Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.02.2016 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығын қараңыз.

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 616-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін бiлiктiлiк талаптарының 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 1 қаңтардан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1514 қаулысымен    
бекітілген        

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті
лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбенің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).