Стратегиялық объектіні иеліктен шығару және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 13 қаулысы

Қолданыстағы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Орал халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жасанды ұшу-қону жолағын мемлекеттік меншікке өтеусіз негізде иеліктен шығаруға мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
      «Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

5.

«Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС қатысу үлесінің 100 %

                                                                   »;

      «Халықаралық әуежайлар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

6.

«Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС-нің мүліктік кешені

                                                                   ».

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов