"Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1532 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
      2021 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Кесте техникалық байқау операторларының тiзiлiміне енгізу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қызмет өңірі шегінде жергілікті атқарушы органға келiсуге ұсынылады.
      Кестені кейіннен жергілікті атқарушы органға келісуге ұсынуды техникалық байқау операторы жыл сайын қызмет өңірі шегінде көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды өткізу басталғанға дейін, күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
      21. Жергілікті атқарушы орган келісуге ұсынылған кестенi түскен күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
      22. Кестенi жергілікті атқарушы органмен келiскен күнінен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде техникалық байқау операторы қызмет өңiрiндегі халықты кесте туралы хабардар етеді.»;
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiкке техникалық байқау операторының басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген тұлға қол қояды.»;
      636466-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «63. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуi бойынша ақпараты күн сайын онлайн режимiнде мiндеттi техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.
      64. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың ұтқыр желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуi бойынша ақпараты күнтiзбелiк екi күнде бiр рет мiндеттi техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.
      66. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiктер бланкiлерiнiң нөмiрлiк есебi жүргiзiледi.»;
      68 және 69-тармақтар алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1532 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 13 мамырдағы
№ 523 қаулысымен   
бекітілген      

Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті
техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі

      1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу техникалық байқау орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:
      1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан асатын;
      2) әрбір 24 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейін;
      3) әрбір 36 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылға дейін.
      2. Адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ жүк автомобильдері меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.
      3. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған автокөлік құралдары меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.
      4. Жүк автомобильдері және оларға тіркемелер меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір 12 ай сайын өтеді.
      5. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі 123 және 4-тармақтарда көрсетілген кезеңділікке сәйкес бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.