Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1522 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі
комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, хатшы
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы
      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Машина жасау одағы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
      «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстан индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялогиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушыларының одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1522 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі
комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеті, функциялары және құқықтары

      4. Комиссияның негізгі міндеті:
      1) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшін өнеркәсіптің басым секторларын айқындау;
      2) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру;
      3) өңдеуші өнеркәсіп, соның ішінде кластерлік бастама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қойылатын тұжырымдамалық тәсілдер;
      4) аумақтық (өңірлік, өңіраралық) кластерлерді, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
      5. Міндеттерді іске асыру үшін Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлейді;
      2) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
      6. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік органдардың және Комиссия мүшелері болып табылмайтын өзге ұйымдардың лауазымды тұлғаларын Комиссия отырыстарына шақыруға, сондай-ақ оларды тыңдауға;
      3) Комиссия жанынан жұмыс топтарын құруға;
      4) жұмыс топтарына әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыруға;
      5) Комиссияның, жұмыс топтарының жұмыс жоспарларын бекітуге;
      6) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

3. Жұмысты ұйымдастыру

      7. Комиссияны оның қызметiне басшылық ететiн, отырыстарында төрағалық ететiн, жұмысын жоспарлайтын, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын төраға басқарады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      10. Комиссияның жұмыс органы:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;
      2) Комиссияда қарастыру үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Комиссияның қарауына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар енгiзетiн ұсыныстарды қалыптастырады;
      3) Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын бақылайды.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      11. Комиссия өз қызметiн Комиссияның төрағасы бекiтетiн тоқсан сайынғы жоспарлар негiзiнде жүзеге асырады, оларды мемлекеттiк органдардың ұсыныстары бойынша жұмыс органы жасайды.
      12. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      13. Комиссияның тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын алған кезде мүдделi мемлекеттiк органдар тоқсан сайынғы жоспарға сәйкес қажетті iс-шараларды уақтылы ұйымдастырады. Отырыс күн тәртiбiнiң мәселелерi бойынша материалдар (мәселе бойынша анықтама, презентациялар, хаттамалық шешiмнiң жобасы, сөйлеушiлер мен қатысушылар тiзiмi) жұмыс органына тоқсан сайынғы жоспарға сәйкес отырыс өткiзiлгенге дейiн кемiнде екi жұмыс күнi бұрын берiлуi тиiс.
      14. Комиссияның отырысы төрағаның өз бастамасы, Комиссия төрағасы орынбасарының бастамасы не Комиссия мүшесiнiң бастамасы бойынша Комиссия қарауына ұсынылатын материалдар негiзiнде шақырылады.
      15. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткiзiледi және, егер мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, отырыс заңды болып саналады. Комиссияның мүшелерi ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      16. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуға және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
      Комиссия хаттамасының көшірмелері Комиссияның барлық мүшелеріне, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      17. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      19. Комиссияның алдына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында оның шешiмдерiмен Комиссияның жанынан жұмыс топтары құрылады, олардың құрамы мен мiндеттерi Комиссияның хаттамасымен айқындалады.
      19-1. Дауыс беру парақтарымен қоса комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      20. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiміне сәйкес тоқтатады.