"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 199 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығын қараңыз.


      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451-құжат) 1-тармағының 5) тармақшасы;
      2) «Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 305 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 472-құжат) 8-тармағының 2) тармақшасы.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                            С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 199 қаулысымен 
бекітілген     

«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетiледi.  

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап – жиырма жұмыс күнінен аспайды;
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      2) порталда – көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұрау салған кезден бастап – жиырма жұмыс күнінен аспайды.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аттестаттау туралы куәлікті беру болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушіге куәлікті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, аттестаттау туралы куәлік электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды.
      7. Мемлекеттiк қызмет тегін көрсетiледi.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) порталда (құжаттарды қабылдау бөлігінде) – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі (тұқым өткізушілер ұсынбайды);
      жеке немесе заңды тұлғалардың талаптарға сәйкестігін растайтын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 234 және 5-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанындағы құжаттар.
      Көрсетілетін қызметті алушыға:
      құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
      сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      2) порталда:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      мыналардың электрондық көшірмелері:
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
      жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының (тұқым өткізушілер ұсынбайды);
      жеке немесе заңды тұлғалардың талаптарға сәйкестігін растайтын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 234 және 5-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанындағы құжаттардың.
      Өтініштің бланкісін Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде алуға болады.
      Порталда лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама орналастырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсетуді көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген не қызметті дұрыс көрсетпеген жағдайда, шағым тиісті әкімнің атына көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне көрсетiлетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің тиісті интернет-ресурсында орналасқан әкімнің блогына өтініш беру жолымен беріледі.
      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің лауазымды адамдарынан тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
      Шағым онда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды адамның атына беріледі.
      Шағымда көрсетілген қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым берген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері және талаптары көрсетіледі.
      Порталдың жұмысы дұрыс атқарылмаса шағым мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы беріледі.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануына болады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не қосымша ақпарат алу үшін орынға барып тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен артық емес мерзімге ұзартады.
      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адамға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілген қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
      13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдарына олардың көрсетілетін қызметті берушіге жеке келу мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілетін қызмет алушының нотариалды куәландырылған сенімхатын ұсыну кезінде өкіліне ұсынылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделеді.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің және Министрлiктің www.minаgri.kz интернет-ресурсында орналасқан.
      16. Көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жүгінген кезде ЭЦҚ болуы талап етіледі.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке жүгінген кезде алуға болады.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi
және үшiншi көбейтілген тұқым   
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi
аттестаттау» мемлекеттiк     
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша            

Нысан

_____________________________________________________________________
(облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
              атқарушы органының атауы көрсетiледi)

_____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты,
                  әкесiнiң аты көрсетіледі)

Өтініш

      Аттестаттаудан өткiзудi және __________________________________
_____________________________________________________________________
   (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны көрсетiледi
_____________________________________________________________________
      (бiрегей тұқым өндiрушiлерге сорттардың саны көрсетiлмейдi))
_____________________________________________________________________
тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн - тұқым сату ғана)
______________________________________________ мәртебесiн берудi
(берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiрi көрсетiледi))

сұраймын.

Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер:
      1. Меншiк нысаны _____________________________________________
      2. Құрылған жылы _____________________________________________
      3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы
куәлiк немесе анықтама немесе жеке тұлғаның жеке куәлiгi
_____________________________________________________________________
            (нөмiрi, кiм және қашан бергені көрсетіледі)
      4. Мекенжайы: _________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексi, қаласы, ауданы, облысы, көшесi, үйдiң нөмірi, телефоны,
_____________________________________________________________________
                       факсы, электрондық мекенжайы)
      5. Басшы ______________________________________________________
                          (тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетіледі)
      6. Банк деректемелерi _________________________________________
                  (жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғаның БСН,
_____________________________________________________________________
                   есеп-шот №, банктiң атауы және орналасқан жерi)
      7. Қоса берiлiп отырған құжаттар: _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Басшы __________________________________    ____________
         (тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетіледі)       (қолы)

      Мөр орны 20 ___ жылғы «___» ___________

      Өтiнiш қарауға 20 ___ жылғы «__» ___________ қабылданды
___________________________________________________________________
(өтiнiштi қабылдаған жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi
және үшiншi көбейтілген тұқым   
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi
аттестаттау» мемлекеттiк     
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша            

Бірегей тұқым өндірушілерді аттестаттау жөніндегі
мәліметтер нысаны

1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты,
әкесiнiң аты (бар болса) ____________________________________________
2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі ____________
3. Телефоны _________________________________________________________
4. Электрондық пошта ________________________________________________
5. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаты _____________________
1) Жерге акті (құжаттың нөмірі) _____________________________________
2) Жерге актінің берілген күні ______________________________________
6. Жер учаскесін жалға беру шарты

Р/с

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

Жалға беру мерзімі

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы

Жер учаскесінің ауданы (га)

Жерлердің санаты

Нысаналы тағайындалуы

Пайдалануға және ауыртпалыққа шектеу қою

Жер учаскесінің бөлінуі

Жоспар шекарасындағы жат жер учаскелері

7

8

9

10

11

12

      7. Тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың болуы туралы мәліметтер.

Р/с

Маманның Т.А.Ә.

Бiлiмi бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi

1

2

3

4

5

      8. Бірегей тұқымдарды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндіруді жүргізу үшін егістік алаңының (суармалы жерлерде – сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы.
      9. Бірегей тұқым өндіру жүргізілетін, ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған және кемінде бір айналымнан өткен, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы.
      10. Жалпы егіс алаңының кемінде 30 пайызы тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы.
      11. Бірегей тұқым өндірісі (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша кемінде 6 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
      12. Нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы.
      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған бірегей тұқым өндірушінің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқым өндірушінің аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде де болмауы тиіс:

Р/с

Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының Т.А.Ә.

Шығарылатын қорытынды

1

2

3

4

5

      14. Дақыл жөнінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар кемінде бір маман-селекционердің болуы немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бірегей тұқым өндірісі бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыруға шарттың болуы:

Р/с

Шарт нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      15. Кемінде бір агроном-тұқымшының және әр дақыл бойынша маманның, сондай-ақ дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстың ерекше әдістерін меңгерген техникалық персоналдың кемінде үш адамының болуы.
      16. Дақыл мен сорттың биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін схемаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқым өндірісін қамтамасыз ету.
      17. Кейіннен элиталық тұқым өндірісін қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті ассортиментте және көлемде сорттың тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің көшетін өндірушілер үшін аналық екпе ағаштардың) болуы.
      18. Мынадай:
      1) бастапқы буындардың негізін қалау үшін – 100 пайыз;
      2) суперэлита үшін – 50 пайыз қажеттілікте тұқым сақтандыру қорларының болуы.
      19. Бiрегей тұқым өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi түрлерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының болуы.
      20. Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы.
      21. Бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, іріктеу, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар), егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, бірегей тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдарды есепке алу журналы (ол нөмірленуге, тігілуге және оған қолы қойылуға тиіс), тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдардың аттестаты) есеп жүргізу.
      22. Сортты шығару әдісін, шыққан тегінің нысандары, сорт белгілерінің ерекше сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсететін сорт жөніндегі құжаттаманы жүргізу.
      23. Тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының алты жыл бойы сақталуын қамтамасыз ету.

«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi
және үшiншi көбейтілген тұқым   
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi
аттестаттау» мемлекеттiк     
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша            

Элиталық тұқым өндірушілерді аттестаттау жөніндегі
мәліметтер нысаны

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________
      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі ______
      3. Телефоны ___________________________________________________
      4. Электрондық пошта __________________________________________
      5. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаты:
      6. Жерге акті (құжаттың нөмірі) _______________________________
      7. Жерге актінің берілген күні ________________________________
      8. Жер учаскесін жалға беру шарты:

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

Жалға беру мерзімі

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы

Жер учаскесінің ауданы (га)

Жерлердің санаты

Нысаналы тағайындалуы

Пайдалануға және ауыртпалыққа шектеу қою

Жер учаскесінің бөлінуі

Жоспар шекарасындағы жат жер учаскелері

7

8

9

10

11

12

      9. Тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Маманның Т.А.Ә.

Бiлiмi бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi

1

2

3

4

5

      10. Элиталы тұқым өндіру жүргізілетін және кемінде бір ротациядан өткен ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы.
      11. Нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы.
      12. Жалпы егіс алаңының кемінде 25 пайызы тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы.
      13. Соңғы үш жылдағы өнімділіктің орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болуы.
      14. Тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесі төрт жылдан кем болмауы.
      15. Жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз етудің 25 пайыздан кем болмауы.
      16. Тұқым шаруашылығы жүргізілетін егілетін дақылдардың саны 4-тен көп болмауы.
      17. Аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны 3-тен көп болмауы.
      18. Суперэлиталық тұқымды егуге қажетті тұқымның сақтандыру қоры - 50 пайыз болуы.
      19. Дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы.
      20. Аудандастырылғандар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы.
      21. Тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізу және есепке алуды ұйымдастыру.
      22. Элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының (бірегей тұқым) аудандастырылған және перспективті сорттарының болуы.
      23. Аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жыл мерзімге элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушімен жасалған шарттың болуы:

Р/с

Шарт нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      24. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен элиталық тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы:

Р/с

Шарт нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      25. Элиталық тұқымның жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз етуге арналған меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы.
      26. Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы.
      27. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаттары, тұқымдардың конденциялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізу.
      28. Тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыру.
      29. Жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы.
      30. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы тиіс:

Р/с

Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының Т.А.Ә.

Шығарылатын қорытынды

1

2

3

4

5

      31. Элиталық тұқымдарды өндiруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндiрудi жүргiзу үшiн егiстiк алаңның (суармалы жерлерде – сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiктiң) болуы тиіс.

«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi
және үшiншi көбейтілген тұқым   
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi
аттестаттау» мемлекеттiк     
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша            

Тұқым өсіру шаруашылықтарын аттестаттау жөніндегі
мәліметтер нысаны

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты,
әкесiнiң аты (бар болса) ____________________________________________
      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі ______
      3. Телефоны ___________________________________________________
      4. Электрондық пошта __________________________________________
      5. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаты:
      6. Жерге акті (құжаттың нөмірі) _______________________________
      7. Жерге актінің берілген күні ________________________________
      8. Жер учаскесін жалға беру шарты:

Р/с

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

Жалға беру мерзімі

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы

Жер учаскесінің ауданы (га)

Жерлердің санаты

Нысаналы тағайындалуы

Пайдалануға және ауыртпалыққа шектеу қою

Жер учаскесінің бөлінуі

Жоспар шекарасындағы жат жер учаскелері

7

8

9

10

11

12

      9. Тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың болуы туралы мәліметтер:

Р/с

Маманның Т.А.Ә.

Бiлiмi бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi

1

2

3

4

5

      10. Тұқым шаруашылығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
      11. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес олардың өндірісін жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы.
      12. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес енгізілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы.
      13. Жалпы егіс алаңының кемінде 20 пайызы тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы.
      14. Тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақылдардың саны - 3-тен аспайды.
      15. Аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әрбір дақыл бойынша сорттардың саны - 3-тен аспайды.
      16. Аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде үш жыл мерзімге бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өсіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы:

Р/с

Шарт нөмірі

Күні

Тұқым жеткізушінің толық атауы

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      17. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалармен бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы:

Р/с

Шарт нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      18. Нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру агротехнологиясын сақтау.
      19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған тұқым өсіру шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы:

Р/с

Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының Т.А.Ә.

Шығарылатын қорытынды

1

2

3

4

5

      20. Кемінде бір агроном-тұқымшының болуы.
      21. Дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы.
      22. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы.
      23. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының болуы.
      24. Бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқымдардың жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi барлық жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлеуге арналған техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы.
      25. Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы.
      26. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаты, тұқымдардың куәлігі, тұқымдардың конденциялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол нөмірлеуге, тігуге, қолы қоюға тиіс) есеп жүргізу.
      27. Тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының үш жыл сақталуын қамтамасыз ету.

«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi
және үшiншi көбейтілген тұқым   
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi
аттестаттау» мемлекеттiк     
көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша            

Тұқым өткізушілерді аттестаттау жөніндегі
мәліметтер нысаны

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты,
әкесiнiң аты (бар болса) ____________________________________________
      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі ______
      3. Телефоны ___________________________________________________
      4. Электрондық пошта __________________________________________
      5. Жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы:

Р/с

Маманның Т.А.Ә.

Бiлiмi бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi

1

2

3

4

5

      6. Кейіннен сату үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы тұқым өндірушілермен (тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда тұқым жеткізушілермен) жыл сайын жасалатын шарттың болуы:

Р/с

Шарт нөмірі

Күні

Тұқым жеткізушінің толық атауы

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      7. Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы.
      8. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын сақтау, тазалау және өткiзу жөнiндегi барлық жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк құқығындағы немесе лизингке немесе мүлiктiк жалға алынған не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған техниканың болуы.
      9. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымының әр партиясы бойынша саны мен сапасының, өткізілетін тұқымның шыққан тегінің, тұқымды құжаттандырудың есебін, тұқымдарды есепке алу журналын жүргізу, нөмірленген және тігілген болуға тиіс.
      10. Тұқымдарды сақтау және өткізу материалдарының кемінде үш жыл бойы сақталуын қамтамасыз ету.
      11. Қазақстан Республикасы қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан кезде «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес патент иесі (лицензиар) тұқым өткізушіге (лицензиатқа) селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың болуы:

Р/с

Лицензиялық шарттың нөмірі

Күні

1

2

3

      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған карантиндік объектілердің болмауы:

Р/с

Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының Т.А.Ә.

Шығарылатын қорытынды

1

2

3

4

5