Республикалық маңызы бар Тауынсор мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының аумағын азайту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 91 қаулысы

Қолданыстағы

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық маңызы бар Тауынсор мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының аумағы 3350 гектарға азайтылсын.
      2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінде:
      «Қостанай облысы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 67-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

67

Тауынсор мемлекеттiк табиғи (зоологиялық) қаумалы

31650

Қамысты ауданы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

                                                                   ».

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов