Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2015 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 108 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 6-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын республикалық бюджеттен субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттік субсидиялардың мөлшерін белгілеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға;
4) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
5) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері;
6) Орталықтың филиалдары – Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
7) міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 25-бабының 2-1-тармағына сәйкес қосымша белгіленген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларды мемлекеттік қолдаудың нысаны;
8) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi – жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыстар түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;
9) электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
10) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;
11) орталықтандырылған деректер қоры (бұдан әрі – ОДҚ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда төлемдердің түрлерін жүзеге асыруға арналған Орталықтың орталықтандырылған деректер қоры.
3. Бюджеттік субсидиялардың мөлшерін электрондық белгілеу кезіндегі уәкілетті орган мен Орталықтың өзара электрондық іс-қимылы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларының
мөлшерін белгілеу тәртібі
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың пайдасына ай сайын бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысы мөлшерінен есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:
СУБ = ОАТ * 10% / 100% – БКәт * 10% / 100%, мұндағы:
СУБ – міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері;
ОАТ – бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табысының орташа айлық мөлшері. ОАТ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 23-2-бабына сәйкес айқындалады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу Заңның 15-бабына сәйкес жүргізіледі.
БКәт – Заңның 23-2-бабына сәйкес айқындалатын Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшері.
6. Республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнің мөлшерін қайта есептеген жағдайда ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері қайта есептеуге жатады және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес айқындалады.
7. Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күнінен бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін жүргізіледі.
8. Егер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асатын болса, міндетті зейнетақы жарналарын республикалық бюджеттен субсидиялау жүргізілмейді.
9. Орталықтың бөлімшесі Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау туралы шешімді бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшерін есептейді, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасымен бірге істің электрондық макетін қалыптастырады және оларды Орталықтың филиалына жібереді.
10. Орталықтың филиалы міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін олар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептің және міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макеті ресімделуінің дұрыстығын тексереді, содан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.
11. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы Орталық бөлімшесінің маманы мен бастығының, Орталық филиалының маманы мен басшысының ЭЦҚ арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді.
12. Уәкілетті орган міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін олар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
13. Орталықтың қызметкері жіберген қателер анықталған жағдайда, уәкілетті орган міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін қателерді жою үшін Орталықтың бөлімшесіне қайта ресімдеуге қайтару себебін көрсете отырып қайтарады.
Орталықтың бөлімшесі міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар істің электрондық макеті түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықталған қателерді жояды және міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы істің электрондық шешім жобасы бар электрондық макетті қайталап қалыптастырады.
14. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім басқарма (бөлім) маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің нөмірі мен күні автоматты режимде беріледі.
15. Осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы хабарлама міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Орталықтың бөлімшесіне автоматты режимде жіберіледі.
16. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы хабарлама алушыға Орталықтың бөлімшесіне өзі өтініш білдірген кезде беріледі.
17. Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем Заңның 23-2-бабына сәйкес, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын агент аударған кезде тоқтатылған жағдайда қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау тоқтатылады.
Бұл ретте, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару мұндай тоқтатуға негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
3. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару
тәртібі
18. Орталық бөлімшесінің маманы уәкілетті орган қабылдаған міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы шешімдердің негізінде субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін істердің электрондық макеттерін ОДҚ-ға қоюды жүзеге асырады.
19. Тегі, аты немесе әкесінің аты, туған күні өзгерген жағдайда бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушы Орталықтың бөлімшесіне осы өзгерістер туралы өтінішті тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен қоса береді.
Бұл жағдайда Орталық бөлімшесінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы шешім жобасын дайындауы және уәкілетті органның оны белгілеу туралы шешім жобасын бекітуі осы Қағидалардың 9–13-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
20. Бюджеттік субсидиялар мөлшерін белгілеу туралы алынған шешімдердің, сондай-ақ төлем кестесінің негізінде Орталық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға бюджет қаражатының қажеттілігін ай сайын қалыптастырады және төлеу айының алдындағы айдың 25-күніне қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсынады.
Төлейтін айға қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған сомалар одан кейінгі айларға қосылуға тиіс.
Бұл ретте, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару тиісті кезеңді (ай(лар) және жыл) көрсете отырып жүзеге асырылады.
21. Министрлік тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жібереді.
22. Министрлік міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есептік кезеңге көзделген сомалар шегінде Орталыққа бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.
23. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға арналған бюджеттiк қаражатты алысымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын кейіннен Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының дербес зейнетақы шотына есептеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
24. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін белгілеу және аудару кезінде жіберілген қателіктер табылған жағдайда, Орталықтың филиалы қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған өтінімді электрондық түрде Орталыққа жібереді.
25. Орталық қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімді бес жұмыс күні ішінде ресімдейді. Өтінімде: салымшының (бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, қайтаруға жататын міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларының мөлшері және қайтару себебі көрсетіледі.
26. Қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған өтінім ақпаратты тасымалдаудың автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электрондық түрде жіберіледі.
27. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электрондық түрде Орталықтан қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға өтінімді алысымен, оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа қайтаруды жүзеге асырады.
28. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды Орталықтың қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына іс жүзінде енгізілген номиналды сомасы бойынша Орталықтың банктік шотына жеке тұлғалардың тізімдерін қоса беріп, төлем тапсырмасымен жүргізеді.
4. Өтпелі ережелер
29. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушы болып табылатын адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін жүзеге асырылады.
30. 2014 жылғы 1 қаңтарға бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемге құқығы бар, бірақ әлеуметтік төлем тағайындауға 2014 жылғы 1 қаңтардан кейін өтініш білдірген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
нысан
Коды ________________________
Облыс (қала) ________________
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының
мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы
__________________________ облысы (қаласы) бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің
20__ ж. «___» _________ № ___________ шешімі
1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы
6-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының ай
сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері 20__ ж. «___» _______________
бастап 20__ ж. «___» __________ қоса алғанда ________________________
________________________________________ теңге сомасында белгіленсін.
(сомасы цифрлармен және жазбаша)
Тегі __________________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты __________________________________________________
ЖСН ___________________________________________________________
Туған күні ____________________________________________________
(күні, айы, жылы)
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты
табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем тағайындауға
өтініш берілген күн 20__ ж. «___» _______________
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты
табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем тағайындалған
күн 20__ ж. «___» ___________
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген
орташа айлық табыстың мөлшері ________ ж. бастап _________ ж. қоса
алғанда _____________ теңге (_______________________________________)
(сомасы жазбаша)
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты
табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнің
тағайындалған мөлшері ________ ж. бастап _________ ж. қоса алғанда
_____________ теңге (_______________________________________________)
(сомасы жазбаша)
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты
табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын
міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері ________ ж. бастап _________
ж. қоса алғанда _____________ теңге (_______________________________)
(сомасы жазбаша)
2. ____________________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________ себебі бойынша міндетті
зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшерін
белгілеуден бас тартылсын.
Департамент директоры _______________________________________ (Т.А.Ә)
Басқарма (бөлім) басшысы ____________________________________ (Т.А.Ә)
Маман _______________________________________________________ (Т.А.Ә)
Шешімнің жобасын дайындаған:
Орталық филиалының директоры ________________________________ (Т.А.Ә)
Орталық филиалының маманы ___________________________________ (Т.А.Ә)
Орталық бөлімшесінің бастығы ________________________________ (Т.А.Ә)
Орталық бөлімшесінің маманы _________________________________ (Т.А.Ә)
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
нысан
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік
субсидияcының мөлшерін белгілеу туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. «___» ____________
Азамат ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Туған күні ______ ж. «___» ____________
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының
мөлшерін белгілеу туралы 20__ ж. «___» ______________ № _______ шешім
Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік
субсидиясының мөлшері 20__ ж. бастап ________________________________
(__________________________________________________) теңгені құрайды.
(сомасы цифрлармен және жазбаша)
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және (Т.А.Ә.)
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
нысан
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік
субсидиясының мөлшерін белгілеуден бас тарту туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. «___» ____________
Азамат ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Туған күні ______ ж. «___» ____________
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының
мөлшерін белгілеуден бас тартылды: __________________________________
_____________________________________________________________________
(негіздеме: себептері көрсетілсін)
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және (Т.А.Ә.)