Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Субъектілерге жаңа үлгідегі таңбаларды беруді салық органы жүзеге асырады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды ескі үлгідегі таңбалары бар субъектілер және салық органдары жаңа үлгідегі таңбалар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның қатысуымен жоюға тиіс.»;
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның құрамына салық органдарының бірінші басшылары, салық органының таңбалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері міндетті түрде енгізілуге тиіс.
26. Ескі үлгідегі таңбалардың іс жүзінде жойылғаны туралы осы Ережеге 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жойылған есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы, нөмірлерін диапазоны, түрі мен саны, ескі үлгідегі акциздік таңбалардың түрі мен саны көрсетілетін ескі үлгідегі таңбаларды жою актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Жою актісінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ салық органының және субъектінің мөрлерімен расталады.
Актінің бір данасы салық органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 188 қаулысына
қосымша
Шарап материалы мен сыраны
қоспағанда, алкоголь өнімін есепке
алу-бақылау таңбаларымен және темекі
бұйымдарын акциздік таңбалармен
таңбалау (қайта таңбалау) ережесіне
1-қосымша
Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын жою
актісі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №
1349 қаулысына сәйкес біз, мынадай құрамдағы комиссия:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
саны:
_______________________________________ данадағы ескі үлгідегі есепке
алу-бақылау таңбаларын, оның ішінде:
______________________________________________________________ данада
(сериясы және нөмірінің диапазондары, саны жазумен)
Комиссия төрағасы:
1) __________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Комиссия мүшелері:
2) __________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
3) __________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Ұйымның өкілі: ______________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мөр орны Мөр орны