Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 1390 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
      2. Осы қаулы өзгерістер мен толықтырулардың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармағының он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын және өзгерістер мен толықтырулардың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтарын, 3-тармағының жиырма екінші, жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары;
      2) Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін.»;
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жол қозғалысына қатысушылардың:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша еркін, кедергісіз жүруге;
      2) жол органы мен әкімшілік полициясы бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан жолдар бойынша қозғалыстың тоқтатылуының немесе шектелуінің себептері туралы түсіндірме алуға;
      3) жүру шарттары, көрсетілетін қызметтер туралы, жол органының жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;
      4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, оқиға болған жерде, сол сияқты медициналық мекемеге бара жатқан жолда кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде жол органынан, әкімшілік полицияның бөлімшелерінен және қызметі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардан басқа да қажетті дәрігерге дейінгі көмек алуға;
      5) жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көлік құралы және (немесе) жүк зақымданған жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен залалдың өтелуіне;
      6) жол органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Автомобиль жолдарындағы және жол құрылыстарындағы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды байқаған көлік құралдарын жүргізушілер мен азаматтар ақауларды өз күштерімен жою бойынша қолдарынан келетін шаралар қабылдауға немесе ол туралы жол органына немесе әкімшілік полицияның бөлімшесіне дереу хабарлауға тиіс.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда әкімшілік полицияның бөлімшелері берген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордер) болған кезде ғана жол беріледі.
      Автомобиль жолдарын басқарушылар тиісті рұқсатты (ордерді) берген кезде жұмыс жүргізу басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын әкімшілік полицияның бөлімшелерін хабардар етеді.»;
      12-тармақта:
      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жол органымен:»;
      2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әкімшілік полицияның бөлімшелерімен:»;
      12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Жол органы өтініш берілген сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуды келісуді қоспағанда, жеті жұмыс күнінен кешіктірмей келісуді жүргізеді (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады).
      Әкімшілік полицияның бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.»;
      1415 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін, Қазақстан Республикасының аумағында iрi габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      15. Жол органының жұмыс жобасын бұзып жүзеге асырылатын объектілердің құрылысын тоқтатуға құқығы бар.
      16. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінің жерлері жол органының немесе концессионердің иелігінде және пайдалануында болады әрі автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға ғана арналған.
      Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жолақ бөлігінің жол органы немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін:
      1) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
      2) жалпы пайдаланымдағы облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде – облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көліктік-пайдаланылу сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған органы қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Барлық санаттағы жолдар үшін қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтану және сауда пункттері жол органымен келісілгеннен кейін жер төсемінің жиегінен 50 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
      Жол органымен келісілгеннен кейін таяу жердегі автомобильге жанармай құю станциялары барлық санаттар үшін жер төсемінің жиегінен 25 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
      Автомобильге жанармай құю станциясының аумағына кіру және одан шығу, сондай-ақ тамақтану және сауда пункттеріне және басқаларына кіреберіс жолдар көлік пен жүргіншілер қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына жауап беруі тиіс.»;
      23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Жол органынан инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат алу үшін осы жұмыстарды жүргізетін ұйым:»;
      23-3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-3. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан түсетін жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға жол органының келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:»;
      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жол органы өкілінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі нұсқаулары міндетті болып табылады.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Жолдарда орындалған қалпына келтіру жұмыстарын қабылдап алуды жол органы мердігер ұйымның қатысуымен жүзеге асырады және ол екі жақты актімен ресімделеді.»;
      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жол органы мен автомобиль жолдарын басқарушылардың автомобиль жолдарын пайдаланушыларға қатысты құқықтары мен мiндеттерi»;
      27-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Автомобиль жолдарын, көпірлерді, жол өтпелерін, қозғалысты ұйымдастыратын техникалық құралдарды және басқа құрылыстарды басқаруға, ұстауға және жөндеуге жауапты жол органы автомобиль жолдарында көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:»;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «әкімшілік полиция органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізуге, олардың пайда болуына ықпал еткен себептер мен жағдайларға талдау жасауға;»;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «әкімшілік полиция бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тексеруге көмек көрсетуге, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы оған себепші болған жол жағдайлары бойынша болса, қызметтік тексеру жүргізуге;»;
      282930 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Темір жолдар арқылы өткелдерді, сондай-ақ шлагбаумдардың барлық түрлерін автомобиль жолдарымен бір деңгейде ұстауды және өтпелерді күзетуді теміржол дистанциялары немесе тиісті теміржол иелері, ал жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының теміржол арқылы өтуін ұстауды жол органы жүзеге асырады.
      29. Жабын түрлері жетілдірілген негізгі жолдардың жүру бөлігінің ластануын болдырмау үшін олардан түсу және шығу жолдарының барлығы құмайт және құм топырақты жерлерде ұзақтығы кемінде 50 м және басқа топырақты жерлерде кемінде 100 м, ал қиыршықтас төселген жолдарда кемінде 25 м қатты жабын төсеу қажет. Жалпы пайдаланымдағы жолдарды кесіп өтетін және олармен түйісетін, түсу және шығу жолдарында қатты жабын төсеуді олар қарамағына берілген кәсіпорындар, ұйымдар, шаруашылықтар өз қаражаты есебінен, жол органының техникалық бақылауымен жүзеге асырады.
      30. Жолдарды салуды немесе қайта жаңартуды жүргізетін жол органы жолда орналасқан жер учаскелерін мақсатты арналуына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіреді.
      31. Жол органының қызметкерлері жол элементтерін зақымдайтын немесе ластайтын көлік құралдарын не арнайы рұқсаты жоқ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарын автомобиль жолының жүріс бөлігінен заңнамасында белгіленген тәртіппен шығаруды талап етуге құқығы бар.»;
      32-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жол органының, автомобиль жолдарын басқарушылардың немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, әкімшілік полиция бөлімшелерінің тиісті келісімінсіз жөндеу жұмыстары мен басқа жұмыстар жүргізуге;»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Жол органы әкімшілік полициямен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, экстремальды жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдай, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіш қабілетінің жоғалуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде ол туралы жергілікті атқарушы органдарды және тиісті жол белгілерін орната отырып, автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлік құралдарының қозғалысын шектейді немесе тоқтатады.»;
      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Жол конструкцияларының жүк көтеру қабілеті төмендеген немесе олардың бүлінуі қаупі жағдайында жол органы не ол учаскелерде қозғалысты тоқтатады не біліктегі салмағын шектеу белгілерін орнатады. Жүк көтеру қабілетін төмендететін ақауы бар жасанды құрылыстарға автомобильдің массасын немесе біліктегі салмақты шектейтін белгілер қойылады. Бұзылу қаупі төнген жағдайларда қозғалыс тоқтатылады.»;
      38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Жүк көтеру қабілетінің жойылуына байланысты қозғалыс тоқтатылған немесе шектелген жол учаскелерінде шұғыл тасымалдар, тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралының иесі бұзылуын жоюға және жолдың жүк көтеру қабілетін қалпына келтіруге жұмсалған шығынды толық өтеуі шартымен ғана, жол органының және автомобиль жолдарын басқарушылардың рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұлардың қатарына метеорологиялық құбылыстар мен төтенше жағдайлардың зардабын жою үшін қажетті тасымалдар жатпайды.
      39. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалысты шектеу және тоқтату жұмыс жүргізілетін жерлерде қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес жол органымен келісім бойынша жүзеге асырылады.»;
      4445 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімді әкімшілік полиция бөлімшелері қабылдайды.
      45. Жол органы, лауазымды тұлғалар, азаматтар және басқа да автомобиль жолдарын пайдаланушылар осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      46. Жолдың немесе жолдың жолақ бөлігінің шегінде жұмыс жүргізуші ұйымдар мен азаматтар жол органымен келісілген техникалық шарттар мен жұмыс мерзімдерін сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргізу аймағында да, уақытша кіретін және шығатын жерлерде де қозғалыстың қауіпсіздігін сақтамағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.»;
      2) көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жол органы немесе концессионер пайдаланбайтын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі жер учаскелерін жолдың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған органы қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша:»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жол органына немесе жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Қағидаларға қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
      Жол органы немесе жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.»;
      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны жол органында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.»;
      4) көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.12.2016 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына     
1-қосымша        

Қазақстан Республикасының 
аумағында автомобиль жолдарын
пайдалану қағидаларына   
1-қосымша          

Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникация министрлiгiнің        
Автомобиль жолдары комитеті        
____________________________________
(басшының Т.А.Ә.)        
____________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не заңды  
____________________________________
тұлғаның толық атауы)      
____________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН)  
____________________________________
тұлғалардың жеке басын куәландыратын
____________________________________
құжаттардың деректемелері, байланыс
телефоны, мекенжайы)      

ӨТIНIШ

      Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының
арналарымен, байланыс және электр беру желiлерiмен, мұнай
құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен
және басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен
қиылысуына техникалық шартты беруiңiздi сұраймын.
      Жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтiру бойынша жұмыстардың
қаржыландырылуын қамтамасыз етуге мiндеттенемiн.
      Егер жұмыстар елді мекендердің шегінде көзделетін болса:
Жергiлiктi атқарушы органдардан берілген № ____ құжат-рұқсаты.
_____________________________________________________________________
       (күні)               (рұқсатты берген органның атауы)
Күні _______ Алушы __________________________________________________
                  (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты немесе заңды
                      тұлғаның не уәкiлеттi тұлғаның атауы, қолы)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына     
2-қосымша        

Қазақстан Республикасының 
аумағында автомобиль жолдарын
пайдалану қағидаларына  
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы Көлiк және  
коммуникация министрлiгiнің        
Автомобиль жолдары комитетi        
____________________________________
(басшының Т.А.Ә.)        
____________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не заңды  
____________________________________
тұлғаның толық атауы)     
____________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) 
____________________________________
тұлғалардың жеке басын куәландыратын
____________________________________
құжаттардың деректемелерi, байланыс
телефоны, мекенжайы)      

ӨТIНIШ

      Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан
шығатын жерлер мен жүктердi тиеуге және түсiруге арналған алаңдар
орнатуға техникалық шартты берудi сұраймын.
      Автомобиль жолының титулы (атауы) ____________________________,
      Жүргiзiлетiн жұмыс түрi ______________________________________,
      Мекенжайы ____________________________________________________.

Күнi _______ Алушы __________________________________________________
                  (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды
                       тұлғаның не уәкiлеттi тұлғаның атауы, қолы)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына     
3-қосымша        

Жалпы пайдаланымдағы       
автомобиль жолдарының жолақ    
бөлiгiнде сыртқы (көрнекі) жарнаманы
орналастыру қағидаларына     
қосымша             

Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникация министрлiгiнің        
Автомобиль жолдары комитеті        
____________________________________
(жергiлiктi атқарушы органның   
құрылымдық бөлiмшесi)      
____________________________________
(басшының Т.А.Ә.)        
____________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не заңды  
____________________________________
тұлғаның толық атауы)      
____________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН)  
____________________________________
тұлғалардың жеке басын куәландыратын
____________________________________
құжаттардың деректемелерi, байланыс
телефоны, мекенжайы)     

ӨТIНIШ

      Халықаралық және республикалық/облыстық және аудандық маңызы
бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт беруiңiздi сұраймын.

Күнi _______ Алушы __________________________________________________
                  (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты немесе заңды
                       тұлғаның не уәкiлеттi тұлғаның атауы, қолы)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына     
4-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына     
5-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына     
6-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.