Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 584-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасында:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің рұқсат алуға құжаттары түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде толықтығы мен дұрыстығын тексереді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексергеннен кейін газды жағуға рұқсат жобасын қажетті құжаттармен бірге жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдарға келісу үшін жібереді.»;
11-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұңғыманың жекелеген объектілерін сынау жоспарында жер қойнауын пайдаланушы жасаған Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес газ жағу көлемдері және жұмыс түрлері бойынша күндер саны бойынша есептеулер келтіріледі.»;
көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 25-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүдделі тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) жұмыстарды жүргізудің басталуы жөнінде құзыретті органға мыналарды:
1) теңізде ғылыми зерттеулер жүргізудің сипаты мен мақсаты туралы ақпаратты;
2) теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу жоспарланатын ауданның географиялық координаттарын, көрсетілген аудандарға баратын және кері қайтатын маршруттарды;
3) зерттеу жүргізетін кемелердің алғашқы келетін және түпкілікті кететін болжамды күндері, қатыстырылатын кемелер мен жүзіп жүретін құралдардың түрлері, ғылыми жабдықтарды орналастыру және шығару мерзімдерін қамтитын хабарлама жібереді.»;
8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Хабарламаны алғаннан кейін құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде оны жер қойнауын зерттеу және пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарға жібереді.
9. Теңіздегі ғылыми зерттеулер тапсырыс беруші (теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырушы тұлға) бекітетін жеке жобалар бойынша өткізіледі және нәтижесі қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті органмен келісіледі. Қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті орган жобаны 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 50-бабында белгіленген мерзімдерде қарайды.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу нәтижелері туралы есеп жер қойнауын зерттеу және пайдалану, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті органдарға жолданады.».
3. «Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1452 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 113-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасында:
4-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Құзыретті орган өтінім берушінің өтінішін осы Қағиданың 6-тармағында келтірілген, мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсететін өтінішке қатысты құжаттармен қоса, құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қосылатын Теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Құзыретті орган өтінішті алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде оларды қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қорғаныс және мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарға жібереді, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз құрылысын көрсетілген географиялық координаталарының ауданында салудың немесе орналастырудың мүмкіндігін немесе мүмкін еместігін келіседі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Құзыретті орган Қағиданың 8-тармағында көзделген уәкілетті органдардың бірінің теріс жауабы болса, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы дәйексіз мәлiметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайда теңіз құрылыстарын салуға және орналастыруға рұқсат беруден бас тартады.»;
көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. «Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 694 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қарабалин |
- |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрi, төраға |
Мырзағалиев |
- |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрi, төрағаның орынбасары |
Жүнісов |
- |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары |
Хасанов |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi Бас штабы 5-ші басқармасы бастығының орынбасары, 1-рангілі капитан (келісім бойынша) |
Шаханов |
- |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары; |
көрсетілген құрамнан Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Берік Зиябекұлы Толымбаев, Бауыржан Жұмажанұлы Жұмажанов, Оңдасын Елубайұлы Жиенқұлов және Кенжеберген Қабышұлы Әбікеев шығарылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 49 қаулысына
1-қосымша
Ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға
рұқсат беру қағидасына
қосымша
Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат алу
үшін қажетті құжаттардың нысандары
1-нысан
Ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу, кен орнын сынамалы
пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану,
оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында
газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде газды
жағуға рұқсат алуға
өтініш
(қайда) _____________________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
(кімнен) ____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды
тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс
деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
_____________________________________________________________________
(кен орны; ұңғыма нөмірі*; қандай сатыда)
_____________________________________________________________________
(газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі; жылына жағылатын
газдың болжамды көлемі (млн. м3)
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың күні, нөмірі және
қолдану мерзімі)
Ұңғыма туралы деректер:*
№ |
Көлемі, млн. м3 |
Объектінің реттік нөмірі |
Жиегі |
Аралығы |
Объектілер бойынша сынау күндерінің саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
*Ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде газды жағуға
рұқсат алу үшін
Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
…
Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. 20__ ж. «___» _______________________
2-нысан
Кен орнын сынамалы пайдалану кезінде ілеспе және (немесе)
табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат үшін
мәліметтер нысаны
1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және
(немесе) табиғи газды кәдеге жарату немесе өңдеуді дамыту
бағдарламасын бекіту туралы ақпарат:
1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) ______;
2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____;
3) өтінім беру жылына жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері,
млн. м3 ____________________________________________________________;
4) өтінім беру жылына газды өндіру мөлшері, млн. м3 __________.
2. Кен орнын сынамалы пайдалану жобасын бекіту туралы ақпарат:
1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) ______;
2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____;
3) жобалық құжаттың қолданылу мерзімі ________________________.
3. Бекітілген кен орнын сынамалы пайдалану жобасына сәйкес газ
өндірудің жоспарлы көлемі, млн. м3 _________________________________.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мұнай
операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды
жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес кен
орнын сынамалы пайдалану кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды
алау етіп жағу нормативтері мен көлемдерінің есептемесі
____________________________________________________________________.
3-нысан
Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында
газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе)
табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат үшін
мәліметтер нысаны
1. Өткен жылғы өндірілген газ, млн. м3 _______________________.
2. Өткен жылғы жағылған газ, млн. м3 (оның ішінде технологиялық
еріксіз жағу және барлау ұңғымаларын сынау кезінде) ________________.
3. Мұнай өндірудің жоспарланатын мөлшері, мың тонна __________.
4. Газ өндірудің жоспарланатын мөлшері, млн. м3 ______________.
5. Өтінім беру жылына газ жағу мөлшері, млн. м3 ______________.
6. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және
(немесе) табиғи газды кәдеге жарату немесе өңдеуді дамыту
бағдарламасын бекіту туралы:
1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) ______;
2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____;
3) өтінім беру жылына жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері,
млн. м3 ____________________________________________________________;
4) өтінім беру жылына газ өндіру мөлшері, млн. м3 ____________.
7. Газ өндіруді және жағуды есептеу аспаптарының саны мен
олардың орналасуы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
8. Газ өңдеудің және кәдеге жаратудың нақты көлемі туралы
ақпарат:
1) өткен жылғы газ өңдеу мөлшері, млн. м3 ____________________;
2) өткен жылғы газ өңдеу тәсілі _______________________________
____________________________________________________________________;
3) өткен жылғы кәдеге жаратылған газ мөлшері, млн. м3 (көзі
бойынша) ___________________________________________________________;
4) өткен жылғы газды кәдеге жарату тәсілі (көзі бойынша) _____.
9. Газды өндірістік үздіксіз жағу көздері (алаулары) туралы
ақпарат:
1) орналасқан жері ___________________________________________;
2) биіктігі, метр ____________________________________________;
3) өнімділігі, Нм3 мың/тәулік ________________________________.
10. Кен орнын игеру жобасын бекіту туралы ақпарат:
1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) ______;
2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____;
3) жобалық құжаттың қолданыс мерзімі _________________________.
11. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мұнай
операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды
жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес
технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық
қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық
еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу
нормативтері мен көлемдерінің есептемесі
____________________________________________________________________.
4-нысан
Ілеспе және (немесе) табиғи газды жағуға
рұқсат
Нөмірі: Берілген орны:
Берілген күні:
_____________________________________________________________ берілді
(жер қойнауын пайдаланушының атауы)
_____________________________________________________________________
(кен орны, ұңғыма нөмірі)
_____________________________________________________________________
(газды жағу түрі)
__________________________________________________________ көлемінде,
(жағуға рұқсат етілген газ көлемі)
_____________________________________________________________________
(рұқсаттың әрекет ету мерзімі)
Мемлекеттік уәкілетті органдардың келісуі:
Р/с |
Атауы |
Шығыс нөмірі |
Күні |
1 |
|||
2 |
Басшы (уәкiлеттi тұлға): тегi, аты, әкесiнiң аты
Электрондық-цифрлық қолтаңба
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 49 қаулысына
2-қосымша
Жасанды аралдарды, бөгеттерді,
құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен
байланысты өзге де объектілерді
құру, пайдалану және
қолдану қағидасына
қосымша
Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді
құруға, пайдалануға және қолдануға рұқсат алу үшін қажетті
құжаттар нысандары
1-нысан
Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi
құруға, пайдалануға және қолдануға рұқсат алуға
өтініш
(қайда) _____________________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
(кімнен) ____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды
тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс
деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(теңiз құрылыстарын салу немесе орналастыру бойынша мұнай
операцияларын жүзеге асыру қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жоспарланған теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу
жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың сипаты, мерзімі мен орналасатын
жері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)
Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. 20__ ж. «___» _______________________
2-нысан
Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi
құруға, пайдалануға және қолдануға рұқсат алуға
мәлімет нысаны
1. Теңіз құрылысын салу мақсаты, мәні мен негізі _____________.
2. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз құрылысының
географиялық координаталарының негіздемесі:
1) ендігі ____________________________________________________;
2) ұзақтығы __________________________________________________.
3. Теңіз құрылысын құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде
пайдаланылуы болжанатын кеме және өзге де жүзу құралдары туралы
ақпарат:
1) кеме және өзге де жүзу құралдарының саны __________________;
2) кеме және өзге де жүзу құралдарының атауы _________________.
4. Теңіз құрылысын құруды бастау және аяқтау күні ____________.
5. Теңіз құрылысын пайдалану кезінде қолданылатын байланыс
құралдары (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер)
туралы ақпарат _____________________________________________________.
6. Теңiз құрылысын салу немесе орналастыру кезіндегі
жоспарланған іс-шаралар:
1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе
тұрақты тазарту құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа
да зиянды заттарды қабылдауға арналған құралдар жасауды қоса алғанда,
қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту жөнінде
____________________________________________________________________;
2) теңіз құрылысында авариялық жағдайларды болдырмау және жою
жөнінде ____________________________________________________________;
3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ балықтар және басқа да су
жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару
жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде __________________.
7. Теңіз құрылысын болжамды орналастыру орнының негізгі
гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды,
жіберілетін сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және
(немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі ____________________________.
3-нысан
Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi
құруға, пайдалануға және қолдануға
рұқсат
Нөмірі: Берілген жері:
Берілген күні:
1. __________________________________________________________ берілді
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., заңды тұлғаның атауы)
2. __________________________________________________________________
(теңіз құрылыстары, объектілері аумағының координаталары)
3. __________________________________________________________________
(теңіз құрылыстарын, объектілерін салу мерзімі)
4. __________________________________________________________________
(теңіз құрылыстарын, объектілерін пайдалану шарттары)
Мемлекеттік уәкілетті органдардың келісуі:
___________________ _______________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)