Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1558 қаулысы

Қолданыстағы

 

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығын қараңыз.


      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1558 қаулысымен    
бекітілген        

«Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
      аттестаттаудан өту қажеттілікке қарай, алайда, тоқсанына бір реттен сиретпей жүзеге асырылады;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетілуін күтудің ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз нысанында.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) аттестаттау не аттестаттамау туралы шешімі. Комиссияның шешімі қағаз нысанында беріледі.
      Комиссияның аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы шешімі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей беріледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімді өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін:
      1) өтінішті;
      2) жоғары заң білімі туралы дипломының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
      3) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны;
      4) еңбек кітапшасының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
      5) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілген қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы;
      6) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде қабылданған күні, уақыты, құжатты қабылдап алушының тегі, аты әкесінің аты көрсетіле отырып, талон беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттардың толықтығын қамтамасыз етеді.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайға не Министрлік басшысының атына мына мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021 және (немесе) № 925 кабинеттер, сондай-ақ 8 (7172) 74-07-68, 74-07-97 телефондары арқылы беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не қолма-қол түрде көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қабылданады.
      Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні), жасалған шағымға берілген жауапты алу мерзімі мен орны болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қолдану үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Министрлікке келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгіну құқығына ие.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып,
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-07-49, 24-12-91. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай-байланыс орталығы: 1414.

«Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша            

Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерді
аттестаттау туралы шешімі

____________ қаласы                       20__ жылғы «___» __________

Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша
_____________________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.)

тестілеу бойынша _______________________________________________ балл
емтихан билеті бойынша _________________________________ балл жинады.

Мына құрамдағы Комиссия:

Төраға

Мүшелері

мынадай шешім шығарды:
_____________________________________________________ аттестатталсын.
                     (Т.А.Ә.)

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

«Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымша            

Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерді аттестаттамау туралы шешімі

____________ қаласы                    20__ жылғы «___» _____________

Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша
_____________________________________________________________________
                               (Т.А.Ә.)

тестілеу бойынша _______________________________________________ балл
емтихан билеті бойынша _________________________________ балл жинады.

Мына құрамдағы Комиссия:

Төраға

Мүшелері

мынадай шешім шығарды:
_________________________________ аттестаттаудан өтпеді деп саналсын.
           (Т.А.Ә.)

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1558 қаулысымен     
бекітілген        

«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап:
      лицензия берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетілуін күтудің ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
      Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым:
      1) лицензия беру кезінде лицензиялық алым 6 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды;
      3) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен аспайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімді өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі қажетті құжаттар тізбесін:
      тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар:
      1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын;
      3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны;
      5) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын ұсынады.
      Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің жанындағы біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын;
      3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) судья қызметіне біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын анықтаманың (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
      5) сотта тағылымдамадан өткені және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірі туралы құжаттың (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
      6) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны;
      7) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын ұсынады.
      Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар - «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1)2)3)9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын;
      3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын ұсынады.
      Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар – теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын;
      3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) прокуратура және тергеу органдарындағы жұмыс өтілін растайтын және атқаратын қызметінен босатылу себептері қамтылған еңбек кітапшасының немесе өзге құжатының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
      5) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны;
      6) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын ұсынады.
      Лицензияны қайта ресімдеу жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
      Қайта ресімдеу туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы жеке куәлігін ауыстырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      3) лицензияның түпнұсқасын (лицензия бүлінген жағдайда, қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін қызметті берушіге бұрын берілген лицензияны қағаз тасығышта қайтарады);
      4) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын ұсынады.
      Егер лицензия қағаз тасығышта берілген болса, көрсетілетін қызметті алушы телнұсқасын алмай-ақ, өтініш бойынша оны электрондық форматқа көшіруге құқылы.
      Лицензияның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады:
      1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтінішті;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      3) лицензияның түпнұсқасын (лицензия бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге бұрын берілген лицензияны қағаз тасығышта қайтарады);
      4) мерзімді баспасөз басылымдарында лицензияның жоғалғаны туралы жарияланымды растайтын құжатты;
      5) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын ұсына отырып жүгінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Порталда:
      лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар – тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар:
      көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды:
      1) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты, (не түбіртек электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі);
      2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын;
      3) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта тағылымдамадан өткені туралы қорытынды (электрондық сұрау салуға электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі);
      4) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын (электрондық сұрау салуға электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі) ұсынады.
      Электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар мәліметтерін қызмет алушы портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қызмет берушінің ЭЦҚ-мен расталған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында өз бетінше алады.
      Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар қызмет берушіге:
      1) лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы бюджетке төленгені туралы ақпаратты (немесе түбіртек электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі);
      2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын;
      3) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта тағылымдамадан өткені туралы қорытынды тағылымдамадан өткені туралы қорытынды (электрондық сұрау салуға электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі);
      4) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын анықтаманы (электрондық сұрау салуға электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі);
      5) сотта тағылымдамадан өткені және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірі туралы құжатты (электрондық сұрау салуға электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі);
      6) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын (электрондық сұрау салуға электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі) ұсынады.
      Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар – «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының 1)2)3)9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар:
      1) лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы бюджетке төленгені туралы ақпаратты (немесе түбіртек электрондық көшірмесі түрінде қоса тіркеледі);
      2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын;
      3) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын (электрондық сұрау салуға электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі) ұсынады.
      Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар – теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар:
      1) лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы бюджетке төленгені туралы ақпаратты (немесе түбіртек электрондық көшірме түрінде тіркеледі);
      2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын;
      3) прокуратура және тергеу органдарындағы жұмыс өтілін растайтын және атқаратын қызметінен босатылу себептері қамтылған еңбек кітапшасын немесе басқа құжатын (электрондық сұрау салуға электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі);
      4) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (электрондық сұрау салуға электрондық көшірме түрінде тіркеледі);
      5) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын (электрондық сұрау салуға электрондық көшірме түрінде тіркеледі) ұсынады.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ұсынады:
      1) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;
      2) лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы бюджетке төленгені туралы ақпаратты, (немесе түбіртек электрондық көшірме түрінде тіркеледі);
      3) тегін, атын және әкесінің атын ауыстырғанын растайтын куәліктің көшірмесін (электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі);
      4) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын (электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі) ұсынады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қызмет берушінің ЭЦҚ-мен расталған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында өз бетінше алады.
      Лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы бюджетке төленгені туралы ақпаратты (немесе түбіртек электрондық көшірме түрінде тіркеледі);
      2) лицензияның түпнұсқасын (лицензия бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге бұрын берілген лицензияны қағаз тасығышта қайтарады);
      4) мерзімді баспасөз басылымдарында лицензияның жоғалғаны туралы жарияланымды растайтын құжатты (электрондық көшірме түрінде тіркеледі);
      5) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын (электрондық көшірме түрінде тіркеледі) ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, лицензия, соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші порталдағы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында өз бетінше алады.
      Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып тіркелгендігі туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мемлекеттік қызмет нәтижесін алу мерзімі көрсетіле отырып мәртебесі көрініс табады.
      10. Қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
      1) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысқан;
      2) көрсетілетін қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;
      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі бар болған;
      5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуына сот тыйым салған жағдайларда бас тартылады.

3. Көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) қызмет көрсету
мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021 және (немесе) № 925 кабинеттер, сондай-ақ 8 (7172) 74-07-68, 74-07-97 телефондары арқылы беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не қолма-қол түрде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылданады.
      Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні шағымға берілген жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қолдану үшін қызмет берушінің басшысына жолданады.
      Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызмет алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілген қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинеті» арқылы ала алады, ол көрсетілген қызметті алушының өтінішті өңдеуі барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарастыру туралы немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап).
      Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығына ие.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып,
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-07-49, 24-12-91, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Адвокаттық қызметпен айналысуға     
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына           
1-қосымша               

Жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға
өтініші

_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін(-лерін) қағаз тасығышта
көрсету)

жүзеге асыру үшін лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді
сұраймын
_____________________________________________________________________
(Лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда, Х белгісі
қойылсын) ___________________________________________________________
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы __________________________________
                               (пошталық индексі, облыс, қала, аудан,
                   елдімекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
_____________________________________________________________________
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондар __________________________________________________________
Факсы _______________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
                  (шот нөмірі, банктің атауы мен тұрған жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(-лары) ______________________________
                                   (пошталық индексі, облысы, қаласы,
                            ауданы, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/
                          ғимараттың (стационарлық үй-жайының) нөмірі
Қосымша ____________ парақта
Барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және
оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жолдауға
болатыны; сот өтініш берушінің қызметтің лицензияланатын түрімен және
(немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салғаны; барлық қосымша
құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және шындық болып табылатыны
расталады.
Жеке тұлға __________________________________________________________
                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
    Мөр орны (бар болса)

Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _______________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы «___» ____________
_____________________________
           (қолы)

«Адвокаттық қызметпен айналысуға     
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына           
2-қосымша               

Мәліметтер нысаны
адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

      барлық адамдар үшін толтырылады
      1. Диплом туралы мәліметтер
      1) жоғары оқу орнының атауы ___________________________________
      2) мамандық атауы _____________________________________________
      3) мамандық шифрі _____________________________________________
      4) дипломның нөмірі ___________________________________________
      5) дипломның берілген күні ____________________________________
      2. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды
      1) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні _______
      2) облыс ______________________________________________________
      3) тағылымдама жетекшісі ______________________________________
      4) тағылымдаманың басталған күні ______________________________
      5) тағылымдаманың аяқталған күні ______________________________
      тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін
      3. Комиссияның аттестаттау туралы шешімі
      Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды
аттестациялау туралы шешімі
      1) қала _______________________________________________________
      2) өткізілген күні ____________________________________________
      3) қарастыру мәртебесі ________________________________________
      «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25
желтоқсандағы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1),
2), 3)9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша
судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар үшін
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (бұдан әрі –
Жарлық) туралы мәліметтер
      1) Жарлықтың нөмірі ___________________________________________
      2) Судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған
күні ________________________________________________________________
      3) Жарлықтың нөмірі ___________________________________________
      4) Судья лауазымынан босату туралы жарлықтың қабылданған күні
_____________________________________________________________________