РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы өзгерістер мен толықтырулардың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармағының он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын және өзгерістер мен толықтырулардың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтарын, 3-тармағының жиырма екінші, жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары;
2) Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін.»;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жол қозғалысына қатысушылардың:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша еркін, кедергісіз жүруге;
2) жол органы мен әкімшілік полициясы бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан жолдар бойынша қозғалыстың тоқтатылуының немесе шектелуінің себептері туралы түсіндірме алуға;
3) жүру шарттары, көрсетілетін қызметтер туралы, жол органының жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;
4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, оқиға болған жерде, сол сияқты медициналық мекемеге бара жатқан жолда кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде жол органынан, әкімшілік полицияның бөлімшелерінен және қызметі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардан басқа да қажетті дәрігерге дейінгі көмек алуға;
5) жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көлік құралы және (немесе) жүк зақымданған жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен залалдың өтелуіне;
6) жол органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Автомобиль жолдарындағы және жол құрылыстарындағы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды байқаған көлік құралдарын жүргізушілер мен азаматтар ақауларды өз күштерімен жою бойынша қолдарынан келетін шаралар қабылдауға немесе ол туралы жол органына немесе әкімшілік полицияның бөлімшесіне дереу хабарлауға тиіс.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда әкімшілік полицияның бөлімшелері берген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордер) болған кезде ғана жол беріледі.
Автомобиль жолдарын басқарушылар тиісті рұқсатты (ордерді) берген кезде жұмыс жүргізу басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын әкімшілік полицияның бөлімшелерін хабардар етеді.»;
12-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жол органымен:»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әкімшілік полицияның бөлімшелерімен:»;
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1. Жол органы өтініш берілген сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуды келісуді қоспағанда, жеті жұмыс күнінен кешіктірмей келісуді жүргізеді (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады).
Әкімшілік полицияның бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.»;
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін, Қазақстан Республикасының аумағында iрi габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
15. Жол органының жұмыс жобасын бұзып жүзеге асырылатын объектілердің құрылысын тоқтатуға құқығы бар.
16. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінің жерлері жол органының немесе концессионердің иелігінде және пайдалануында болады әрі автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға ғана арналған.
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жолақ бөлігінің жол органы немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін:
1) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпы пайдаланымдағы облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде – облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көліктік-пайдаланылу сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған органы қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Барлық санаттағы жолдар үшін қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтану және сауда пункттері жол органымен келісілгеннен кейін жер төсемінің жиегінен 50 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
Жол органымен келісілгеннен кейін таяу жердегі автомобильге жанармай құю станциялары барлық санаттар үшін жер төсемінің жиегінен 25 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
Автомобильге жанармай құю станциясының аумағына кіру және одан шығу, сондай-ақ тамақтану және сауда пункттеріне және басқаларына кіреберіс жолдар көлік пен жүргіншілер қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына жауап беруі тиіс.»;
23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жол органынан инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат алу үшін осы жұмыстарды жүргізетін ұйым:»;
23-3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-3. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан түсетін жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға жол органының келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:»;
25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жол органы өкілінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі нұсқаулары міндетті болып табылады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Жолдарда орындалған қалпына келтіру жұмыстарын қабылдап алуды жол органы мердігер ұйымның қатысуымен жүзеге асырады және ол екі жақты актімен ресімделеді.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жол органы мен автомобиль жолдарын басқарушылардың автомобиль жолдарын пайдаланушыларға қатысты құқықтары мен мiндеттерi»;
27-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Автомобиль жолдарын, көпірлерді, жол өтпелерін, қозғалысты ұйымдастыратын техникалық құралдарды және басқа құрылыстарды басқаруға, ұстауға және жөндеуге жауапты жол органы автомобиль жолдарында көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік полиция органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізуге, олардың пайда болуына ықпал еткен себептер мен жағдайларға талдау жасауға;»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік полиция бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тексеруге көмек көрсетуге, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы оған себепші болған жол жағдайлары бойынша болса, қызметтік тексеру жүргізуге;»;
28, 29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Темір жолдар арқылы өткелдерді, сондай-ақ шлагбаумдардың барлық түрлерін автомобиль жолдарымен бір деңгейде ұстауды және өтпелерді күзетуді теміржол дистанциялары немесе тиісті теміржол иелері, ал жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының теміржол арқылы өтуін ұстауды жол органы жүзеге асырады.
29. Жабын түрлері жетілдірілген негізгі жолдардың жүру бөлігінің ластануын болдырмау үшін олардан түсу және шығу жолдарының барлығы құмайт және құм топырақты жерлерде ұзақтығы кемінде 50 м және басқа топырақты жерлерде кемінде 100 м, ал қиыршықтас төселген жолдарда кемінде 25 м қатты жабын төсеу қажет. Жалпы пайдаланымдағы жолдарды кесіп өтетін және олармен түйісетін, түсу және шығу жолдарында қатты жабын төсеуді олар қарамағына берілген кәсіпорындар, ұйымдар, шаруашылықтар өз қаражаты есебінен, жол органының техникалық бақылауымен жүзеге асырады.
30. Жолдарды салуды немесе қайта жаңартуды жүргізетін жол органы жолда орналасқан жер учаскелерін мақсатты арналуына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіреді.
31. Жол органының қызметкерлері жол элементтерін зақымдайтын немесе ластайтын көлік құралдарын не арнайы рұқсаты жоқ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарын автомобиль жолының жүріс бөлігінен заңнамасында белгіленген тәртіппен шығаруды талап етуге құқығы бар.»;
32-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жол органының, автомобиль жолдарын басқарушылардың немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, әкімшілік полиция бөлімшелерінің тиісті келісімінсіз жөндеу жұмыстары мен басқа жұмыстар жүргізуге;»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Жол органы әкімшілік полициямен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, экстремальды жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдай, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіш қабілетінің жоғалуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде ол туралы жергілікті атқарушы органдарды және тиісті жол белгілерін орната отырып, автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлік құралдарының қозғалысын шектейді немесе тоқтатады.»;
37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Жол конструкцияларының жүк көтеру қабілеті төмендеген немесе олардың бүлінуі қаупі жағдайында жол органы не ол учаскелерде қозғалысты тоқтатады не біліктегі салмағын шектеу белгілерін орнатады. Жүк көтеру қабілетін төмендететін ақауы бар жасанды құрылыстарға автомобильдің массасын немесе біліктегі салмақты шектейтін белгілер қойылады. Бұзылу қаупі төнген жағдайларда қозғалыс тоқтатылады.»;
38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Жүк көтеру қабілетінің жойылуына байланысты қозғалыс тоқтатылған немесе шектелген жол учаскелерінде шұғыл тасымалдар, тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралының иесі бұзылуын жоюға және жолдың жүк көтеру қабілетін қалпына келтіруге жұмсалған шығынды толық өтеуі шартымен ғана, жол органының және автомобиль жолдарын басқарушылардың рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұлардың қатарына метеорологиялық құбылыстар мен төтенше жағдайлардың зардабын жою үшін қажетті тасымалдар жатпайды.
39. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалысты шектеу және тоқтату жұмыс жүргізілетін жерлерде қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес жол органымен келісім бойынша жүзеге асырылады.»;
44, 45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімді әкімшілік полиция бөлімшелері қабылдайды.
45. Жол органы, лауазымды тұлғалар, азаматтар және басқа да автомобиль жолдарын пайдаланушылар осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
46. Жолдың немесе жолдың жолақ бөлігінің шегінде жұмыс жүргізуші ұйымдар мен азаматтар жол органымен келісілген техникалық шарттар мен жұмыс мерзімдерін сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргізу аймағында да, уақытша кіретін және шығатын жерлерде де қозғалыстың қауіпсіздігін сақтамағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.»;
2) көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жол органы немесе концессионер пайдаланбайтын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі жер учаскелерін жолдың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған органы қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша:»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жол органына немесе жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Қағидаларға қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Жол органы немесе жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны жол органында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.»;
4) көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Бөлiнбейтiн iрi көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 24-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ірi көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi, «Автомобиль жолдары туралы» 2002 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелеріне, Көлiк құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiне, «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік және құқықтық актілерiне сәйкес әзiрлендi.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ереже автокөлік құралының көлемі мен салмағын ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерінен асатын жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін реттейді.»;
3-тармақта:
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ілесіп жүру автомобилі – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына автомобиль жолдарымен ілесіп жүретін, тиісті тану белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің (бұдан әрі – әкімшілік полиция) ақысыз негізде ұсынатын патрульдік автомобилі;
3) бақылаушы органдар – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, әкімшілік полиция және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары);
4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны – iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат;»;
10) тармақша алынып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) отандық және шетелдiк iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен алынатын iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу (бұдан әрі – автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Арнайы рұқсат – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретін параметрлерінен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша артық, жүгi бар немесе жүксiз, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне құқық беретiн рұқсат беру құжаты (бұдан әрі – Арнайы рұқсат);»;
4 және 5-тармақтар алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Арнайы рұқсат пен оның бақылау талоны болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген ең ауыр салмағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін отандық тасымалдаушы:
1) Халыққа қызмет көрсету орталығына;
2) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
3) кеден органдарына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.
Шетелдік тасымалдаушы рейске шыққанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе кеден органдарына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өңіраралық және халықаралық тасымалдау бағытын келісу жүргiзілетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесi автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының шешімімен бекітіледі.»;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және жергілікті атқарушы органдармен тасымалдау бағытын келісу, егер:»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Келісуші ұйым мәлімделген бағытқа келісуді жүргізеді немесе мынадай мерзімдерде:
1) жергілікті тасымалға бір жұмыс күні ішінде;
2) өңіраралық және халықаралық тасымалға үш жұмыс күні ішінде негізді бас тартуды жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында ұсынады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі мүмкін болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшін жол жамылғысын немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргізу талап етілетін болса, келісуші ұйым бұл туралы уәкілетті органды немесе кеден органдарын жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында хабардар етеді және жүрудің басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейін күшейту жұмыстарының қажетті кешенін орындайды.»;
17, 17-1, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Уәкілетті органға өтiнiш түскен кезде оны тіркеу және ондағы мәлiметтердi:
1) ұсынылған ақпараттың толықтығы не нақтылығы;
2) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының техникалық сипаттамаларының сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізіледі.
Арнайы рұқсатты алу үшін өтінішті уәкілетті орган немесе кеден органдары, ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ал осы Ереженің 12-тармағында көзделген тасымалдау маршрутын келісу талап етілмеген жағдайларда, бір жұмыс күні ішінде қарайды.
17-1. Уәкілетті орган немесе кеден органдары осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайларда өтінішті қарау барысында тасымалдаушының өтінішін келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді.
Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда, тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі.
18. Егер өтініште ақпарат толық болмаса және (немесе) нақтылы болмаса, уәкілетті орган немесе кеден органдары өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында өтініш қабылдамағаны туралы хабарлайды.
19. Уәкілетті орган немесе кеден органдары осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi органмен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен немесе Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан, автокөлік құралдарын өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде кеден органдары қозғалыс маршрутын белгілегеннен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде беріледі.
Бұл ретте, Арнайы рұқсатты уәкілетті орган не кеден органдары толтырады және мөрмен куәландырады.»;
28-тармақ алынып тасталсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Ілесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезде oсы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган немесе кеден органдары әкімшілік полицияға Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына ілесіп жүру қажеттілігі туралы тиісті хабарламаны жолдайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның немесе кеден органдарының хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Облыстың, қаланың немесе ауданның әкімшілік полициясы жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды немесе кеден органдарын хабардар етеді.»;
50-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) отандық тасымалдаушы – Халыққа қызмет көрсету орталығына, портал арқылы не кеден органдарына;
2) шетелдік тасымалдаушы – уәкiлетті органға немесе кеден органдарына жүгiнуі тиіс.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ірi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын автокөлік құралдарының техникалық жай-күйіне және жабдықтарына қойылатын қосымша талаптар»;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруін бақылауды уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, кеден органдары Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы өзінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Сызықтық өлшеу жабдығы, соның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары мен автомобильдік таразылар жарамды жай-күйде болуы және олардың метрологиялық тексеруден өткені туралы сертификаты болуы тиіс.»;
70 және 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Егер осы Ереже талаптарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда, тасымалдаушы және (немесе) жүк жөнелтуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал автокөлік құралын одан әрі пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейін тыйым салынады.
71. Осы Ереже бұзылған жағдайда, уәкілетті орган немесе кеден органдары Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және тасымалдау мынадай жағдайларда:
1) автокөлік құралының салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін асыра отырып жол жүру бағыты бойынша әрі қарай жүрген және барлық жол жүру бағыты бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын төлеп, іс жүзінде жүріп өткен жолдың бөлігі үшін келісу жүргізбей осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты тасымалдаушы алғаннан кейін – ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатсыз жүріп өткені анықталған кезде;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтіру үшін автокөлік құралын артық жүктен босатуды жүргізгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралы шыққан кезде және іс жүзінде жүріп өткен бағыттың бір бөлігі үшін автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын тасымалдаушы төлеген жағдайда – Арнайы рұқсат берілместен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде;
3) автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн төленген алымға қосымша осы Ережеде белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және көлемдiк өлшемдердi іс жүзінде көрсете отырып, осы Ережеде белгілеген тәртіппен Арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін автокөлiк құралдарының алымын тасымалдаушы төлегеннен кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы өлшемдерінің бiрi Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кеткені анықталған кезде;
4) тасымалдаушы нақты жүріп өткен бағыт бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасын төлеген және осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүргені анықталған кезде;
5) уәкілетті орган Арнайы рұқсаттағы мерзімді ұзартқаннан кейін – ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатта көрсетілген мерзімдерден ауытқи отырып жүргені анықталған кезде жалғастырылады.
Арнайы рұқсаттағы ұзарту мерзiмі күнтiзбелiк он бес күннен аспауы тиіс;
6) осы Ереженің 29-тармағында көзделген мерзімде әкімшілік полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін – осы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүргені анықталғанда.»;
көрсетілген Ережеге 1, 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 558-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесінде:
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және елдi мекендердің көшелері арқылы мынадай автокөлік құралдарының жүріп өту тәртiбiн белгiлейдi:»
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«өзі аударғыштар (жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін шанағы бар, жүкті өзі түсіретін автомобильдер, тіркеме немесе жартылай тіркемелер).»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Көлік саласындағы уәкілетті органмен шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген рұқсат құжаттарының бланкілерімен тепе-тең алмасу жүргізілмесе, онда олардың берілуі сұрау салу негізінде жүзеге асырылады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Рұқсат құжаттарын алу тасымалдаушыларды Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін көлік құралдары мен жүктерге кедендік құжаттарды кейіннен ресiмдеу мiндетiнен босатпайды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажет рұқсат және басқа да құжаттар (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), инвойс, коносамент немесе тасымалданатын жүкке басқа да коммерциялық құжат) автокөлік құралдарының жүргізушілерінде болуы және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының талап етуі бойынша ұсынылуы тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-тармақтармен толықтырылсын:
«18-1. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өтуі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүруі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе кеден органдарымен Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде (бұдан әрі – кеден органдары) берілетін транзиттік жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
18-2. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүруі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті органмен немесе кеден органдарымен берілетін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік рейстен кері бағытта бара жатқан шетелдік жүк автокөлік құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуге арналған қосымша рұқсат болған кезде ғана рұқсат етіледі.»;
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруге арналған автокөлік құралдарының жол беретін параметрлерінен көлемі, салмағы және (немесе) осьтік жүктемелері бойынша артық, жүгі бар немесе жүксіз, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және шетелдік iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуі рұқсат құжаттың – ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттың (бұдан әрі – арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
28. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi органмен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен немесе Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автокөлік құралдарын өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде кеден органдарымен қозғалыс маршруты белгіленгеннен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін беріледі.
Бұл ретте, Арнайы рұқсатты уәкілетті орган не кеден органдары толтырады және мөрмен куәландырады.»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген барынша салмағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.»;
29-тармақ алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлiгiнің
Автомобиль жолдары комитеті
____________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
____________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не заңды
____________________________________
тұлғаның толық атауы)
____________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН)
____________________________________
тұлғалардың жеке басын куәландыратын
____________________________________
құжаттардың деректемелері, байланыс
телефоны, мекенжайы)
ӨТIНIШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының
арналарымен, байланыс және электр беру желiлерiмен, мұнай
құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен
және басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен
қиылысуына техникалық шартты беруiңiздi сұраймын.
Жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтiру бойынша жұмыстардың
қаржыландырылуын қамтамасыз етуге мiндеттенемiн.
Егер жұмыстар елді мекендердің шегінде көзделетін болса:
Жергiлiктi атқарушы органдардан берілген № ____ құжат-рұқсаты.
_____________________________________________________________________
(күні) (рұқсатты берген органның атауы)
Күні _______ Алушы __________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты немесе заңды
тұлғаның не уәкiлеттi тұлғаның атауы, қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникация министрлiгiнің
Автомобиль жолдары комитетi
____________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
____________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не заңды
____________________________________
тұлғаның толық атауы)
____________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН)
____________________________________
тұлғалардың жеке басын куәландыратын
____________________________________
құжаттардың деректемелерi, байланыс
телефоны, мекенжайы)
ӨТIНIШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан
шығатын жерлер мен жүктердi тиеуге және түсiруге арналған алаңдар
орнатуға техникалық шартты берудi сұраймын.
Автомобиль жолының титулы (атауы) ____________________________,
Жүргiзiлетiн жұмыс түрi ______________________________________,
Мекенжайы ____________________________________________________.
Күнi _______ Алушы __________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды
тұлғаның не уәкiлеттi тұлғаның атауы, қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына
3-қосымша
Жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының жолақ
бөлiгiнде сыртқы (көрнекі) жарнаманы
орналастыру қағидаларына
қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлiгiнің
Автомобиль жолдары комитеті
____________________________________
(жергiлiктi атқарушы органның
құрылымдық бөлiмшесi)
____________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
____________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не заңды
____________________________________
тұлғаның толық атауы)
____________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН)
____________________________________
тұлғалардың жеке басын куәландыратын
____________________________________
құжаттардың деректемелерi, байланыс
телефоны, мекенжайы)
ӨТIНIШ
Халықаралық және республикалық/облыстық және аудандық маңызы
бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт беруiңiздi сұраймын.
Күнi _______ Алушы __________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты немесе заңды
тұлғаның не уәкiлеттi тұлғаның атауы, қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына
4-қосымша
Ірі көлемді және ауыр салмақты
жүктерді Қазақстан Республикасының
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары
бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының
жүріп өтуіне
АРНАЙЫ РҰҚСАТ
№ _________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
автокөлік құралының (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бағыт бойынша өтетін елді мекендердің атауы, жолдың ұзақтығы км-мен)
бағыты бойынша жүруіне
1. Көлік құралының өлшемдері:
автокөлік құралының жалпы салмағы, т |
жүктің салмағы, т |
|
ұзындығы, м |
ені, м |
биіктігi |
дөңгелек осьтерінің орналасу схемасы және олардың ара қашықтығы, м |
жүкпен бұрылудың ең аз мөлшердегі радиусы, м |
осьтер бойынша жүктеме, т
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
2. Ілесіп жүру үшін бөлінген көлік құралдары __________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
3. Жүкті тасымалдаушы ұйымның атауы, мекенжайы мен телефоны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. ____________ сағ. бастап __ сағ. дейін (жылы, айы, күні) ___
км/сағ. аспайтын жылдамдықпен ______ жолдарымен жүруге рұқсат етіледі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
-------------------------- кесу сызығы ------------------------------
АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ
№ __________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі, көлік құралының өлшемі, бағыт
нөмірі, бастапқы және соңғы пункті, жолдың ұзақтығы км-мен)
5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ілесіп жүретін автомобильдердің қозғалыс тәртібін, қозғалысқа басқа
қатысушыларды тасымал туралы хабар ету тәсілін, жүктеме түрін, оның
көпірлерден өткізу тәртібін және т.б. көрсету)
6. Рұқсат берілді _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
7. Жүріп өткені үшін алымдар есебі ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төлем сомасы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жазбаша)
8. Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан
Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
ережесінің негізгі талаптарымен танысқандар:
Негізгі тартқыштың жүргізушісі ________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Жүкті шығарып салушы тұлға ____________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
9. Автокөлік құралын жүкті тасымалдауға жауапты ұйымның
өкілдері тексерді және Жол қозғалысы ережесі мен Ірі көлемді және
ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінің талаптарына
сәйкес келеді
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен
толтырылуы тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).
--------------------------- кесу сызығы -----------------------------
Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне
АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ
№ _________
Жүріп өткен үшін алымдар есебі ______________________________________
_____________________________________________________________________
Төлем сомасы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жазбаша)
Жүргізуші ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, күні)
Рұқсат берген уәкілетті өкіл ________________________________________
_____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына
5-қосымша
Ірі көлемді және ауыр салмақты
жүктерді Қазақстан Республикасының
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының жолдары бойынша жүруiне
№ ___________
АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн алынатын алымның сомасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жазбаша)
Ескерту: осы бақылау талоны ірi көлемдi және ауыр салмақты
көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруіне
арналған тиісті Арнайы рұқсатқа мiндеттi қосымша болып табылады.
теңге
1000000 |
100000 |
10000 |
1000 |
100 |
10 |
1 |
2000000 |
200000 |
20000 |
2000 |
200 |
20 |
2 |
3000000 |
300000 |
30000 |
3000 |
300 |
30 |
3 |
4000000 |
400000 |
40000 |
4000 |
400 |
40 |
4 |
5000000 |
500000 |
50000 |
5000 |
500 |
50 |
5 |
6000000 |
600000 |
60000 |
6000 |
600 |
60 |
6 |
7000000 |
700000 |
70000 |
7000 |
700 |
70 |
7 |
8000000 |
800000 |
80000 |
8000 |
800 |
80 |
8 |
9000000 |
900000 |
90000 |
9000 |
900 |
90 |
9 |
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының жолдары бойынша жүруiне
№ ___________
АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
TYБIPTEГIНЕ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн алынатын алымның сомасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жазбаша)
Арнайы рұқсатты алдым _______________________________________________
_____________________________________________________________________
(тасымалдаушының Т.А.Ә., қолы, күні)
Ескерту: осы бақылау талоны iрі көлемдi және ауыр салмақты
көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруiне
арналған тиiстi арнайы рұқсаттың түбіртегiне мiндеттi қосымша болып
табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысына
6-қосымша
Ірі көлемді және ауыр салмақты
жүктерді Қазақстан Республикасының
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша
___________ облысы (қаласы) бойынша
кедендік/көліктік бақылау органының
басшысына
Iрі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының
жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін
ӨТІНІШ
Тасымалдаушының атауы _______________________________________________
ЖСН/БСН _____________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны _________________________________________________
Автомобильдің маркасы ________ мем. нөмірi __________________________
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы _______ мем. нөмірi ________
Көлік құралының түрі ________________________________________________
Изотермиялық шанақтың болуы _________________________________________
Әуе немесе оған балама аспаның болуы ________________________________
Жүру бағыты _________________________________________________________
Бағыттың жалпы ұзақтығы, км _________________________________________
оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, км ___________________________
Жүргізушінің Т.А.Ә. _________________________________________________
Ілесуші адамның Т.А.Ә. ______________________________________________
Ілесіп жүру түрi ____________________________________________________
Жүктің атауы мен салмағы, т. ________________________________________
АКҚ жүк көтергіштігі ________________________________________________
Жүру күні мен уақыты ________________________________________________
Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі
нақты салмақтық және көлемдік өлшемдері
Өлшемдерi |
Нақты |
Рұқсат етілген |
Асқаны |
||||||
Жол бетінен биіктігі, м |
|||||||||
Ені, м |
|||||||||
Автокөлік құралының ұзындығы, м |
|||||||||
Толық салмағы, т |
|||||||||
Тіркеменің толық салмағы, т |
|||||||||
АКҚ-ның дөңгелектік өрнегi |
1-білік |
2-білік |
3-білік |
4-білік |
5-білік |
6-білік |
7-білік |
8-білік |
9-білік |
Еңістігі |
|||||||||
Біліктердің ара қашықтығы, м |
|||||||||
Білікке нақты жүктеме, т.с. |
|||||||||
Білікке рұқсат етілген жүктеме, т.с. |
|||||||||
Асқаны, % |
Автокөлік құралының ең кіші бұрылу радиусы __________________________
Қосымша деректер ____________________________________________________
________________________________________________ ________________
(тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.) (М.О. қолы)
Өтініштің берілген күнi _____________________________________________
Келісуші органның шешімi ____________________________________________
________________________________________________ ________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (М.О. қолы)
Келісуші органның шешімi ____________________________________________
________________________________________________ ________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (М.О. қолы)