"Экспорттаушы 2020" және "Өнімділік 2020" бағдарламалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 252 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерді төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Экспортты басқару саласында, оның ішінде шетелде экспортқа бағытталған өнім өндірісі саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыра отырып, оқыту бойынша қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Франшиза тартуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Шетелге экспорттау мақсатында тауар белгілерін тіркеумен және өнімді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) «Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу үшін жұмсалған шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 252 қаулысымен   
бекітілген      

«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің
интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған
қызметтерді төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерді төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерді төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және желделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) заңды тұлға үшiн – заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      2) төлеген шығындары оларды өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыра тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, олардың көшірмелері;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы жұмыстарға/қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;
      4) экспортты жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (экспорттық келісімшарт, валюталық түсімнің түскені туралы банк анықтамасы);
      5) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін – тауардың шығу тегін растайтын құжаттарының көшірмелері;
      6) интернет-ресурсты құрумен, тіркеумен, іске қосумен және қолдаумен байланысты құжаттардың (шарт, техникалық тапсырма) көшірмелері.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілген қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығының ғимараты, 211/212 бөлме мекенжайы бойынша немесе Министрліктің Өнеркәсіп комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-14-07 мекенжайы бойынша немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растамасы болып табылады.
      Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға заңды тұлға басшысының қолы қойылуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kaznexinvest.kz, www.mint.gov.kz, www.comprom.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-93-93 (ішкі 1010, 1043, 1044); факс 8 (7172) 79-93-92. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 252 қаулысымен  
бекітілген     

«Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерге
ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және желделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) заңды тұлға үшiн – заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      2) төлеген шығындары оларды өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыра тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, олардың көшірмелері;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы жұмыстарға/қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;
      4) экспортты жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (экспорттық келісімшарт, валюталық түсімнің түскені туралы банк анықтамасы);
      5) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін – тауардың шығу тегін растайтын құжаттарының көшірмелері;
      6) маркетингтік зерттеулердің жүргізілуіне байланысты құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ сыртқы нарықтарға шығу жөніндегі іс-шаралар жоспары.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығының ғимараты, 211/212 бөлме мекенжайы бойынша немесе Министрліктің Өнеркәсіп комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-14-07 мекенжайы бойынша немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растамасы болып табылады.
      Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға заңды тұлға басшысының қолы қойылуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kaznexinvest.kz, www.mint.gov.kz, www.comprom.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-93-93 (ішкі 1010, 1043, 1044); факс 8 (7172) 79-93-92. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 252 қаулысымен  
бекітілген     

«Экспортты басқару саласында, оның ішінде шетелде экспортқа
бағытталған өнім өндірісі саласында жұмыс істейтін
қызметкерлерді, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік
сарапшы-консультанттарды шақыра отырып, оқыту бойынша
қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Экспортты басқару саласында, оның ішінде шетелде экспортқа бағытталған өнім өндірісі саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыра отырып, оқыту бойынша қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экспортты басқару саласында, оның ішінде шетелде экспортқа бағытталған өнім өндірісі саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыра отырып, оқыту бойынша қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және желделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) заңды тұлға үшiн – заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      2) төлеген шығындары оларды өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыра тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, олардың көшірмелері;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы жұмыстарға/қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;
      4) экспортты жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (экспорттық келісімшарт, валюталық түсімнің түскені туралы банк анықтамасы);
      5) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін – тауардың шығу тегін растайтын құжаттарының көшірмелері;
      6) оқудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығының ғимараты, 211/212 бөлме мекенжайы бойынша немесе Министрліктің Өнеркәсіп комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-14-07 мекенжайы бойынша немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растамасы болып табылады.
      Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға заңды тұлға басшысының қолы қойылуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kaznexinvest.kz, www.mint.gov.kz, www.comprom.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-93-93 (ішкі 1010, 1043, 1044); факс 8 (7172) 79-93-92. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 252 қаулысымен  
бекітілген     

«Франшиза тартуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Франшиза тартуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – франшиза тартуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және желделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) заңды тұлға үшiн – заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      2) төлеген шығындары оларды өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыра тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, олардың көшірмелері;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы жұмыстарға/ қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;
      4) экспортты жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (экспорттық келісімшарт, валюталық түсімнің түскені туралы банк анықтамасы);
      5) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін – тауардың шығу тегін растайтын құжаттарының көшірмелері;
      6) франчайзер таңбасымен жұмыс істеуге арналған лицензияның көшірмесі.

«Шетелге экспорттау мақсатында тауар белгілерін тіркеумен
және өнімді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді
өткізуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Шетелге экспорттау мақсатында тауар белгілерін тіркеумен және өнімді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шетелге экспорттау мақсатында тауар белгілерін тіркеумен және өнімді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және желделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) заңды тұлға үшiн – заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      2) төлеген шығындары оларды өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыра тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, олардың көшірмелері;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы жұмыстарға/ қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;
      4) экспортты жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (экспорттық келісімшарт, валюталық түсімнің түскені туралы банк анықтамасы);
      5) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін – тауардың шығу тегін растайтын құжаттарының көшірмелері;
      6) тіркеу құжаттарының көшірмелері.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығының ғимараты, 211/212 бөлме мекенжайы бойынша немесе Министрліктің Өнеркәсіп комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-14-07 мекенжайы бойынша немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растамасы болып табылады.
      Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға заңды тұлға басшысының қолы қойылуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kaznexinvest.kz, www.mint.gov.kz, www.comprom.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-93-93 (ішкі 1010, 1043, 1044); факс 8 (7172) 79-93-92. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 252 қаулысымен   
бекітілген     

«Экспорттаушыларды сервистік қолдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) бір жыл ішінде тұрақты негізде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экспорттаушыларды сервистік қолдау.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға(бұдан әрі – қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және желделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжат экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсетуге еркін нысандағы жазбаша өтініш болып табылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығының ғимараты, 211/212 бөлме мекенжайы бойынша немесе Министрліктің Өнеркәсіп комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-14-07 мекенжайы бойынша немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растамасы болып табылады.
      Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға заңды тұлға басшысының қолы қойылуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kaznexinvest.kz, www.mint.gov.kz, www.comprom.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-93-93 (ішкі 1010, 1043, 1044); факс 8 (7172) 79-93-92. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 252 қаулысымен  
бекітілген     

«Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының
қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне
сараптамалық баға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге топтамасын тапсырған сәттен бастап – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушыларға қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық бағалау қорытындысының көшірмесі.
      7. Мемлекеттік қызмет «Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысуға өтініш берген заңды тұлғалар – кәсіпкерлік субъектілеріне ғана (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және желделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
      2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысуға өтінім;
      3) осы стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба паспорты;
      4) еркін нысанда жасалған жоба бойынша таныстыру слайды;
      5) консалтингтік компания әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспары немесе консалтингтік компанияның сараптамалық бағасымен көрсетілетін қызметті алушы өзі әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспары;
      6) кәсіпкерлік субъектісі міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсететін банктің(тердің) қол қойылған және мөрі бар анықтамалар түпнұсқасы;
      7) тиісті салық органынан салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      8) акционерлік қоғамдар үшін соңғы қаржылық жылға (көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін ұсынған жағдайда, соңғы қаржылық жыл алдындағы қаржылық жылғы аудитор қорытындысының көшірмесі қоса берілуі мүмкін) аудиторлық қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар аудитордың қорытындысының көшірмесі (лицензия көшірмесі қоса беріледі);
      9) заңды тұлғаның құқықтық қабілетін растайтын құжат көшірмелері (жарғы, өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлік немесе анықтама), статистикалық карточка (болған кезде), лицензия және (немесе) патент, куәлік, сертификат, көрсетілетін қызметті алушының тауаларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға құқығын растайтын басқа да құжаттар (болған кезде жаңа жобалар үшін);
      «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.
      Құжаттар топтамасы қағаз және электрондық жетккізгіштерде: мәтіндік құжаттар Word-форматты файлдарда, есептері бар кестелер Excel-форматты файлдарда ұсынылады.
      Құжаттар топтамасы бір папкаға жиналуы тиіс.
      Инвестициялық жобаның кешенді жоспары нөмірленуі, түптелуі, тігілуі, тігілген және нөмірленген парақ сандары жөнінде жазба жасалған қағаз пломбамен бекітілуі, сондай-ақ оған көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының мөртаңбасының бедері бар қолы қойылуы тиіс. Қол мен мөртаңбасының бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжат парағына қойылуы тиіс. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын консалтингтік компания әзірлеген жағдайда, инвестициялық жобаның кешенді жоспарына консалтингтік компанияның басшысы кешендік жоспардың титул парағына мөртаңбасының бедері бар қолын қояды. Көрсетілетін қызметті алушы инвестициялық жобаның кешенді жоспарының түпнұсқасымен бірге оның бірінші басшының қолымен және көрсетілетін қызметті алушының мөртаңбасы бедерімен куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс.
      Инвестициялық жобаны қарауға берілетін өтінішке көрсетілетін қызметті алушының атынан құжаттарға қол қою өкілеттігі бар адам қол қоюы тиіс. Құжаттарға сенімхат арқылы қол қойылған жағдайда, соңғысы құжаттарға қоса берілуі тиіс.
      Жобаның көрсетілетін қызметті алушысы барлық бастапқы деректердің нақтылығы мен дұрыстығына, сондай-ақ ұсынылған құжаттарда көрсетілген барлық есептердің дәлдігі мен негізділігіне жауап береді.
      Инвестициялық жобаның кешенді жоспары Министрлік бекіткен Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесіне сәйкес әзірленеді.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығының ғимараты, 211/212 бөлме мекенжайы бойынша немесе Министрліктің Өнеркәсіп комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-14-07 мекенжайы бойынша немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растамасы болып табылады.
      Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға заңды тұлға басшысының қолы қойылуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kidi.kz, www.productivity.kz, www.mint.gov.kz, www.comprom.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-64-72, 79-64-91, 79-64-59; факс 8 (7172) 79-64-79. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Инвестициялық жобаның     
«Өнімділік 2020» бағдарламасының 
қатысушысына қойылатын      
критерийлерге сәйкестігіне    
сараптамалық баға беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша            

Кәсіпкерлік субъектісінің
САУАЛНАМАСЫ

____________________________________________________________________
                    (кәсіпорынның толық атауы)
____________________________________________________________________
Заңды мекенжайы: ___________________________________________________
                  (индексі, облысы, ауданы, елді мекені, көшесі)
Бірінші басшы (Т.А.Ә., лауазымы, почталық мекенжайы және жұмыс
телефонының нөмірі): ______________________________________________
Құрылған жылы: ____________________________________________________
Сала: _____________________________________________________________
Қызметтің негізгі түрі (ЭҚТЖ кодын көрсете отырып): _______________
Шығарылатын өнім номенклатурасы (КО СЭҚТН кодын көрсете отырып) ___
Кәсіпорын қызметкерлерінің саны: __________________________________
Кәсіпорынның белгіленген қуаттылығы: ______________________________
Қуаттардың жүктемелілігі (%): _____________________________________
Өндірістік жабдықтың тозуы (%): ___________________________________
Ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ долл./адам).:
___________________________________________________________________
Ағымдағы энергия тұтыну (кВт.сағ./теңге): _________________________
Жоба мемлекеттік және/немесе салалық бағдарламалар қатысушысы болып
табыла(ды) ма (болып табылса, қандайда екендігін көрсетіңіз):
____________________________________________________________________
Бағдарлама шеңберінде қандай мемлекеттік қолдау құралын пайдалану
жоспарлануда (қажеттісін белгілеңіз
инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған
сараптама жүргізу үшін төлем;
ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну;
мыналарға:
инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыруға;
жоғары білікті және шетел мамандарын тартуға;
консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға;
басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық
гранттарды ұсыну.
Сауалнаманы толтырған байланысатын адам (Т.А.Ә., лауазымы, телефоны,
e-mail): _________________________________
Сауалнаманы толтырған күні ____________
Қолы _______________

«Инвестициялық жобаның     
«Өнімділік 2020» бағдарламасының
қатысушысына қойылатын     
критерийлерге сәйкестігіне   
сараптамалық баға беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша             

«Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысуға
ӨТІНІМ
және мемлекеттік қолдау шараларын алу
_______________________________________________________________ (ұйым атауы)

      «Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар  топтамасымен өтінімді қабылдауды сұраймын:
      1) сауалнама;
      2) жоба паспорты;
      3) жоба бойынша слайд-презентация;
      4) инвестициялық жобаның кешенді жоспары;
      5) кәсіпкерлік субъектісіне қызмет көрсететін банктен (терден) кәсіпкерлік субъектісінің міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;
      6) тиісті салық органынан салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;
      7) соңғы қаржылық жылға аудитор қорытындысының көшірмесі (акционерлік қоғамдар үшін);
      8) құқық белгілейтін құжаттар көшірмелері;
      9) қоршаған ортаға ықпал етуді алдын ала бағалауға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы («ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралын алу кезінде).
      Жобаның атауы: _________________________________________
      Жобаның мазмұны, мерзімдері мен құнының негіздемесі қоса берілген құжаттарда келтірілген. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.
      Қосымша ___ парақта:

_______________________________________       ____________________
(өтініш берушінің атынан құжаттарға қол             қолы/тегі/
қою өкілеттігі берілген адамның лауазымы)
(М.О.)

Инвестициялық жобаның     
«Өнімділік 2020» бағдарламасының
қатысушысына қойылатын     
критерийлерге сәйкестігіне   
сараптамалық баға беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
3-қосымша             

ЖОБАНЫҢ ПАСПОРТЫ
(жобаға өтініш беруші толтырады)

      1. Кәсіпорынның толық атауы.
      2. Кәсіпорын басшысы (Т.А.Ә., лауазымы).
      3. Жоба жетекшісі (Т.А.Ә., лауазымы).
      4. Ағымдағы өндіріс сипаттамасы.
      5. Кәсіпорынның белгіленген қуаты.
      6. Қуаттардың ағымдағы жүктемелілігі (%).
      7. Өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (%).
      8. Ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ долл./адам).
      9. Өндірістің ағымдағы энергия тұтынуы/энергия сыйымдылығы (кВт.сағ./теңге).
      10. Жобаның атауы. Жобаның және оның жаңашылдығын, бірегейлігін, бәсекелік артықшылықтарын және өзгесін қамтитын мақсаттарының қысқаша сипаттамасы. Өнімнің қысқаша сипаттамасы, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
      11. Жобаны іске асыру орны.
      12. Жобаның жалпы құны, мың теңге. Жобаның жалпы сомасынан меншікті қаражаттың үлесі, %. Жобаның негізгі ортақ инвесторлары және олардың қатысу көлемі.
      13. Жобаны іске асыру мерзімі (ай).
      14. Өнімді өткізу нарығы.
      15. Күтіліп отырған еңбек өнімділігінің (мың теңге/адам және мың АҚШ долл./адам) және энергия тиімділігінің ұлғаюы (кВт.сағ/теңге).

_______________________________________    ____________________
(өтініш берушінің атынан құжаттарға қол         қолы/тегі/
қою өкілеттігі берілген адамның лауазымы)
(М.О.)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 252 қаулысымен   
бекітілген      

«Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу үшін жұмсалған шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу үшін шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтініш пен құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін – 16 (он алты) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу үшін шығындардың бір бөлігін төлеу.
      7. Мемлекеттік қызмет «Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысушы заңды тұлғаларға – кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және желделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымның мөрі бар бірінші басшының қолы қойылған банк деректемелерін көрсете отырып, қаражатты аударуға өтініш;
      2) инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу үшін қатысушы мен консалтингтік компания арасында жасалған шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
      3) инвестициялық жобаның кешендік жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтер актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
      4) инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның түпнұсқасы;
      5) инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмасының түпнұсқасы.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығының ғимараты, 211/212 бөлме мекенжайы бойынша немесе Министрліктің Өнеркәсіп комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-14-07 мекенжайы бойынша немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинеті, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растамасы болып табылады.
      Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға заңды тұлға басшысының қолы қойылуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kidi.kz, www.productivity.kz, www.mint.gov.kz, www.comprom.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-64-72, 79-64-91, 79-64-59; факс 8 (7172) 79-64-79. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде
инвестициялық жобаның кешенді      
жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама
жүргізу үшін жұмсалған шығындардың бір
бөлігін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына           
қосымша               

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ
_______________________________________
(мемлекеттік қызметін көрсетілетін қызметті
алушысының толық атауы)       

Мекенжайы ___________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы,
көшесі, үй №, телефоны)    

Көрсететін қызметті алушының деректемелері _____________________
(ЗТ/ДК мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік №, БСН, ЖСН)    

Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған
сараптама жасау шығындарын өтеуге арналған
ӨТІНІШ

      Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге (сараптама жүргізуге) ақшалай қаражат аударуыңызды сұраймын.
      Қосымша: ___ парақта.
      инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізуге өтініш беруші мен консалтингтік компания арасында жасалған шарттың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі (__ парақ);
      инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтер актісінің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі (__ парақ);
      инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы сомасына шот-фактура түпнұсқасы (__ парақ);
      инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмасының түпнұсқасы (__ парақ).

Басшы ______________________________
(қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты)
мөр