Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1522 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі
комиссияның құрамы

Ахметов
Серік Нығметұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары

Құлыбаев
Тимур Асқарұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Рау
Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші
вице-министрі, хатшы

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Әбдіқалықова
Гүлшара Наушақызы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жәмішев
Болат Бидахметұлы

-

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі

Жұмағалиев
Асқар Қуанышұлы

-

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

Қарабалин
Ұзақбай Сүлейменұлы

-

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі

Қаппаров
Нұрлан Жамбылұлы

-

Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі

Мамытбеков
Асылжан Сарыбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Сәрінжіпов
Аслан Бәкенұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Қуандықов
Болатбек Баянұлы

-

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы

Мұсабаев
Талғат Амангелдіұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

Оспанов
Мұрат Мағауияұлы

-

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

Смайылов
Әліхан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы

Пішембаев
Мейрам Құдайбергенұлы

-

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Шөкеев
Өмірзақ Естайұлы

-

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Бишімбаев
Қуандық Уәлиханұлы

-

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Мырзахметов
Абылай Исабекұлы

-

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Мыңбаев
Сауат Мұхаметбайұлы

-

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Школьник
Владимир Сергеевич

-

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы


«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

Арынов
Ерлан Асатайұлы

-

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Боранбаев
Әнуар Болатұлы

-

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Зейнуллин
Әбдікәрім Әбжалелұлы

-

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Мұқанов
Мақсат Нұрдәулетұлы

-

«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

Жұрынов
Мұрат Жұрынұлы

-

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Радостовец
Николай Владимирович

-

«Қазақстанның тауар өндірушілер және экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1522 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі
комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеті, функциялары және құқықтары

      4. Комиссияның негізгі міндеті:
      1) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшін өнеркәсіптің басым секторларын айқындау;
      2) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру;
      3) өңдеуші өнеркәсіп, соның ішінде кластерлік бастама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қойылатын тұжырымдамалық тәсілдер;
      4) аумақтық (өңірлік, өңіраралық) кластерлерді, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
      5. Міндеттерді іске асыру үшін Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлейді;
      2) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
      6. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік органдардың және Комиссия мүшелері болып табылмайтын өзге ұйымдардың лауазымды тұлғаларын Комиссия отырыстарына шақыруға, сондай-ақ оларды тыңдауға;
      3) Комиссия жанынан жұмыс топтарын құруға;
      4) жұмыс топтарына әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыруға;
      5) Комиссияның, жұмыс топтарының жұмыс жоспарларын бекітуге;
      6) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

3. Жұмысты ұйымдастыру

      7. Комиссияны оның қызметiне басшылық ететiн, отырыстарында төрағалық ететiн, жұмысын жоспарлайтын, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын төраға басқарады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады.
      8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi болып табылады.
      9. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      10. Комиссияның жұмыс органы:
      1) күн тәртiбiн қалыптастырады;
      2) Комиссияда қарастыру үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Комиссияның қарауына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар енгiзетiн ұсыныстарды қалыптастырады;
      3) Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын бақылайды.
      11. Комиссия өз қызметiн Комиссияның төрағасы бекiтетiн тоқсан сайынғы жоспарлар негiзiнде жүзеге асырады, оларды мемлекеттiк органдардың ұсыныстары бойынша жұмыс органы жасайды.
      12. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, оның отырыстарын өткiзуге дайындауды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссияның отырыстарынан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.
      13. Комиссияның тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын алған кезде мүдделi мемлекеттiк органдар тоқсан сайынғы жоспарға сәйкес қажетті iс-шараларды уақтылы ұйымдастырады. Отырыс күн тәртiбiнiң мәселелерi бойынша материалдар (мәселе бойынша анықтама, презентациялар, хаттамалық шешiмнiң жобасы, сөйлеушiлер мен қатысушылар тiзiмi) жұмыс органына тоқсан сайынғы жоспарға сәйкес отырыс өткiзiлгенге дейiн кемiнде екi жұмыс күнi бұрын берiлуi тиiс.
      14. Комиссияның отырысы төрағаның өз бастамасы, Комиссия төрағасы орынбасарының бастамасы не Комиссия мүшесiнiң бастамасы бойынша Комиссия қарауына ұсынылатын материалдар негiзiнде шақырылады.
      15. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткiзiледi және, егер мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, отырыс заңды болып саналады. Комиссияның мүшелерi ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      16. Комиссияның шешiмдерi оның отырысына қатысушы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және жүргiзiлген стенограмманың негiзiнде хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төрағалық етушi берген дауыс шешушi болып табылады.
      Комиссия хаттамасының көшiрмелері Комиссияның барлық мүшелерiне, мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жiберiледi.
      17. Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша отырысқа қатысып отырған оның барлық мүшелерi, хатшы қол қоятын хаттамамен ресiмделетiн шешiмдер қабылданады.
      Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
      18. Комиссия мүшелерi хаттама жобасын алған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрілмейтiн мерзiмде оны келiседi және бұрыштама қояды.
      19. Комиссияның алдына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында оның шешiмдерiмен Комиссияның жанынан жұмыс топтары құрылады, олардың құрамы мен мiндеттерi Комиссияның хаттамасымен айқындалады.

5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      20. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiміне сәйкес тоқтатады.