РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығын қараңыз.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ 239 қаулысымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын
мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – млмлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған құжаттарды қабылдау Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртіб
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
2) көрсетілетін қызметті алушының деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезiнде – бiр жылға дейiн;
3) мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезiнде – үш жылдан кем емес (екi вегетациялық кезең);
4) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – құнды шаруашылық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға рұқсат беру туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзіліміне сортты енгiзу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшiрмесi не Мемкомиссияның сортты одан әрi сынақтан алу негiздемесi бар қағаз тасығыштағы қорытындысы.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетiстiктi пайдалануға жіберуге өтiнiш, екі данада;
2) көрсетілетін қызметті алушының деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынауды және бағалауды өткiзу кезiнде – топырақ-климаттық параметрлері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жағдайларына ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сортын сынаудың оң нәтижелерін растайтын құжаттама;
3) селекциялық жетістікті шаруашылықта пайдалылығы тұрғысынан мемлекеттік сынауға беру туралы Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді (ғылыми ұйымдар үшін) бір данада;
4) селекциялық жетістік сауалнамасы, екі данада (тиісті дақылдарға сәйкес);
5) тиісті тек және түріне арналған нысан бойынша селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;
6) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктердің және шаруашылықта пайдалану сатысында жақсы дамыған өсімдіктің сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар ақ фонда түсірілген суреттері (сурет өлшемі 9 х 12 немесе 13х18);
7) сортқа/буданға технологиялық анықтама;
8) өтінім беруге құқықты растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);
9) генетикалық түрлендірілген объектілердің (жүгері, дәнді бұршақ, майлы, көкөніс дақылдары бойынша) қамтылуына жүргізілген сараптама нәтижелері;
10) тұқым үлгiлерi.
Мемкомиссия кеңсесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға:
1) құжаттардың қабылданған күнi мен нөмiрiн;
2) сұратылатын мемлекеттiк көрсетілетін қызмет түрiн;
3) құжаттардың саны мен атауларын;
4) мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу күнiн (уақытын);
5) құжаттарды қабылдаған Мемкомиссияның жауапты адамының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) көрсете отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде Мемкомиссия көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі ай ішінде құжаттар топтамасына алдын ала сараптама жүргізеді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемкомиссияның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану, шағым:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не 010000, Астана қаласы, Оң жақ жағалау, Кенесары көшесі, 36, 301-кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 55-57-63 бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша интернет-ресурста орналасқан көрсетілетін қызметті беруші басшысының блогына;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемкомиссия кеңсесіне өтініш беру арқылы не 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, 17 В блогы, 309-кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 50-26-10 бойынша Мемкомиссия төрағасының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе жазбаша хабарламалардың не басқа құжаттардың көшірмелерімен бірге Мемкомиссияның кеңсесінде қабылданады.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағым берілген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің және Мемкомиссия кеңсесінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу және қарау журналында тіркеледі.
Мемкомиссияның кеңсесіне шағымды тапсырған кезде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген
өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.minagri.gov.kz;
2) Мемкомиссияның www.goscomsort.kz. интернет-ресурсында орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылы министрлігінің Ауыл шаруашылығы
дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
(010000, Астана қаласы, Орынбор көш., 8, 17 В блогы)
Өтiнiм нөмiрi
Тiркелген күнi
Селекциялық жетістікті пайдалануға жіберуге өтініш
Өтiнiш берушi(лер) Автор(лар) (егер автор(лар) өтiнiш берушi(лер) болып табылмаса
Мендегi (бiздегi) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ
Мен (бiз) бiрiншi өтiнiмде берiлген материал осы сортты бiлдiретiнiн және осы өтiнiмге сәйкес екендiгiн мәлiмдеймiн(мiз) ________________________________________ |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 14 наурыздағым
№ 239 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 305 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 472-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8 тармағы
3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 84 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 252-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1386 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3 тармағы.