қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде өзіндегі барлық құжаттарды, оның ішінде істерді, картотеканы, өзге де қызметтік құжаттарды екі данада жасалған акті бойынша жаңадан тағайындалған қызметкерге (немесе бөлім меңгерушісінің нұсқауы бойынша басқа адамға) береді. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен актінің бір данасы мұрағатта сақтау үшін БҚҚБ-ға беріледі.

      169. Қызметкер жұмысынан босаған, демалысқа шыққан, сырқаттануы бойынша немесе ұзақ іссапарға шыққан кезде оның орындауындағы қызметтік құжаттар Кеңсенің бөлім басшысының не оның орынбасарының нұсқауы бойынша басқа қызметкерге дереу беріледі. Осы бөлімшенің қызметкері ЭҚАБЖ-ның ТБК-де құжаттардың берілгені туралы белгі қояды. Егер қызметкер оралғаннан кейін құжаттар орындалмай қалса, олар карточкаға тиісті белгі қойыла отырып, оған қайтадан беріледі.";

      185 және 186-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "185. Құжаттарға тіркеу-бақылау карточкаларының даналары БҚҚБ-ның және тиісті орындаушы (бірлесіп орындаушы) құрылымдық бөлімшелердің жедел сақтауында болады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін карточкалар белгіленген тәртіппен жойылады. 186. Мұрағаттық сақтаудағы құжаттар қажет болған жағдайда мұрағаттан құрылымдық бөлімшелерге БҚҚБ меңгерушісінің немесе оның міндетін атқарушы адамның рұқсатымен уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.";

      193-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрақты сақтау мерзімі бар құжаттарды мұрағаттық істерден алуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Іс жүргізудегі немесе ағымдағы мұрағаттағы құжаттар зерттеушілерге берілмейді. 1990 жылға дейін Орталық мемлекеттік мұрағатта және 1994 жылдан бастап Ұлттық мұрағатта сақталатын Кеңсе құжаттары зерттеушілерге Орталық мемлекеттік мұрағат, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты басшылығының жазбаша өтінішхатының негізінде және Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Қажет болған кезде Кеңсенің ағымдағы мұрағатынан құжаттар өтінім негізінде (13-қосымша) тиісті журналға белгі қойыла отырып, БҚҚБ меңгерушісінің рұқсатымен ғана 10 күннен аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.";

      196 және 197-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "196. БҚҚБ мұрағаттық құжаттық материалдарды тұрақты, уақытша сақтауға немесе жоюға түпкілікті іріктеу жүргізетін, тұрақты жұмыс істейтін Сараптау комиссиясын құрады.

      197. Кеңсе басшылығының құжаттарын басуды, Үкімет мәжілістерінің фонограммаларын толық жазуды және оларды қағазға басып шығаруды жедел басқарылуын БҚҚБ жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМҚК-ның компьютерлік-диктофондық бюросы (бұдан әрі – компьютерлік-диктофондық бюро) қамтамасыз етеді. Барлық қалған машинамен жазу жұмыстарын Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері өз бетінше орындайды.

      Компьютерлік-диктофондық бюрода қызметтік қажеттілікке байланысты өзге де құжаттарды басуға жол беріледі, ол БҚҚБ меңгерушісінің немесе оның орынбасарларының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Құпия құжаттар компьютерлік-диктофондық бюроға құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы арқылы беріледі.";

      200-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құпия құжаттарды БҚҚБ меңгерушісінің немесе оның орынбасарларының рұқсатымен құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының қызметкерлері ғана ксерокөшіруге береді.";

      203-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "203. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды БҚҚБ жүзеге асырады, оның Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде осы Нұсқаулықтың бұзылуы фактілерін анықтау мақсатында тексерулер жүргізуге және олардың нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысына осы Нұсқаулықтың бұзылуына кінәлі қызметкерлерді жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.";

      көрсетілген Нұсқаулық осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 (ҚПҮ)-қосымшаларға сәйкес 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34-қосымшалармен толықтырылсын:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі – Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестіруді БҚҚБ жүзеге асырады, ол соның ішінде құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша:

      1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін не актілерінің тармақтарын;

      2) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;

      3) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды не тапсырмалардың тармақтарын;

      4) Үкіметке және оның басшылығына жолданған Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын;

      5) Президенттің Үкіметке, Премьер-Министрге және оның орынбасарларына "Бақылауға алынды" деген мөртаңбасы, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" деген белгілері болған кезде, қызметтік және өзге де құжаттар бойынша жолданған тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмаларын;

      6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкімет қаулыларын, Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын, Премьер-Министрдің өкімдерін, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында болған, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша кеңестерді;

      7) орындалу мерзімі көрсетілген немесе "өте шұғыл", "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілері бар, бақылауға алу туралы нұсқау бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Премьер-Министр Кеңсесіне, Кеңсе Басшысының (оның міндетін орындаушы адамның) атына жолданған тапсырмаларын;

      8) Парламент депутаттарының сауалдарын, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының мәлімдемелерін;

      9) прокурорлық қадағалау актілерін;

      10) Конституциялық Кеңестің сұрау салуларын, нормативтік қаулылары мен жолдауларын;

      11) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұрау салуларын, қаулыларын бақылауға алады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Құрылымдық бөлімшелерде бақылаудағы құжаттардың орындалуын үйлестіруді құрылымдық бөлімшенің тиісті басшысы не оның бақылауға жауап беретін орынбасары жүзеге асырады. Аталған лауазымды адам осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген, құрылымдық бөлімшеде орындалып жатқан бақылаудағы тапсырмалардың күн сайынғы мониторингін жүргізуге және құрылымдық бөлімше басшысын уақтылы хабардар етуге міндетті.";

      7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларынан басқа) нақты орындалу мерзімі көрсетілмесе, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары болмаса, онда мұндай құжаттар келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзімде, ал "шұғыл" немесе "жеделдетілсін" деген белгісі болған кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.

      Бақылаудағы құжаттардың тізбесі мемлекеттік органдарға "Мемлекеттік органдардың интранет-порталы" ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырылмай орындалуға жатады.

      8. Егер Кеңсе басшылығы тапсырманы бірнеше құрылымдық бөлімшеге берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестіру жөніндегі жұмысты тапсырмада бірінші болып көрсетілген құрылымдық бөлімше не оның атауының жанында "(жинақтау)" немесе ("жинақ") деген белгісі бар бөлімше жүзеге асырады.

      Тапсырмаларды бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелер өздерінің ұсыныстарын жауап (тапсырма) жобасын қол қоюға беру мерзіміне дейін бір күннен кешіктірмей жинақтауды жүзеге асыратын бөлімшеге енгізеді.";

      10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Орындаушы Президенттің және Yкіметтің бақылауға алынған әрбір актісіне, Премьер-Министрдің өкіміне жинақтаушы папка (ic) ашады және тіркеу-бақылау карточкасын толтырады.

      Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртіппен топтастырылады:

      1) бақылаудағы актінің (қаулының, өкімнің) көшірмесі;

      2) бақылаудан алу туралы ақпарат;

      3) бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ескертпелер, ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).

      Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтің актілерін, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау жөніндегі құжаттарды қамтитын істер өтпелі болуы және толық шешіліп, бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы мүмкін, одан кейін мұрағатқа тапсырылады.

      Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы мен Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде орындаушы болып табылатын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі қарар жобасын БҚҚБ меңгерушісімен келіседі.

      11. Мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қағаз және/немесе электрондық түрдегі бақылаудағы құжаттарды және олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы жауаптар мен есептер Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары тұтас құжаттың орындалуын бақылау бекітілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі, ал олардың электрондық құжат нысанындағы көшірмелері бекітуге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарын орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге және БҚҚБ-ға жіберіледі.

      Егер орталық немесе жергілікті атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған болса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органдар үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін орындалу мерзімінің бұзылу себептері туралы басшылыққа хабарлауға және 2 (екі) күн мерзімде осы бақылаудағы құжаттың одан әрі орындалуы жөнінде ұсыныс енгізуге тиіс.

      12. Кеңседегі тұтас құжаттың немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардан жауап алғаннан кейін есепке уақтылылығы, орындалу толықтығы мен сапасы тұрғысынан талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нақты тұжырымдары мен ұсыныстары бар қызметтік жазбахатты (құжаттың, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттың бақылаудағы әрбір тармағы бойынша) не тиісті қарар жобасын дайындайды. Бақылаудағы және бақылаудағы емес құжаттар бойынша есептерге талдау жүргізу мерзімі олардың Кеңседе тіркелгенінен кейін 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау қорытындыларының нәтижесіне байланысты орындаушы орындау мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей басшылыққа:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу туралы не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адамның) атынан Мемлеет басшысына және Президент Әкімшілігіне белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;

      2) үкіметтік шешімдер, хаттамалар және Басшылықтың тапсырмалары бойынша (хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына қызметтік жазбахатты, ал хаттамалық тапсырмаларды (хаттамаларды) орындау аяқталғаннан кейін орындау тәртібімен түскен мемлекеттік органдардың ақпараты (деректері) негізінде бақылаудан алу, мерзімін ұзарту немесе үкіметтік шешімді, хаттаманы немесе басшылықтың тапсырмасын нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстары бар талдау нәтижелерін ескере отырып, орындалуы туралы қорытынды ақпаратты дайындайды) не бақылаудан алу туралы қарар жобасын ресімдейді (Заңға қол қойылған, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің актісі, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары қабылданған жағдайда).

      Бақылаудан алу, нақты орындау мерзімін көрсете отырып мерзімін ұзарту бұдан бұрын тиісті тапсырма берілген лауазымды адамның не тапсырмалардың орындалу барысын бақылау жүзеге асыру тапсырылған адамның қарарымен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте орындаушы мемлекеттік органдарды тапсырманы орындау мерзімінің ұзартылғаны немесе үкіметтік шешімдерді және басшылықтың тапсырмаларын нақты орындау мерзімін көрсете отырып, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылғаны туралы дереу хабардар етеді;

      3) мемлекеттік органның тапсырманың сапасыз орындалғаны белгіленген кезде Кеңсенің жауапты бөлімі сапасыз орындауды негіздей отырып, тапсырма берген Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының атына жазбахат дайындайды;

      4) депутаттық сауалдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша – Парламент депутаттарына жауап жобасын немесе белгіленген тәртіппен дайындалған Үкіметтің тиісті қорытындысының жобасын ұсынады.

      Хат-хабардың Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына қол қойғызуға уақтылы ұсынылуына, сондай-ақ қол қойылған хат-хабардың орындаушыларға уақтылы берілуі үшін жауапкершілік жоғарыда тізбеленген лауазымды адамдардың кеңесшілеріне (көмекшілеріне) жүктеледі.

      Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы Үкімет басшылығының шешімі шығарылғанға дейін құжаттарға БҚҚБ меңгерушісі міндетті түрде бұрыштама қояды.

      13. Орындалу мерзімі көрсетілген, басшылықтың қарарлары не бақылауға қою туралы нұсқау не "баяндалсын", "ұсыныс енгізілсін" және тағы сол сияқты белгілері бар құжаттарды адресаттарға жіберу алдында олар міндетті түрде БҚҚБ-ға тапсырылады, ол құжатқа "БАҚЫЛАУҒА" немесе "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ" немесе "БАҚЫЛАУДАН АЛЫНДЫ" деген мөртаңбаны қояды.

      14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен кеңестер хаттамаларының жекелеген тармақтарын бақылауға қоюды БҚҚБ жүзеге асырады.

      Орындау мерзімі көрсетілген және/немесе мемлекеттік органдарға не лауазымды адамға мерзімі көрсетілмеген ақпаратты (нормативтік құқықтық актілердің, баяндаманың, есептердің жобасын және т.с.с.) Үкіметке (Кеңсеге) енгізу туралы тапсырма берілетін Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен кеңестер хаттамаларының барлық тармақтары, сондай-ақ кеңес өткізген құрылымдық бөлімше меңгерушісінің (немесе оның бақылауға жауап беретін орынбасарының) немесе хаттаманың бақылаудағы тармағын орындау бекітілген құрылымдық бөлімше меңгерушісінің (немесе оның бақылауға жауап беретін орынбасарының) ұсынысы бойынша хаттамаларда көрсетілген өзге тармақтар бақылауға қойылады.

      Хаттаманың тармақтарын бақылауға алу туралы Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы хаттаманың жобасын дайындау кезінде ЭҚАБЖ-да ресімделеді және орындау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.

      "ҚПҮ" белгісі бар хаттамалар БҚҚБ-ға қағаз түрінде және электрондық нысанда (электрондық жеткізгіштерде) ұсынылады.

      15. Шетелдік сапарлардың қорытындылары бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке берген тапсырмаларды үйлестіруді Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі жүзеге асырады.

      Прокурорлық қадағалау актілерінің орындалуын мониторингілеуді Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі жүзеге асырады.

      Мемлекет басшысының жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Үкіметке орындау үшін ұсынылған қаулыларының орындалуын үйлестіруді Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 18-3-тармақпен толықтырылсын:

      "18-3. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай БҚҚБ-ға орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бақылаудағы тапсырмаларды орындауы туралы ақпаратты ұсынады.";

      20-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының жанында "(жинақтау)" немесе "(жинақ)" деген белгісі бар орган жауапты болып табылады.

      Тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген жағдайда, яғни "(жинақтау)" немесе "(жинақ)" деген белгісі болмаса, тапсырмада тізбеленген органдардың барлығы өз жауаптарын тапсырма берушіге жібереді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Кеңсеге келіп түскен күні БҚҚБ-да және ЭҚАБЖ-да тіркеледі.

      Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі автор тегінің бастапқы әрпінен, тіркеу-бақылау нысанындағы (бұдан әрі – ТБН) реттік нөмірден және "ЖТ" әріптік индексінен тұрады.

      Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі өтінішке қол қойған лауазымды адам тегінің бастапқы әрпінен, ТБН-дегі реттік нөмірден және "ЗТ" әріптік индексінен тұрады.

      Иесі бүркемеленген өтініштің тіркеу нөмірі "АНМ" әріптік индексінен және ТБН-дегі реттік нөмірден тұрады.

      Бір күнтізбелік жыл ішінде өтініш қайта түскен кезде "екінші", "үшінші" және одан әрі реті көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал ТБН-де бірінші құжаттың нөмірі көрсетіледі. Қайталама өтініштің бірінші парағының үстіңгі оң жақ бұрышында және ТБН-де "Қайталама" деген белгі қойылады. Қайталама өтініштерге алдыңғы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.

      Бір адамнан бір мәселе бойынша кемінде екі рет түскен, онда:

      1) алдыңғы өтініш бойынша қабылданған шешімге шағымданатын;

      2) бұрын жіберген өтініші түскен уақыттан бері қарау мерзімі өткен, бірақ өтініш иесі жауап алмаған болса, оның уақтылы қаралмағаны туралы хабарланатын;

      3) алдыңғы өтінішті қарау және шешу кезінде жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетілетін өтініш қайталама өтініш болып есептеледі.

      Бір адамның бір мәселе бойынша әртүрлі адресаттарға жіберілген және қарау үшін бір ұйымға келіп түскен өтініштері бірінші өтініштің тіркеу нөмірімен, қисық сызық (бөлшек) арқылы қойылатын реттік нөмірді қоса отырып, есепке алынады.

      "Электрондық үкімет" порталы арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері өтініш беруші ЭЦҚ-сының тұтастығы мен дұрыстығы тексерілгеннен кейін тіркеуге жатады.

      Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол қисынды, қысқа, өтініштің (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті қарауға жіберудің атаулығын негіздеуі қажет.

      Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.

      Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізушінің түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.

      Өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
14-қосымша



      *

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: солжағы 20 мм, оңжағы 10 мм; асты 10 мм. 0000000*

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
15-қосымша



      *

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: солжағы 20 мм, оңжағы 10 мм; асты 10 мм. 0000000*

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
16-қосымша



      *

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: солжағы 20 мм, оңжағы 10 мм; асты 10 мм. 0000000*

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
17-қосымша



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

      201 _ жылғы ________ Астана, Үкімет үйі "__" _________ 201_г.

      № _________

      *

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: солжағы 20 мм, оңжағы 10 мм; асты 10 мм. 0000000*

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
18-қосымша



DEPUTY PRIME MINISTER OF THE REPABLIC OF KAZAKHSTAN

      Goverment Hause,Astana

      Ref.№ ________________

      *

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: солжағы 20 мм,оң жағы 10 мм; асты 10 мм. 0000000*

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
19-қосымша



REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
HEAD OF THE OFFICE PRIME MINISTER

      Goverment Hause,Astana

      Ref.№ ________________

      *

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм,оң жағы 10 мм; асты 10 мм. 0000000*

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
20-қосымша



THE OFFICE OF PRIME MINISTER OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

      Goverment Hause, Astana

      Ref.№ ________________

      *

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм,оң жағы 10 мм; асты 10 мм. 0000000*

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
21-қосымша



PRIME MINISTER OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

      Goverment Hause, Astana

      Ref.№ ________________

      *

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм,оң жағы 10 мм; асты 10 мм. 0000000*

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
22-қосымша



      *

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      0

      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм,оң жағы 10 мм; асты 10 мм. 0000000*

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
10-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
23-қосымша



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
11-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
24-қосымша



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
12-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
25-қосымша



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
13-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
26-қосымша



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
14-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
27-қосымша



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
15-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
28-қосымша



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
16-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
29-қосымша



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
17-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
30-қосымша



      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
18-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
31-қосымша



      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
19-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
32-қосымша



      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
20-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
33-қосымша



      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 қаулысына
21-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
34-қосымша



      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.